Өмірбаян
Қаратаев Айболат Бақытұлы 1964 жылы 12 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында дүниеге келді.
1971-1981 ж.ж. аралығында туған ауылы Жақсыбайдағы орта мектепте оқып аттестат алып шықты. Мектептен кейін 1981 жылы қыркүйек айында Орал қаласындағы ауыл шаруашылық техникумның «аграномия» факультетіне оқуға түсті. 1982-1985 ж.ж. аралығында әскери – теңіз флоты қатарында Отан алдындағы борышын өтеді.
1985-1987 ж.ж. техникумдағы оқуын жалғастырып аяқталды.
1985-2002 ж.ж. аралығында Жақсыбайдағы орта мектепте әскери жетекші, география пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарды.
1988-1993 ж.ж. аралығында Орал қаласындағы педагогикалық институтының «география» факультетінде сырттай оқып білім алды.
2003-2005 ж.ж. аралығында Талов ауылындағы орта мектеп директоры қызыметін атқарды.
2005 жылы Жақсыбайға ауылындағы М.Б.Ықсанов атындағы мектеп бала бақшасында «әлеуметтік педагог» қызыметін атқарды.
2009-2010 жылдары Жақсыбай ауылындағы М.Б. Ықсанов атындағы орта мектебінің директоры қызыметін атқарды.
2010 жылдың наурыз айынан бастап Жақсыбай ауылы әкімінің қызыметін атқаруда.
Ауыл халқы
Жақсыбай ауылдық округі 1965 жылы (бұрынғы Я.М.Свердлов ат.совхоз) құрылды. Ауылымыз облыстың оңтүстік батысында 450 шақырым, аудан орталығынан 140 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер көлемі - 75,5 мың гектар. Ауылдық округтің құрамында үлкен 2 елді мекен (Жақсыбай, Ақадыр) және одан басқа 4 мал («Диханшы», «Бөгет», «Ерболат», «Нұржан») қыстағы бар.
Жақсыбай ауылдық округінде 2010 жылдың 1 желтоқсанына халық саны – 1507 адамды құрап отыр, с.і. ауыл орталығында 1404 адам (93,2%) және Ақадыр елді мекенінде 103 адам (6,8%) тұрады. Экономикалық белсенді халық саны – 695 адам.
Жалпы халық санынан мектеп жасындағы оқушылар саны – 258 адам, зейнеткер – 149 (с.і. зейнеткелік жаспен шыққаны - 121) адам, мүгедектер - 24 (с.і. бала жасынан мүгедектер - 4) адам болып отыр.
Осы жылы 14 адам дүниеге келіп, 4 адам дүниеден озды. Табиғи өсім (сальдо) 10 адамды құрап отыр және жыл басынан бері 13 адам көшіп келсе, 13 адам басқа жерге қоныс аударды.
Ауыл шаруашылық
Ағымдағы жылы ауылымызда 260 га жерге егістік алқаптар орналастырылған болса, соның 170 га ақ бидай және 90 га арпа. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 50 га көп егілген. Егін шаруашылығымен «Нұржан» және «Ертарғын» шаруа қожалықтары шұғылданады. Сондай-ақ көктемгі – далалық жұмыстарын жүргізуге ауылымыздың шаруа қожалықтарына әр литрі 58 теңгеден 18 тонна жанар –жағар май берілді. Егістік жұмыстарына 2 шыншыр табанды трактор және 2 трактор, 2 тырма, 4 егістік агрегат қатынасты.
Биылғы жылы округ бойынша 260 га егістік алқабы шабылып, өнім аз жиналды. Себебі, биылғы қолайсыз табиғи жағдайлардың (ауаның жоғары температурасы, жаңбырдың болмауы) салдарынан егістік алқаптың кейбір жерлері оруға жарамсыз болды.
2010 жылы 10 га жерге бау-бақша дақылдары орналастырылса, с.і. 4 га көкөніс, 4 га бау-бақша дақылдары және 2 га картоп. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында «Жалын» ШҚ бюджет қаражаты есебінен, «Мырзаш» ШҚ өз қаражаты есебінен (қуаттылығы – 1000 л/с) суды айдайтын мотор сатып алынды.
2010 жылғы 1 желтоқсанға мүйізді ірі қара саны 2962 бас, қой мен ешкі саны 5412 бас, жылқы саны 429 бас, құс саны 1730 құрап отыр. Осы мерзімге округ бойынша 4581,6 центнер ет, 13516 центнер сүт, 117268 дана жұмыртқа өндірілді.
Ауыл шаруашылық малдарын алдын-ала егу шаралары жоспарға сай 100% орындалды. 1 желтоқсанға 127 бас ірі қара қолдан ұрықтандырылды. Округ бойынша 500 бас ірі қара (100%) , 105 жылқы(100%), 1000 бас қой мен ешкі (100%) бірдейлендірілді. Ауылымызда 1 мал сою алаңы жұмыс істеп тұр.
Ауылымызда қысқы мал азықтары дайындалды. 2010 жылғы 1 желтоқсанына 9782 га жер шабылып, 9700 тонна шөп (жоспар 112%-ға орындалды) дайындалды. Науқанға 12 трактор 35 орақ қатысты.
Әлеуметтік қорғау
2010 жылғы 1 желтоқсанға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2 отбасыны (6 адамды) құрады. Өткен жылғы есепті мерзімімен салыстырғанда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 отбасына (15 адамға) азайды. Былтырғы жылы төленген жәрдемақысы мөлшері айырмасы 289 900 теңгені құрайды. Күні бүгінге есепте тұрған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (МАӘК) алушы 2 отбасының (6 адам), 2-уі еңбекке қабілетті адам. 1-і «Сәния» ЖК және 1-уі «БАМ» ЖШС жұмысқа жолданып, 2-де жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан бері 85 адам ақылы қоғамдық жұмысқа алынып 1 млн. 291 529 теңге игерілді. Сонымен қатар жыл басынан бері 48 отбасы 435 500 теңге көлемінде тұрғын үй көмегін алып отыр.
18 жасқа дейінгі балалалары бар 138 отбасына (303 бала) 3 млн. 956 900 теңге көлемінде мемлекеттік жардемақы төленді. Былтырғы жылмен салыстырғанда алушылар саны 6 отбасына (16 балаға) азайып, төленген қаражаттың мөлшері 91500 теңгеге көбейді.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасына сай 18-24 жас аралығындағы жас мамандарды жұмысқа орналастыру мақсатында 10 адам тәжірибеден өтсе, с.і. 1-уі тұрақты жұмысқа орналасты, қалған 3-уі жұмыстарын жалғастыруда, ал 6-уы тәжірибесін аяқтады.
Ағымдағы жылы 5 адам Орал қаласына кәсіптік білім алуға, соның ішінде 4 адам «газ операторы», 1 адам «бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша білім алып шықты.
Санитарлық тазалық және денсаулық сақтау
2010 жылы ауылдың тазалығын санитарлық-экологиялық талаптарға сай ұстау мақсатында 160 түп тал-терек отырғызылды, 11 сенбілік өтіп оған 872 адам қатысты және 1700 тонна күл-қоқыс шығарылды.
Денсаулық сақтау саласында 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Мұнда 6 орта буындағы медициналық қызметкер және 2 санитар, 2 жұмысшы, 1 жүргізуші, 1 газ-операторы жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулатория автокөлікпен қамтамасыз етілген.
2010 жылдың 11 айында 1027 адамға және 342 балаға қызмет көрсетілді. 810 шақырту болса, кардиологиялық скринингтен 122 адам, әйелдер скринингінен 47 әйел адам, мамографиядан 20 адам, флюрографиядан 437 адам өтті. Тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 922 707 теңге игерілді және 50% жеңілдікпен 24 867 теңгенің дәрі-дәрмегі сатылды.
Білім беру
Ауылымыздағы М.Б.Ықсанов атындағы ЖОББМБ 258 оқушы білім алуда. «Балапан» бағдарламасы бойынша 2009 жылғы 1 желтоқсанынан бастап ашылған орлатықтарда (ШО) 20 бала тәрбиеленуде.
Шалғайда орналасқан елді-мекендерде тұратын және аз қамтылған балалар жатақханада білім алып тәрбиеленуде. Заман талабына сай жабдықталған жатақханада 16 оқушы тәрбиеленуде.
Оқушылардың жазғы демалысы жоспарға сай жүзеге асырылды. Мектеп жанынан ұйымдастырылған демалыс лагерінде 3 ауысымда 75 бала, аудандағы «Балдәурен» демалыс лагерінде әр-түрлі ауысымда 14 бала, Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығында 1 бала демалыстарын көңілді де мәнді өткізді.
1-4 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасыларының балалары 100% ыссы тамақпен қамтылған. Балалардың жалпы санынан 33% құрайды.
Мәдениет
Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 1 демалыс саябағы, 1 кино құрылғысы бар. Барлық кітап қоры 10 443 дана, с.і. қазақ тілінде 8 372 дана. Ауылдық кітапхана 921 адамға қызмет көрсетіп, 17 000 дана кітап ұсынған. Үстіміздегі жылдың 3 наурыз күні облыс орталығы Орал қаласында өткен «Жәнібегім - Туған жерім, қымбатсың!» атты Жәнібек ауданының концертіне, ауылымыздың жас әншілері Б.Насенов, А.Досалиева және Д.Қаратаевалар қатысып қайтты. Сонымен қатар, «Ұлы Жеңістің 65 жылдығына» орай ұйымдастырылған аудандық фестивальде бас жүлде (гран-приға) ие болып, компьютер жеңіп алдық және ауылымыздың жас бишісі Г.Досжанованың жетекшілігімен «Арна» би ансамбілі құрылып онда 3 буында 30-ға жуық биші биге қатысуда.
Қызмет көрсету саласы және кәсіпкерлік
Ауылдық округте 2009 жылы АТСК-100/2000 маркалы орталық станция іске қосылды. Ол Борсы, Талов және Жақсыбай ауылдық округтерін байланыспен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі уақытта округ бойынша 235 абонент (с.і. 8 қызметтік, 227 жеке тұлға) телефон нүктесі бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда 104 абонентке көбейіп отыр. Оған қоса «Билайн» ұялы байланысының мұнарасы тұрғызылып, 5-желтоқсан күні іске қосылды.
Ауылымыз 1994 жылдан бері көгілдір отын, яғни газбен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта округ бойынша 268 үй газға қосылған. 11 айда 489 027 м3 газ отыны жағылып, 4 млн. 670 215 теңге ақша төленді. Сонымен қатар жыл басынан бері 520 432 квт/сағ. электрқуатын пайдаланып, төлемақысы төленді.
Ауылдық округтің тұрғындары канал желілері арқылы Сарыөзеннен техникалық сумен қамтамасыз етілуде. «Таза су» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «АзияТехСтрой» ЖШС таза сумен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізуде.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу саласында 1 диірмен («Ертарғын» ШҚ), 1 наубайхана («Сәния» ЖК) жұмыс жасауда.
Тұрмыстық қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында ауылымыз 4 кәсіпкер 6 дүкен, 2 кафе халыққа қызмет көрсетуде. Биылдан бастап Жақсыбай өзенінің суға қайта толуына байланысты тұрғындарды техникалық сумен қамтамасыз етілуде. Жыл соңына дейін тұрғындар игілігіне беріледі деп күтілуде.
Қосымша жетістіктер
Жақсыбай ауылдық округінде 2006 жылы аудан бойыншы ең алғаш өз табанынан ауылдық мешіт тұрғызылды және «Даңқ» саябағы ашылды.
Жақсыбай ауылдық округінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» 2008 жылдың 24 қазан күні облыста ауылдық округтер арасында бірінші орталық болып ашылды. Халыққа қызмет көрсету орталығы Борсы, Талов және Жақсыбай ауылдары тұрғындарына арнайы бір орталық болып табылады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс жасап жатыр.
Ауылымызда «Х.Халиуллин атындағы шекара заставасы» еліміздің шекарасын қорғап, демалыс күндері ауыл тұрғындарын Ресей Федерациясындағы жақын-жанаппен қатынастыру үшін мүлтіксіз қызмет етуде.
2010 жылдың тағы бір айтулы жаңалығы, 17 шілде күні ауылымызда белсенді жастардың ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы жолдауы аясында «Жастар жарқын болашақты таңдайды!» атты Жәнібек ауданы жастарының семинар-кеңесі оздырылды. Бұл семинар-кеңеске ауданымыздың барлық ауылдық округі мен көршілес Казталов ауданы Қараоба ауылдық округінің жастары қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |