«Арал Теңізі» ҚБ 20-30 қараша
аралығында атқарылған жұмыстар туралы
Мәлімет.
Балық шаруашылығы.
Балықшылар бригадтары күзгі балық аулау маусымын абыржы ( теңіздегі мұздың толық қатпаған жағдайы) болуына байланысты тоқтатты.
Қоғамның жұмысы.
Даниялық балық маманы Кнуд Андерсен жоба барысындағы өзінің 1 ай жұмысын аяқтады. Жұмыс барысында даниялық өкіл қоғамның білім беру бөлігінің бағдарламасымен жұмыс жасады. Қараша айының 16 жұлдызында «Арал теңізі» ҚБ қолдауымен балық тасымалдауға арналған жаңа әйнек пластикалық қайық Үшшоқы елді мекенінде сәтті тексеруден өткізілді.
Қарашаның 23 жұлдызында аудандық әкімшілік ғимаратында облыс әкімінің қатысуымен балық шаруашылығын кәзіргі жағдайы туралы үлкейтілген жиналыс өткізілді. Жиналысқа облыс ауылшаруашылық департаментінің өкілдері, аудандағы балық өңдеу орталықтарының жетекшілері, қоғамдық ұйымдар, балықшы кооперативтер, бригадтар және де табиғат тұтынушылар өкілдері қатысты. Жиналысқа қоғам президенті Прекеев Б., қоғамның басқарма мүшесі А Батимова қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Қарашаның 27 жұлдызында Арал қаласына ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ұ.Қараманов жылдық есебімен келді. Жиналыста қоғамның вице-президенті Ә.Қаратұпов балық шаруашылығы, яғни балық аулауға арналған тендер шарттарына үкімет тарапынан жеңілдіктер еңгізуге ықпал жасауын өтінді.
БАҚ құралдарыменен жұмыс – «Сыр бойы» газетінің № 239, 22 қараша 06 «Жапон гранты Аралға» атты мақала шығарылды. Мақалада жалпы Сырдарья өзенінің арнасын реттеуіне байланысты іс-шаралар суреттелді.
Достарыңызбен бөлісу: |