Түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы ортағасырлық авторлар.
Рим авторлары. 2.Византия тарихшылары. 3.Араб авторлары.
XIV–XVII ғасырларда дипломаттардың, саудагерлердің, миссионерлерлердің (Гонзалес де клавихо, Сигизмунд Гербештейн, Илсофат Барборо, Амброджо Контарини, Антоний Дженкинсон, Филип Авриль, Адам Олеарий) және арасында соғыс тұтқындары (Ганс Шильтебергер) да болған басқа да адамдардың Азия елдері мен Московияға саяхаттары мен сапарлары қазіргі кезеңдегі әскери-саяси оқиғалар мен оның Тоқтамыспен және Едігемен қарым-қатынастары, ноғайлар мен қазақтардың одақтастық қатынастары туралы тарихи-этнографиялық мәліметтер бар жаңа нарративтік деректемелердің жасалуына негіз болды.
Венеция дипломаты И.Барбароның «Тан мен Персияға саяхат» деген кітабында
«татарлар» деген жалпы атаумен дала тұрғындары елеулі орын алады. Діни нанымдарды, сот ісін жүргізуді, әскер ісін, сауданы, қолөнер мен егіншілікті суреттеумен қоса, ол Едіге және оның ұлы Мұртаза, Ұылқ-Мехмет, ханзада Кішік-Мехмет, жәнібек (1343-1357) хандар билік еткен кезеңнің кейбір тарихи ойларын да жазады. Темірдің 1395-1396 жылдары Оңтүстік Дешті Қыпшақтың қалаларына жасаған жойқын жорықтарын айтып өтеді, ол тұрғындар зердесінде әлі де сақталып қалған еді, өйткені бұл жерге Барбаро ХУ ғасырдың 50-жылдарында келген-ді. Персияда 1474-1477 жылдары болған А.Контарини
«татарлардың» түрлі таптарын, соның ішінде «Еділдің арғы жағында тұратын, солтүстік- шығыс және шығыс жағына көшіп жүретіндерді» бөліп көрсетеді.
Дипломат А.Герберштейннің мағлұматтары да «әр түрлі татар ордаларына» қатысты, ол солардың арасында қазақтарды (Cassaki) деп көрсетеді. Ал 1562 жылы А.Дженкинсон жасаған «Ресей, Московия, Татария»картасында Еділ мен Жайық арасы – ноғайлар мекендейтін жер олардан шығысырақта «Қазақия» (Cassakiа) жері деп көрсетілген. Ағылшын көпесі А.Дженкинсон саяхатының күнделігі – Қазақ хандығының қалыптасу кезеңінің оқиғалары, соның ішінде Хақназар ханның Сыр өңірі қалалары үшін соғыстары көрсетілген ең алғашқы европалық еңбек.
Достарыңызбен бөлісу: |