Қаратөбе аудандық кітапханасы
1918 жылы қыркүйек айында Батыс Алаш ордашылардың съезі Қаратөбеде өтті деген С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» атты кітабында жазылған Қаратөбедегі съезд өткен мешіт үйі ең алғашқы тарихи орынның бірі. Совет үкіметі орнағаннан кейін яғни, 1911 жылдары мешіттің күмбез мұнарасы өзгертіліп үлкен бөлігіне клуб, бір бөлігіне кітапхана орналасады. Батыс Қазақстан облысы бойынша кітапханалар ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қиын-қыстау кезеңінде кітапханаларды ашып халықты жаппай сауаттандыратын мәдениет ошағы ретінде оны көркейтуде тарихи ұмтылыстар болды. Сол 20-шы жылдардың басында құрылған қызыл отаулар алыстағы ауыл тұрғындарын, көшпелі бұқараны кітаппен қамтып айтарлықтай жұмыстар атқарды. Қаратөбе аудандық кітапханасы тұрақты 1936 жылы 2000 дана кітаппен ашылған. Тарихи деректер бойынша аудан болып құрылған соң 1936 жылы оқу үйі кітапханасы кейін қызыл отау болып жұмысын бастап әр он жыл сайын сатылап саны өседі.
Алғашқы кітапханашылар мен кітапхана меңгерушілері болып 1963-1967 жылдары Жанғазиева Ақзия, Қажыгереев Марал, 1967-1969 жылдары Клара Дүйсеғалиева, 1969-1973 жылдары Ағлақова Жамиға, 1973-1975 жылдары Акимова Гүлбарам еңбек етті. Кеңестік шаруашылық науқандық жұмыстар кезінде дала қостарына барып механизаторлар мен малшы, шопандар қыстақтарын аралап үгіт насихат жұмыстарын жүргізген. 1980 жылдан бастап аудан аумағындағы кітапханалар біріктіріліп, заман үрдісімен дамып, уақытқа сай орталықтандырылған кітапхана болып бір жүйеге көшірілді. Аудандық кітапхана осы кітапханалардың басын қосатын бір орталықтан кітап қорын қалыптастырып, әдістемелік көмек көрсететін шаңыраққа айналды. Осы кезден бастап, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жаңа және басты қалыптасу, даму кезеңі басталады. Аудандық кітапхана жаңа бөлімдермен: ауыл шаруашылық бөлімі, кітап коры бөлімі, оқырмандарды қамту бөлімі, сақтау бөлімі, кітаппен толықтыру және өңдеу бөлімі, оқу залы және аудандық 1 балалар кітапханасы мен 25 бөлімше кітапханаларымен толығады.
1976 жылы аудандық кітапхана меңгерушісі болып Мағрипа Шуақпайқызы Дүйсеғалиева еңбек жолын бастап, зейнеткерлікке шыққанша директорлық қызмет атқарған.
1999 жылы кітапхана қазіргі типтік жобада салынған үш қабатты үлкен ғимаратқа көшірілді.
2002-2009 жылдары кітапхана ұжымын Валентина Мұхамбетқызы Қазгулова басқарса, 2009 жылдан бері Бердіғалиева Гүлбану Салауатқызы басшылық жасап келеді. Қазіргі таңда 1 аудандық, 1 балалар кітапханасы, 20 бөлімше кітапханасы бойынша 230777 дана кітап қоры бар. Орталықтандырылған кітапхананың оқырмандармен жаңаша жұмыс жасауына қол жеткен, бүгінгі заманауи жетістіктері, бұған дейінгі үлкен шежірелі кезеңдермен толықты. Бүгінгі күні аудан кітапханаларында 33 кітапхана қызметкерлері еңбек етеді. 27% жоғары білімді, 67 % арнаулы орта, 3% орта білімді мамандар. Кітапханада соңғы жылдары мамандар қатары өсуде.
Аудандық кітапхана – ауылдық кітапханалардың орталығы. ОКЖ-де әдістемелік-библиографиялық бөлім - кітапханалардың әдістемелік орталығы ретінде әдістемелік бағытта қызмет атқарады. Әдістемелік-библиографиялық бөлімде 2 әдіскер және 1 библиограф жұмыс жасайды. Орталық кітапханалық қызмет көрсету, ақпараттық-библиографиялық қызмет, кітап қорын толықтыру мен пайдалану, озық тәжірибені анықтау және тарату, кітапханашының кәсіби дәрежесін көтеру бағытында жұмыстанып келеді. Аудандық кітапхананың әдістемелік-библиографиялық бөлімі кітапханашылардың мамандығын жетілдіруде жылма-жыл зерделі кеңестер өткізеді. Оқырман сұранысы бойынша библиографиялық және тақырыптық тізімдер мен кітап көрмелерін жасақтайды. Оқырмандарды қызықтыратын тақырып бойынша ақпарат күнін өткізу, ауызша анықтама беру, көпшілік шаралар байқаулар, театрланған көріністер т.б. қызмет түрлерін ұсынады. Аудандық кітапхана - оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі /Абонемент/ оқу залы, әдістемелік-библиографиялық бөлім, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі және т.б. бөлімдерден тұрады. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі /Абонемент/ кітапханашылары арнаулы орта білімді маман Шүйіншалиева Гүлжанат Алтайқызымен жоғары білімді маман Искакова Ақнұр Тілектесқызы жоспарлы жұмыстарымен кең көлемде көрмелер ұйымдастырып, оқырмандар конференциялары, жыр кештері т.б, мәдени шаралар өткізіп келеді. Оқу залының ең негізгі принципі – барлық оқырмандарға бірдей сапалы қызмет көрсету, оқырман сұранысын қанағаттандыруда оқырмандардың талап тілегі өскен сайын, оған сәйкес кітап қорының мазмұны мен сапасы да өсіп келеді. Кітапханашылар арнаулы орта білімді Музафарова Динара Тынышқалиқызы мен Қабесова Жазира Жауынбайқызы «Жаңа әдебиет сіздер үшін» айтулы мерейтой, даталы күндерге орай кітап көрмелерін ұйымдастырып, түрлі бағытта іс-шараларды оқырмандармен өткізіп келеді.
Кітапхана қорын толықтыру және өңдеу бөлімі түрлі білім салаларын тұтас қамтитын басылымдар түрін жинақтап толықтырып тұрады. Жаңадан түскен кітаптарды аудан орталығымен бөлімше кітапханаларына таратады. Кітапхана жұмысын автоматтандыруда «КАБИС» бағдарламасы бойынша электронды каталог жасақталуда. ОКЖ 2006 жылы КАБИС бағдарламасымен электронды мәліметтер қорында барлығы 17877 жазба бар, оның 358 библиографиялық, 17519 жазбасы электронды каталог. Кітапхана жұмысын бүгінгі күн талабына сай ұтымды ұйымдастыра алатын, кітапхана саласында жемісті қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі мамандар кітапты өңдеу және толықтыру бөлімінің меңерушісі Сәндібекова Сәния Шаңгерейқызы, кітапханашы Сауғабаева Алтыншаш Ахатшақызы, әдіскер Ержанова Қымбат Сағынқызы, библиограф Есқайрова Эльмира Жақсылыққызы қызмет етіп келеді.
Бүгінгі таңда ұлттық мәдениетті өркендетудің алғы шарттары ауыл мәдениетінің ошағы болып табылатын ауыл кітапханаларын қазіргі заман талабына сай қайта түлетіп, ұлттық негізге сүйеніп, жасөспірімдерге елжандылық пен имандылық тәрбиесін беруге жұмылдыру бағытында көптеген игі істер атқарылып келеді.
Тақырыптық көрмелер, танымдық кештер, оқырмандар конференциялары әдеби жыр кештері, «Бір ел - бір кітап» акциясы аясындағы шаралар кең көлемде өткізіліп тұрады. ОКЖ бойынша жетістіктеріміз.
2009 жылы Жұбан Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Үздік кітапханашы» байқауында библиограф Есқайрова Эльмира Жақсылыққызы қатысып жүлделі І –орынды иеленіп дипломмен марапатталды.
«Бір ел-бір кітап» ақциясы аясында оздырылған облыстық байқаудан ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасын оқудан Егіндікөл ауылының оқырманы Ж.Нұрсейтова І – орынды иеленді.
Қоғамымызда – кітаптың құндылығын арттырып, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау бағытында өткен 2012 жылы облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының және облыстық Х.Есенжанов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы-2012» байқауына Төлегеновтер жанұясы қатысып, «Зерделі отбасы» номинациясымен марапатталса, «Үздік оқырман отбасы - 2013» аудандық байқауда бас жүлдені жеңіп алған Егіндікөл ауылдық округінен Бекқазиевтер отбасы, Батыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен облыстық Жұбан Молдағалиев атындағы ОҒӘК және Хамза Есенжанов атындағы ОБЖК ұйымдастыруымен өткізілген «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2013» облыстық байқауына қатысып, наминациямен марапатталды.
Аудандық кітапханада Халықаралық «М.Әуезовті оқимыз» атты акциясы шеңберінде Мұхтар Әуезовтің «Өрісі биік өнегелі тұлға» атты танымдық кеш жасөспірімдер арасында өте тартымды өтті.
2011-2012 жылдары Самара облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Балаларға соғыс туралы кітап оқимыз» атты акцияға қатысып, Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесі дипломмен марапатталды.
«Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде ұйымдастырылған шара, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Өлең, мен сені аялап өтем!» атты шара көпшілік оқырмандар арасында әдеби сазды кеш оздырылды.
1желтоқсанында қазақстандықтар өз тарихында бірінші рет жаңа мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күні аталып өтілді.
Сондай-ақ, Ұлы жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысына катысушы ардагерлермен өткен кездесу кеші өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» мерекесі болып бектілуіне орай «Отбасы және кітапхана» клубының ұйымдастырумен «Отбасы көркем әдебиетте» атты дөнгелек үстел оздырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |