Арифметикалық амалдар



Дата28.06.2016
өлшемі56.95 Kb.
#162831
Өрнектер

Өрнектер кейбір мәндерді есептеу ережесін белгілейді. Өрнектер тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан, амалдарды орындау белгілерінен және жақшалардан тұрады.     



Арифметикалық амалдар

Төмендегі кестеде Турбо Паскальдің негізгі арифметикалық амалдары көрсетілген.

 


Белгілер

Операция атауы

Мысал

*

көбейту

2*3 (нәтиже: 6)

/

бөлу

30/2 (нәтиже: 1.5E+01)

+

қосу

2+3 (нәтиже: 5)

-

азайту

5-3 (нәтиже: 2)

div

бүтін бөлу

5 div 2 (нәтиже: 2)

mod

бүтін қалдық

5 mod 2 (нәтиже: 1)

 

Логикалық амалдар

Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады:



  • NOT – логикалық терістеу ("ЕМЕС")

  • AND – логикалық көбейту ("ЖӘНЕ")

  • OR – логикалық қосу ("НЕМЕСЕ")

  • XOR - логикалық "Аралас НЕМЕСЕ"

Типтері логикалық болып табылатын А және В айнымалыларымен орындалған осы амалдардың нәтижесі төмендегі ақиқат кестесінде бейнеленген:

A

B

 not A 

 A and B 

 A or B 

 A xor B 

true

true

false

true

true

false

true

false

 

false

true

true

false

true

true

false

true

true

 false 

 false 

 

false

false

false

 

Қатынас амалдары

Қатынас амалдарына мынадай амал түрлерін жатқызуға болады: 



  • > - үлкен

  • < - кіші

  • = - тең

  • <> - тең емес

  • >= - үлкен немесе тең

  • <= - кіші немесе тең

 

Қатынас амалдарымен тек сандарды ғана емес, символдарды, жолдарды, жиымдарды және белгілерді салыстыруға болады.

 

Амалдарды орындау тәртібі

Алгоритмдік тілдерде (Паскаль, Бейсик, Си т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикалық орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту т.б. амалдар орындалады. Төмендегі кестеде әр түрлі амалдардың орындалу реті көрсетілген.



Реті

Амалдар түрі

Амалдар немесе оның элементі

1.

Жақша ішіндегі өрнектер

(     )

2.

Функция мәндері

Функциялар

3.

Унарлық амалдар

@, not, бірорынды + және -

4.

Көбейту, бөлу түріндегі амалдар

*, /, div, mod, and, shl, shr

5.

Қосу амалдары

+, -, or, xor

6.

Қатынас амалдары

=, <>, <, >, <=,  >=, in

  

   Амалдардың орындалу тәртібін өзгерту үшін жақшаларды пайдалануға болады. Мысалы 2*5+10 өрнегінде әуелі көбейту емес, қосуды орындау қажет болса, 5 пен 10 санының қосындысын жақшаға алып жазамыз. Сонда өрнектің нәтижесі 20 емес, 30-ға тең болады. 2*(5+10)=30.

 

Негізгі математикалық функциялар

Турбо Паскальдің жүйелік кітапханасында алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде фунцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет.

   Турбо Паскальдің негізгі математикалық функцияларына мыналар жатады:

Abs(X)


X-тің абсолюттік шамасын береді.

 

Cos(X), Sin(X)



Х санының  косинусын (синусын) береді, мұндағы Х – радиан бұрышы.

Тангенс және котангенс функциялары Турбо Паскаль тілінде жоқ. Оларды есептеу үшін sin(x)/cos(x) (немесе cos(x)/sin(x) – котангенс үшін) өрнегі қолданылады.

 

ArcTan(X)



Х санының арктангенcін береді.

 

Exp(X)



е-нің Х дәрежесін есептейді.

 

Ln(x)



Х санының натурал логарифмін есептейді.

 

Pi



-дің мәні, pi = 3.14159265

 

Sqr(X)



X-тің квадратын есептейді .

 

Sqrt(X)



X-тің квадрат түбірін есептейді.

 

Trunc(X)



Х нақты санының бүтін бөлігін береді. (Х санының бөлшек бөлігі алынып тасталып, функция нәтижесінің типі Longint болады)

 

Frac(X)



X санының бөлшек бөлігін береді.

 

Int(X)



Х санының бүтін бөлігін береді. Бұл функцияның Trunc функциясынан айырмашылығы есептеу нәтижесінің типі real түрінде болады.

 

Round(X)



Х нақты санын бүтін санға дөңгелектейді.

 

Random(X)



0..Х диапазоны арасынан кездейсоқ бүтін санды анықтайды.      

Программада Random функциясын қолданбас бұрын, әуелі кейдейсоқ сандардың генераторы Randomize процедурасын іске қосқан жөн. Егер бұл процедура жазылмай кетсе, кездейсоқ сандардың бір тізбегі қайта-қайта шыға беретін болады.



Мысал    .-10..10 диапазоны арасынан кездейсоқ 5 санды шығару.

var i: integer;

begin

   randomize;



   for i:=1 to 5 do writeln(random(21)-10);

end.


 

Inc(X,Y)


Х-тің мәнін Y-ке арттырады. Егер Y саны көрсетілмей кетсе, Х-тің мәні автоматты түрде 1-ге артады.

 

Dec(X,Y)



Х-тің мәнін Y-ке кемітеді. Егер Y саны көрсетілмей кетсе, X-тің мәні 1-ге кемиді.

Ақпарат көзі: www.TemaKosan.net интернет сайты

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет