Қарапайым конструкциялар деп, сөз тіркестері



бет1/4
Дата23.11.2022
өлшемі59.11 Kb.
#465578
түріҚұрамы
  1   2   3   4
?àðàïàéûì êîíñòðóêöèÿëàð äåï, ñ?ç ò³ðêåñòåð³


Тілдін құрамы


Кез келген табиғи тілдің мәтініндегі төрт негізгі элементті көрсетуге болады: символдар, сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер. Осындай элементтер алгоритмдік тілдерде де болады, мұнда бірақ сөздер - лексемдер (қарапайым конструкциялар) деп, сөз тіркестері - өрнектер деп, ал сөйлемдер - операторлар деп аталады. Лексемдер симолдардан тұрады, өрнектер - лексемдер мен символдардан, ал операторлар - символдардан, өрнектерден және лексемдерден тұрады (1-сурет):

1-сурет. Алгоритмдік тілдің құрамы



  • Тілдің алфавиті немесе оның символдары - бұл бөлінбейтін негізгі белгілер, солардан тілдің барлық мәтіндері құрастырылады.

  • Лексем немесе қарапайым конструкция - өзіндік мағынасы бар тілдің ең кіші бірлігі.

  • Өрнектер белгілі бір мәнді есептеу ережесін береді.

  • Оператор белгілі бір әрекеттің аяқталған сипаттамасынан тұрады.

Күрделі есепті шығару үшін операторлар тізбегін жазу керек. Кейде операторлар жүйелі жақшамен қоршалған кұрама операторға немесе блокқа біріктіріледі. Мұндайда олар бір оператор тәрізді орындалады.
Операторлар атқарылатын және атқарылмайтын (орындалмайтын) болып бөлінеді. Атқарылатын операторлар белгілі бір әрекетті (амалды, операцияны) орындайды. Ал атқарылмайтын операторлар тек мәліметтерді сипаттайды, сондықтан оларды сипаттау операторлары немесе сипаттамалар деп те атайды.
Тілдің әрбір элементі синтаксиспен және семантикамен аныкталады. Синтаксистік анықтамалар тіл элементтерінің құрылу ережелерін анықтайды, ал семантика олардың мағынасы мен қолдану ережелерінен тұрады.
Біртұтас алгоритм бойынша біріктірілген сипаттамалар мен операторлар жиыны программа құрайды. Оны орындау үшін оны процессорға түсінікті тіл - машиналық кодқа айналдыру керек. Бұл процесс бірнеше кезеңдерден тұрады. Ол үшін қажетті кезеңдер мен іс-әрекеттер 2-суретте көрсетілген.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет