Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі



бет1/2
Дата05.09.2022
өлшемі68 Kb.
#460230
  1   2
1. Кәсіпкерлік құқық ұғымы


Кәсіпкерлік құқық - кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін және де коммерциялық емес құқытарды, мемлекет пен қоғамның мүддесін қамтамасыз ету мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу қатынастарының жиынтығы.

Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі.


Кәсіпкерлік қызмет - бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі.
Кәісіпкерлік қызмет - кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет.
Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек:

  1. кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі;

  2. меншіктің болуы;

  3. тәуекел сипаты;

  4. пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.

Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы.
Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады.
ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады. (33-баптың 1-тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға тиісінше кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелді сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе 2 қанағаттанарлықсыз дәрежеде орындауы сияқты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкін. Бұл салынған ,капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түскен үлес немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстыруға байланысты болады. Айтарлықтай маңызға ие (бірақ қолданыстағы заңдарда бекітілмеген) тағы бір белгісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жүйелілігін айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметтің жүйелілігі аталған қызмет бір жолғы сипатта емес және ұзақ мерзім немесе тіпті шектеусіз уақыт ішінде іске асырыла алады дегенді білдіреді.

Кәсіпкерліктің түрлері


Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің негізгі формалары болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерліктің аражігін ажыратып көрсетеді. Жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқына негізделген (ҚР АК 10-бабының 1-тармағы).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет