Қарқаралы шежіресі – тарихи құжаттарда Қарқаралы қаласының 180 жылдығына



Дата24.07.2016
өлшемі38.09 Kb.
#219530
Қарқаралы шежіресі – тарихи құжаттарда

Қарқаралы қаласының 180 жылдығына
Қарқаралының алғашқы құрылу кезеңінен бергі өсіп-өркендеуі туралы мәліметтер де, тарихи құжаттарда молынан кездеседі. Соның ішінде Қарқаралы өңірі қандай аймақтық-әкімшілік өзгерістерді өтткерді деген сауалға да жауап таба аламыз. XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан ХХ ғасырдың жиырмасыншы жалдарына дейінгі жуз жыл ішінде өңір мынадай аймақтық бөіністерде болған.

Қарқаралының қала және округ орталығы болғандығы туралы деректі 1824 жылғы жарық көрген «Полное собрание законов Российской империи» атты анықтаманың 34 томының 454 бетінен табуға болады. Онда «1824 жылы Сенаттың 24 шілдедегі Жарлығы негізінде Омбы облысында Қарқаралы ішкі округі және осы округтің орталығы ретіндө Қарқаралы қаласы құрылды» делінеді.

Ал 1959 жылы Аламатыда шыққан «Справочник по административно-территориальному делению Казахстана» атты анықтаманың 10-11 беттеріңце 1868 жылы бекітілген «Далалық облыстарды басқару жөніндегі уақытша ереже» негзінде Семей облысының құрамына енетін Қарқаралы уезінің орталығы Қарқаралы қаласы бояғандығы айтылады.

1882 жылы Семей облысы Қарқаралы қаласымен Дала генерал-губернаторлығының құрамына енген.

1920 жылғы 11 желтоқсанда Қаз АССР ОАҚ-нің I сессиясының қаулысымен Семей губерниясы құрылған, орталығы Қарқаралы қаласы болып, Қарқаралы уезі осы губернияның құрамына енеді.

1928 жылғы 17 қаңтарда Губерниялық бөлініс таратылып, Қарқаралы округ орталығы болады.

Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығынан (бұрынғы Семей облыстық мемлекеттік архиві) алынған мәліметтерге сұйенсек, 1923 жылғы наурызда өткен Губерниялық экономикалық кеңесте «Губернияны экономикалық аудандастыру туралы» шешім қабылданған екен. Онда Губерниялық жоспарлау комиссиясы Қарқаралы уезіндегі 22 болыстың орнына ірілендірілген 14 болыс құруды қарастырады.

Осы құжатта «В резуьтате 01.06.24 г. в Семипалатинской губернии начитывалось 87 волостей, из них казахских —40, русских — 34, смешанных —13. По уездам волости распределялись: Семипалатинский —16, Усть-Каменогорск —13, Бухтарминский —11, Зайсанский — 9, Павлодарский —23, Каркаралинский —13» делінген. Губерниялық жоспарлау комиссиясы Семей губерниясының орнына 5 округ құрумәселесін де қарастырыпты.

Ақмола мен Семей губерниялары арасындағы шекара да сол жылдары нақтыланған. Архив құжаттарында: «Будущий Каркаралинский округ проектировался в составе Каркаралинского уезда и пустынь южной половины Акмолинской губернии, был поставлен вопрос о передаче карагандинских каменоугольных копей в Каркаралинской округ» деген де мәлімет бар. Расында да сол жылдары қазіргі Қарағандының орнында шағын ғана елді мекендер, әрі болар-болмас өндіріс орындары ғана бар еді. Бұл жағдайда Қарағандының Қарқаралы округі құрамына енгізілуі де әбден мүмкін болатын. Алайда, жиырмасыншы жылдардың ортасынан бастап Қарағанды кенішін жан-жақты зерттеу жұмысы қолға алынып, аймақатың ұшан-теңіз мол қазынасының бары анық болған кезде оны өз алдына дербес өндіріс ошағы ету мәселесі қарастырылады. Сөйтіп, Қарағандыны Қарқаралы округінің құрамына беру мәселесі тек жоба тү ғана қалған.

Семей архивінен алынған құжаттарға сүйеніп, аумақтық бөліністерге қатысты мынадай деректерді де айта кетуге болады. «8-11 1928 года на обьединенном Пленуме Семипалатинского окружжкома ВКП(б) и Семипалатинского окрисполкома были подведены итоги районирования бывшей Семипалатинской губернии: вместе 86 волостей (42 казахских, 23 русских, 14 смешанных, 7 — русского казачества) с 347 селсоветами и 349 аулсоветами было создано 3 округа Павлодарскийс 9 районами, Каркаралинский — с 7, Семипалатий — с 29 районами».

Осы архивте тағы бір қызық құжат сақталған. Оны 1924 жылдың 29 сәуірінде уездік қаржы бөлімінің меңгерушісі дайындапты. Орыс тілінде жазылған, бүгінде архив құжатына айналған осы жазба «Краткое описание Каркаралинского уезда» деп аталады. Үш беттік осы қызмет жазбасында Қарқаралы уезінің Семей губерниясында аумағы жағынан бірінші орынды алатындығы айтылады. Құжат 1920 жылғы санақ бойынша уезде отырықшы бір болыс пен 22 көшпелі болыс болды дейді. Болыстықтар санын қысқартуға байланысты отырықшы Хорошевская болысының әкімшілік жағынан іргелес Ақсары болыстығының құрамына енгені айтылады. «Население Каркаралинского уезда состоит преимущественно из кочевников киргиз и оседлое сельское население включая сюда гор. Каркаралы составляет 6,6% всего населения. По плотности населения Каркаралинский уезд считается одним из малозаселенных уездов Семгубернии и на 1 кв.версту приходится — 0,7 души»,

Осы жазбада уезде өндірістің дамуы да төмен деңгейде екендігі келтірілген. Уезд бойынша бумен жұмыс істейтін жалғыз ғана диірмен болса, оның өзі Қарқаралы қаласында дейді. Жол қатынасының нашарлығы айтылады. Қарқаралыдан Павлодарға бір почта жолы арқылы, ал Майлығара земск трактысы арқылы Семей мен көршілес уездерге қатынауға болады екен. Сыртқы және ішкі байланыстардың дамымағанын айта келіп, губерния орталығымен почта және телеграф байланысы тек Павлодар арқылы ғана мүмкін болып отырғанына реніш білдірілген.

Бұл құжатта уездің экономикалық дамуы мен жағдайы бойынша ондағы болыстар төрт топқа бөлінеді. Осылайша уездің жалпы жағдайына шолу жасалып, оның таяу мерзімдегі міндеттері сараланады.
Ләззат Байкенжина,

облыстық архивтер мен

құжаттама бөлімінің бас маманы,

Ермағамбет Лұқпан,



«Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет