Қарғалы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2001



Дата17.06.2016
өлшемі28.76 Kb.
#142882



Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3587 болып тіркелген

Қарғалы ауданында бейбіт жиналыстар,

митингілер, шерулер, пикеттер және

демонстрациялар өткізу тәртібін

қосымша реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қарғалы ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.

2.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

________________А.Утегенов ______________Х.Жылқыбеков

2013 жылғы « »__________ № ____

Аудандық мәслихатының шешіміне

қосымша


Қарғалы ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,

пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары





р/с


Ауыл атаулары

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,

пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары





1

Бадамша селосы

Мәдениет және демалыс орталық саябағының Есет батыр көшесі жағынан орталық кіреберіс аумағы

2

Степной ауылы

Д.А.Қонаев көшесіндегі «Степное» ЖШС-нің ғимараты алдындағы алаң

3

Ащылысай селосы

Бауыржан Момышұлы көшесіндегі клуб алдындағы алаң

4

Қос Естек ауылы

«Бірлік» көшесіндегі техника жөндеу станциясы алдындағы алаң

5

Ш.Қалдаяқов ауылы

Абылай хан көшесіндегі ескі клуб алдындағы алаң

6

Жосалы селосы

Мектеп көшесіндегі «Жосалы Агро» ЖШС-нің ғимараты алдындағы алаң

7

Әлімбет ауылы

Қазақстан көшесіндегі спорттық алаң

8

Велиховка ауылы

Орталық көшесіндегі клуб ғимараты алдындағы алаң

9

Петропавл ауылы

Қарғалы көшесіндегі стадион





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет