АРАЛДАҒЫ ТАЖАЛ АЙТЫЛМАЙ КЕЛЕДІ
Біз күні бүгінге дейін Кеңес өкіметі тұсындағы отаршылдыққа көбіне-көп әлеуметтік-әкімшілік шаралар төңірегіне тіреп келдік. Алайда, сол тұстағы ылаңның көкесі басқа жерде екенін біреу білсе, біреу біле бермеуі мүмкін.
Ол, бәрінен бұрын, қаншама ғасырлар бойы ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен жанын шүберекке түйіп, қорғап келген жеріне, соның табиғатына тығыз байланысты. Былай қарағанда, көзге елеусіз жүрдім-бардым нәрсе секілді көрінетін істердің астарына қаншама қасірет қатпарланып жатқанын біле бермейміз.
Қазіргі күні қарап отырсақ, ұшы-қиырсыз Кеңес өкіметі төңірегінде қазақ елінің территориясы қыруар эксперимент алаңына айналыпты. Мысалы, Солтүстікте Тундра тұрғанда, қазақ халқының тұнығы бұзылмаған Семей өңірі, Дегелең тауын үңгілеп, ядролық жарылыс жасаудың керегі бар ма еді? Америка космостық зымырандарын халқы сирек, мұхит орталарындағы аралдардан ұшырып жатса, Кеңес космонавтикасы қазақтың қалың жері – Байқоңыр төңірегін ұшу алаңы еткені әмбеге аян. Ал, Арал теңізінің қақ ортасынан тіршілік атаулыға қауіпті бактереологиялық зертхана ашады деп кім ойлаған?
Осылардың барлығы күні кешеге дейін кереметтей құпия болып келгені ақиқат. Ондай қиямет-қайым зорлау фактісін бүгіндері біздің баспасөзіміз ашық жария еткеніне ризашылық білдіруіміз керек болар.
Мысалы, Арал теңізінің Солтүстік шығысына тақау орналасқан Возрождение аралы. Возрождение Арал теңізінің орталығына ені жарты шақырымнан 15 шақырымға дейін, ұзындығы 30 шақырымға дейін созылып жатқан көп-көрім аумақты арал. Барсакелмес пен Возрождение ара қашықтығы шамамен 65 шақырым. Далалық ғылыми-сынақ зертханасына дейін Возрождениеде 1922-1926 жылдар арлығында аса қауіпті делінген қылмыскерлерді тұтқында ұстайтын орын болған.
Кешегі баспасөз өзінің басты назарын Арал теңізінің тартылуына аударумен болса, енді тағы бір қасіретті проблеманың ілесіп отырғанын қараңыз. Ол – теңіз ортасындағы "Возрождение". "Егемен Қазақстан" газеті "Қазақстандағы құпия нүктелер" айдарымен "Ажал сепкен жұмбақ Арал" деген жалпы тақырыппен он үш мәрте топтама материалдар берген. Оларға аннотация есебінде Ақпарат бөлімі Арал теңізіндегі "Возрождение" жайында "Егемен Қазақстан көптен бері сөз қозғап келе жатқандарын, бірақ бұл құпия аралдың бар сыры әзірше ашылмай жатқанын жазды. Редакция аталмыш жасырын тақырыптың күллі кескін-келбетін айқындай қоймаса да, соған ұмтылыс жасау жолында екі материал берді.
Хат түрінде жергілікті тілшілер ұйыдастырған ол материалдың бірінде – аралды әскердің 1939 жылдан иемдене бастағаны айтылса, тағы бірінде газет оқырмандары үшін қажетті деректер келтіреді. Құпия аралдағы мекеменің толық аты - "Далалық ғылыми зерттеу зертханасы". Бұрынғы Қорғаныс министрлігінің, қазір ТМД елдері Біріккен стратегиялық күштерінің 15-ші басқармасына қарасты. Возрождениенің құпич атауы – Ара-7. Осылай десеңіз, онымен таныс әскерлер әңгіменің не жайында екенін түсіне қояды. Бұл материалдарда авторлар құпия арал тақырыбына қатысты ешқандай мәселе көтеріп жатқан жоқ. Оны редакция да талап етпейді. Бұлардың басты мақсаттары – аралдың әскері объект есебінде туу тарихымен таныстыру. Сол мақсат орындалған /1/.
Осы мәселеге "Жас Алаш" газеті "Экология" айдарымен "Аралдағы сынақ аралы" деген тақырыппен бес топтама арнаған /2/. Жергілікті тілшілердің хаттарынан құралған бұл топтамалардың бір материалы – Арал қаласының тұрғыны Н. Тұржановтың "Көңілімде қауіп бар" деп аталады. Арал халқының қасіреті тек теңіздің тартылуында емес, осы төңіректегі құпия әскери сынақ алаңдарына да тікелей қатысты екнін, оның бірі – Возрождениедегі бактереологиялық зертхана екенін айтады. Өз елінің осы тұстағы жалпы келеңсіз күй жайын суреттей келе: "Осы жерде ардақты ақын ағамыз Олжас Сүлейменовтың "Қазақстан халқына жасырын соғыс жарияланған" деген еске түседі... Біз өзі кім боп барамыз, ағайын, қазақтың бір-біріне деген туысқандығы, бауырмалдығы, қысылғанда қол ұшын беретін көпшілдігі қайда? Өзіміздің заңды құқымызды қорғай алмайтын бейшаралық кейіптен қашан арылар екенбіз?.." – деп, өзі де қапаланып, оқырманын да ауыр ойға қалдырады. Аталмыш материал құр ғана риторикалық сұрақтардан тұрмайды. Мұнда жергілікті жердегі тек теңіз емес, "жығылғанға-жұдырық" дегендей, бактереологиялық сынақтардың да тигізген зардаптарының мысалдары, деректері келтіріледі.
"Аралдағы апат ошақтарының бірі – Возрождение аралында орналасқан далалық ғылыми-сынақ лабораториясы. Лпы аумағы 216 шаршы шақырым болатын осы арал мен ондағы лаборатория соңғы кезге дейін құпия ұсталып, ол жерде не болып, не қойып жатқанын ешкім білмей келді. Жұрт аузына алып-қашпа сөздер мен әртүрлі лақаптар тарады",- деп басталады келесі бі материал. Ол - "Жанайқай" айдарымен берілген газеттің өз тілшісі Қ. Исаның "Оқшау аралдың құпиясы" деген корреспонденцицсы.
Тілші 1949 жылы обаның кесірінен Ауан балықшылар мекенінің құрып кетуін одан екі-ақ жыл бұрын бастаған бактереологиялық сынақ зерханасының лаңынан көреді. Одан кейін де әлсін-әлсін оба ауруының эпидемиясы "бұрқ" ете қалып отыратыны да соның салдары екнін айтады автор. Корреспонденция тек сол сәттегі уақиғаларды сипаттап қоймайды, сонымен қатар мәселенің тарихи түп-төркініне бойлап, зертхана тәжіриьелерінің алапат залалды нәтижелерінен деректер береді.
Достарыңызбен бөлісу: |