Ережелері



Дата16.06.2016
өлшемі28.2 Kb.
#138444
Облыстық «Айналайын» интеллектуалды конкурсының

ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жалпы ережелер
1. Осы ереже облыстық «Айналайын» интеллектуалды конкурсының (ары қарай - конкурс) мақсатын, міндетін, өткізілу тәртібін айқындайды.

2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:



  • дарынды балаларды анықтау, қолдау;

  • оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін арттыру;

  • мектеп оқушылары арасында интеллектуалды ойындар мен конкурстар, жарыстар, олимпиадаларды түсіндіріп тарату;

  • табысқа жетуді уәждеу.

3. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан - өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы.

4. Конкурсқа қатысу ерікті, ақылы.

5. Әр сыныпқа арналған тапсырмалар блогы қазақ тілі пәні бойынша 30 тестік тапсырмалардан тұрады.
Конкурстың жұмысшы органдары
6. Конкурсқа дайындық пен өткізудің ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру мен үйлестіру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

7. Ұйымдастыру комитеті:

- конкурстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- тікелей басшылық жасайды;

- тапсырмаларды дайындайды, жұмыстарды бағалаудың критерилерін анықтайды, конкурс өткізілгенге дейінгі тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;

- жеңімпаздарды анықтайды;

- нәтижесін талдап, қорытынды жасайды.

8. Конкурсты ұйымдастыру үшін өткізілетін орындарда үйлестірушілер тағайындалады. Үйлестірушілер әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және білім бөлімдерінің өкілдері болуы мүмкін.

Үйлестірушінің міндеті:

- конкурсқа қатысуға тапсырысты уақытылы беру;

- конкурсты нұсқауларға сәйкес ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушылар
9. Облыстық конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 2-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Конкурсты өткізу тәртібі
10.Конкурсқа қатысуға тапсырыстар белгіленген мерзімге 10 күн қалғанға дейін қабылданады.

11. Тапсырмалар блогын орындауға 90 минут уақыт бөлінеді.

12.Тапсырмалар салынған пакет үйлестіруші мен қатысушылардың көзінше белгіленген уақытта ашылады.

13. Бөлінген уақыт аяқталысымен үйлестіруші жауап бланкілерін жинап, конвертке салып желімдеп, ұйымдастыру комитетіне жібереді.

14.Ұйымдастыру комитеті бланктерді тексеріп, әр қатысушының деңгейін анықтайды және білім беру мекемелеріне дейін мәліметті жеткізеді.

15. Білім беру ұйымының конкурсты өткізу кезінде, тапсырмаларды орындау кезінде өткізу ережелерін бұзған жағдайда қатысушылар тізімнен шығарылады, сонымен қатар:

а) тапсырмалар үйде орындалса;

б) қатысушылардың жауап парақтары бір қолдан толтырылса;

в) барлық конкурсқа қатысушылардың 70%-ның жауаптары сәйкес келсе;

г) ұйымдастыру комитетінің келісімінсіз өткізу уақыттары бұзылса;

д) егер конкурс мектеп ұйымдастырушысы және кабинет кезекшісі жағынан бақылаусыз өтсе.

16. Тізімнен шығарылған қатысушылардың арасында жүлдегер болған оқушылар болса, ұйымдастыру комитеті олардың нәтижесін қорытынды хаттамалардан шығарып, нәтижелерін есептемейді.



17. Конкурс аяқталған соң ұйымдастыру комитеті жүлдегерлерді анықтап, дарынды балалар деректер базасына енгізеді.
Жеңімпаздарды марапаттау
18. Конкурс жеңімпаздары грамоталармен марапатталады және республикалық оқу-сауықтыру лагерлеріне жолдама беріледі.
Конкурсты қаржыландыру
19. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу, тапсырмаларды, жауап бланктерін дайындау және көбейту, грамоталарды әзірлеу, көлік, пошта шығындары, жолдамалармен марапаттау ұйымдастырушылардың есебінен жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет