Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
№75 мектеп-гимназиясы
Қалалық ғылыми - практикалық конференция
Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі- білім сапасының басты ресурстары
Бастауыш сынып мұғалімі: Досмырзаева Роза
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі- білім сапасының басты сапа ресурстары
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі- білім сапасының басты сапа
ресурстары
-
Кәсіби іс әрекетте табысқа жетуге факторлары
-
Ықыласты мотивтендіруге;
-
Адамның жұмыс істеу қабілетіне
-
Оқыту философиясына;
-
Тұлға белсенділігіне
-
Қойылған мақсатқа ұмтылушылыққа
-
Индивидтің психологиялық жағдайына
-
Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерінің ескерілуіне;
-
Ұжымда психологиялық жағдайдың болуына
-
Оқыту әдістемесіне жаңаша идеялардың пайдалануына
-
Оқытудың және тәрбиелеудің нәтижелігіне
-
Кәсіби ортаның болуына
Мақсаттардың маңыздысы мыналар:
-
Білім беру қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі деңгейін көтеру үшін қолайлы жағдай жасау;
-
Білім беру жүйесі тұрақты түрде өсіп отырған талаптарды ескере отырып лауазымдылық міндеттерді атқарудағы даярлық деңгейіндегі кемшіліктерді жою жолында педагогтарға теориялық және тәжірибелік көмек көрсету.
Негізгі бағыттары мына төмендегідей болып белгіленген:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жүзеге асыру;
Білім беру қызметкерлеріне мемлекеттік стандарттарды, жаңа оқу жоспарларын, бағдарламалар, оқулықтар, жаңа педагогикалық психологияларды игеруге, психологиялық-педагогикалық ғылым мен озық педагогикалықтәжірибеге қол жеткізуге, сондай-ақ білім берудегі жаңашыл үрдістерді қолдап-қуаттауға көмек көрсету;
Жалпы дамытушылық блок мынадай бағыттардан тұрады:
Педагогтердің жалпы және кәсіби мәдениетін көтеру;
Психологиялық-педагогикалық әзірлік;
Компьютерлік жалпы оқу.
Арнаулы мамандандрылған блокқа енетіндер:
Негізгі тұжырымдаманы оқып үйрену, пәнді өткізудің теориясы мен әдістемесі, білім мазмұнының жаңаруы;
Қазіргі заманғы білімдік технологияларды меңгеру.
Cабақтың тақырыбы:
Малдың төлін сүюі (Жуан айтылатын сөздер)
Сабақтың мақсаты. Білімділігі:
Малдың төлін сүюі туралы жуан айтылатын сөздер туралы түсінік беру.
Дамытушылығы:
Ойлау, есте сақтау, сауатты жазу, шығармашылық қабілетттерін дамыту.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Типі:
Жаңа материалды түсіндіру
Түрі. Интерактивті тақта.
Әдісі Түсіндіру, сұрақ –жауап, ой қозғау стратегиясы, Семантикалық карта, ізденушілік, ойыншықтар дүкені. Суреттер, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасын сұрау.
“Бөрте лақ” өлеңді жатқа айту. “Ешкі” мәтінді мазмұнын әңгімелеп айтқызу.
Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту
Үй жануарларының төлдері
39- жаттығу.
Өзіндік жұмыс.
1.Сөйлемді мәнерлеп оқыңдар.
Ауылдардың қойы бар,
Қойы бардың тоны бар.
2.Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай естіледі? Жуан ба, жіңішке ме?
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: қозы, лақ, құлын, бұзау.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
Көзге елестету:
Көктем мезгілі. Күн жылынды. Қар еріп, өзенде су ағып жатыр. Өзенннен өту үшін көпір орналасқан. Бір кезде екі лақ көпірдің үстінде кездесті. Сен жол бер, жоқ сен жол бер деп ерегеседі. Сол кезде екеуі де суға құлап түсті.
40 –жаттығу. Өлеңді оқыңдар.
Ешкі маған түбітін береді, -
Қолғап кидім.
Қой маған жүнін береді, -
Қалпақ кидім.
Ой қозғау
Сендердің апаларың, аталарың, әкелерің, аналарың қалай еркелетеді?
Мағынаны тану
Қой сүйеді баласын “қоңырым” деп,
“Ештеңені білмейтін момыным!” деп.
Сиыр сүйеді баласын “торпағым” деп,
“Қараңғыға баспаған қорқағым” деп.
Түйе сүйеді баласын “боташым!” деп,
“Жаудыраған көзіңнен, тоташым” деп.
Ешкі сүйеді баласын “лағым” деп,
“Тастан –тасқа секірген шұнағым” деп.
Жылқы сүйеді баласын “құлыным” деп,
“Тұлпар болып жүгірер жұрыным!” деп.
Сергіту сәті : (Қара жорға)
Шығармашылық жұмыс
Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Пысықтау.
Оқулықпен жұмыс.
Семантикалық карта
|
Қоңырым
момыным
|
Торпағым
қорқағым
|
Боташым
тоташым
|
Лағым
шұнағым
|
Құлыным
жұрыным
|
Түйе
|
|
|
|
|
|
Жылқы
|
|
|
|
|
|
Сиыр
|
|
|
|
|
|
Қой
|
|
|
|
|
|
Ешкі
|
|
|
|
|
|
Қорытындылау.
“Төлдерді ата” ойыны
Ойынның мақсаты: балаларға үй жануарлары, олардың пайдасы туралы түсінік беру. Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үй жануарларының суреттері.
Ойын шарты: мұғалім балаларға үй жануарларының суреттерін таратып береді. Суретті алған бала оның төлін және оны қалай шақыратынын айтып беруі тиіс. Мысалы: сиырдың суретін алған бала оның төлі бұзау, бұзауды “мө-мө” деп шақырады дейді. Ал ешкінің суретін алған бала оның төлі лақ, лақты “шөре -шөре” деп шақырады дейді. Дұрыс қателеспей атаған балалар жеңіске жетіп мадақталады.
Үй тапсырмасы
“Малды құрметтеу” тыйым сөздер.
Оқушыларды мадақтап бағалау.
Пайдаланған әдебиеттер:
Интернет желісі
Бастауыш мектепте оқыту әдістемесі
Қазақстан мұғалімі
Егемен Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |