Мазмұндама, Әдебиеттік оқу



Дата16.04.2024
өлшемі16.29 Kb.
#498911
түріМазмұндама
Диктант пен мазмұндама 1 тоқсан аяғы


Қайта-қайта- Мазмұндама , Әдебиеттік оқу
Фарабидің жастау кезі болса керек.
Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы бір бума кітапты сақтап қою үшін Әбунасырға аманат қылып тастап кетеді. Әбунасыр оны үйіне апарып, сақтап қояды. Қолы босаған сәтте Әбунасыр әлгі кітаптардың біреуін алып, көз жүгірте бастайды. Кітап сөздері ұнап, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды. Қайта оқиды. Сонда да ұғымы жетіңкіремейді.
Ақыры кітапты қайта — қайта оқи береді. Сонда ғана жазылған жайлардың мағынасын айқын ұғып, анық түсінген.
Осы табандылығының арқасында Әбунасыр ғылымға бой ұрып, асқан білікті философ болып жетілген екен.
Жоспар

  1. Жолаушы Әбунасырға кандай аманат қалдырды?

  2. Кітапқа құмарлық.

  3. Әбунасыр — асқан ғалым.


Сен білесің бе?-Диктант.Қазақ тілі

Батыс Қазақстан облысында 500 - ге тарта омыртқалы жануарлар түрі және жүздеген, мыңдаған омыртқасыз жануарлар кездеседі.


Құстардың торғайлар отрядына кіретін түрлері: қараторғай, жылқышы, безгелдек, ұзақ, қарға т. б. адамға үлкен пайда келтіреді. Олар бау - бақша, егістік алқабында, орман - тоғайдың өсімдіктеріндегі зиянды жәндіктерді жойып отырады.
Бүркіт, жапалақ, үкі, қарға, лашын, кезқұйрық сияқты жыртқыш құстар табиғат тазалықшылары.

Тапсырма.
1. Етістіктерді тауып, олардың қай шақта тұрғанын анықта.
2. Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет