Қаржаубай сартқожаұЛЫ, филология ғылымдарының докторы, халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, түрколог Байырғы түрік мәтіндеріндегі ⋈ әріп кескінінің оқылымы



Дата15.06.2016
өлшемі47.73 Kb.
#137252


Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ,

филология ғылымдарының докторы,

халықаралық Шыңғыс хан

академиясының академигі, түрколог
Байырғы түрік мәтіндеріндегі ⋈ әріп кескінінің оқылымы
Бүгінге дейін байырғы түрік мәтіндерінде әріп кескіні төмендегі ескерткіштерде кездеседі.

Жазу мәтіндерінде әріп кескіні ретінде:



  • Талас сағанасы (Ашықтас) – 2 мәрте.

  • Уюк-Аршан (Е. 2) – 1 мәрте.

  • Бай-Булун (Е. 49) – 1 мәрте.

  • Карбан (Таулы Алтай) – 1 мәрте.

  • Талас ҮІІ – 1 мәрте.

  • Тұй-ұқұқ мәтінінде (Тұй. 26) – 1 мәрте.

  • Тайхартасы – 1 мәрте.

  • Бэгэр мәтіні (Монғолия) – 1 мәрте.

  • Теркін мәтінінде – 3 мәрте.

  • Барлығы – 12 мәрте.

Осы әріп кескініне В.Банг «baš» [1.289], С.Е.Малов В.Бангінің оқылымын тура қабылдады [2.70]. Р.Жиро «ča/če» [3.52], Г.Клосон «lyq, nуq» [Сlouson G. Тurkish аnd Моngolian studies. S.78], И.В.Кормушин Г.Клосонның оқылымын қабылдады [4.172, 258-260], Т.Текин «baš» [5.24], А.Аманжолов «-rt» [6.81], И.Л.Кызласов «sy/si» [7.133-134] деген оқылымдарды ұсынды. Зерттеушілердің көбі «baš» деген оқылымды қабылдағанымен оған күдікпен қараушылар, сенбеушілер тобы көбейді. Н.Р.Кормушин Г.Клосонның «lyq» оқылымын қабылдаса, беделді түрколог А.М.Щербак бұл оқылымдардың бірде біреуін қабылдай алмады. Біз аталмыш ғалымдардың ұсыныстарын жоғарыдағы 9 мәтіндегі жекелеген лексикондардың орнына қоя отырып сараптағанымызда, И.Л.Кызласовтың оқылымы этнолингвистикалық тұрғыдан да, грамматикалық жағынан да жақын келгенін мойындауға тура келді. Нәтижесінде И.Л.Кызласовтың «sy/si» оқылымын «аs/уs» «sа/sу» деп түркі тілінің үйлесім заңы бойынша тек қана жуан айтылатын сөздерге ғана қолданған болуы мүмкін деген тұжырымға келдік. Сөйтіп байырғы түрік әріп кескінін «аs/уs» деп транскрипциялауды жөн көрдік.

1. Теркін мәтінінде  «qas qayaš» (Қас қаласы) [Терк.28]. «qaš» - қас тас (нефрит) [МК.ІІІ.52; ДТС.431]. «Qasy» - Қашқариядағы жер атауы [МК.ІІІ.224; ДТС.430]. «qajas» - қала. Ерте орта ғасырда «qara qаjаs» [МК.ІІІ.172; ДТС.424], «saруrɣ qаjаs» [МК.ІІІ.172; ДТС.485] деп аталатын қалалар болған. Қашқар қаласының ежелгі атауы болуы да мүмкін. Өйткені бүгінге дейін Қашқарияның қас тасы (нефрит) әлемге белгілі. Бүкіл бүтін нефрит тауынан әлемнің түкпір-түкпірінен келіп қас тасын алады.

2. Теркін мәтінінің 27 жолында  деген әріп кескіндері қашалған. Зерттеушілер бұл сөзді дұрыс оқып бере алмаған. Жоғарыда қолданған әдістемеміз бойынша транскрипция жасасақ «Saq ajbas» қандас сақ айбас [тайпасы] деп оқылынады. Бұдан бұрын байырғы түрік бітіг жазбаларында кездеспеген дерек. «saq» ежелгі сақтар. Қазақ тілінде «сақара», «әлім сақ», «сақа» деген көне сөздер сақталған. Мұндағы «сақ+ара» сөзі «сақ» әрине ежелгі сақ болуы бек мүмкін. «Аra» кеңістікті білдіреді. Сондықтан да қазақтар ұлы даланы «сақара» деп атап, өздерін «сақара халқымыз» дейтін. «Әлім сақтан» ежелгі дәуірден деген мағына береді. «Сақа» сөзі жетілген, толысқан деген мағына береді. Өйтсе ежелгі сақтар түркі халықтарының жадына бұрыннан сақталғандығын көрсетеді. Қытай деректерінің кітаби оқылымында «сэ» немесе «сай» деп оқылады [8.189]. Қытайдың «Цзюаньду елінің баяны» атты деректе [ХШ., гл. 96А, с.19 б, 8] сақтар туралы арнайы бөлім арнаған. Сақ (скиф) тайпаларының тұрақты мекендерін көрсеткен деректер сақталған. Онда Гуй-шуйда (Амударияда) сақтардың жекелеген тайпалары өмір сүреді деп белгілеген [ХХШ, гл. 88, с. 20а, 2-4; 8.189]. Міне, сол сақтардың Айбас тайпасы Біріккен түрік қағанатының оң қанатына (тардуш) б.з. 753-жылдары еніп, Ұлығ Білге жабғудың (ябғу) қарамағында болғаны туралы мәтінде жазып қалдырған.

Жоғарыда біз сөз еткен сақ (скиф) атауын және осы Қас қайас қаласының атын түріктер ежелгі буын жазуының дәуірінде қасиетті деп аталған таңбамен белгілеген болуы да мүмкін. Байырғы түрік бітіг жазуына реформа жасалғанда ежелден елдің елтаңбасы (рәмізі) болған, тайпалар мен тайпалық одақтың қасиетті таңбасы болған қасиетті әрі киелі таңбаны түрік бітіг сапынан алып тастай алмаған сияқты. Өйткені ұлттық дәстүрге берік түріктер бұл таңбаның киесінен қорыққан болар. Бір заманда осы кескінмен бүкіл бүтін сақтардың атауын белгілеген болуы да әбден мүмкін.

Ал қас тасының қасиетін әлем халқы ерте танып біліп қастерлеп, қадірлеп киелі тас ретінде бағалағаны ғылымға ежелден белгілі. Міне, осы киелі екі атауды «s» әріпінің басқа кескіндері бола тұра киелі кескінмен белгілеген. Сөйтіп, жүздеген жылдар бойы сақтармен (скиф) қас тасын белгілеп келген дәстүрді бұзбай таңбаны «аs/sу» мәнді әріп кескінінің орнына қолданған болуы да мүмкін.

Бізге жеткен археологиялық ақпаратқа жүгінсек бұл кескінді ежелгі еуразия көшпелілері төмендегі екі үш түрлі қолданыста пайдаланыпты. Солардың бірлі-жарымын дерек ретінде көрсетсек:

1. Тайпа таңбасының орнына және елтаңба (рәміз) ретінде қолданған деректер.


  • Тэвш-ула петроглифі. Қола дәуірі. Б.з.б. ІІІ-І мың жылдық [9.253-256].

  • Батыс Монғолия. Қола, темір дәуірі. Б.з.б. ІІІ – б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ аралығы [10.147-179].

  • Цахир петроглифі. Темір дәуірі. Б.з.б. Х-І ғғ. [11.22, 274-276; 12.107-108].

2. Ежелгі түрік бітігінің буын жазуында.

  • Сарөзен І. ҚХР. Б.з.б. ХІҮ-ҮІІІ ғғ [12.114].

  • Сарөзен ІІ. ҚХР. Б.з.б. ҮІІ-ІҮ ғғ [12.116-117].

3. Реформадан бұрынғы түрік бітігте.

  • Хунну (сюнну) жазуында [12.125].

  • Орта Азия бітігтерінде [12.125].

Бұл археологиялық тарихи деректер кескін б.з.б. ІІІ мыңжылдықтан бастап арада үзіліссіз түрік бітіг жазуына дейін ежелгі сақ (скиф), түріктердің қасиетті рәмізі, нышаны (символ) логограммалық және силлабограммалық (буын жазуы) жазу ретінде қолданыста болғанына көз жеткіземіз. Өйтсе, ежелгі сақтардың (скиф) қасиетті символдары ай, күн, тауешкілермен бірдей деңгейде бұл символды қолданған деп батыл тұжырым жасауға болады. Оның тағы бір бұлтартпас айғағы Бор-Бургасун (Таулы Алтай Республикасы, Қош-ағаш ауданы, Шүй бойы) мәтіні қашалған тастың бір бетіне осындай таңба сызып «tutmys» (тұттым) – «бас идім», «табындым» деген мағында жазып қалдырған. Қасиетті таңбаға ежелгі сақтар мен түрік қағанатының символы (нышаны) болған таутекенің мүйізін сызып қалдырған. Бұл тарихи деректер ежелден халық жадында киелі (қасиетті) деп сақталған кескінді түріктер жазуына реформа жасаған кезде мүлде алып тастамай, қасиеттілігін еске алып, киелілігіне табынып, дәстүрлі түрде қолданып келгенін көрсетеді.
Қысқартылған атаулар

ДТС – Древнетюркский словарь

МК – М.Қашқари сөздігі

Терк. – Теркін мәтіні



Пайдаланған әдебиеттер

  1. Bang W. Тurсіса. // «Mitteilungen der Vorderasiatische Gesellschaft» Jg. 1916, Leipzig, 1917.

  2. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии. Л., 1959.

  3. Giraud R. L'inscription de Bain Tsokt' Edition critique. Раris, 1961.

  4. Сlаuson G. Тurkish аnd Моngolian studies. London, 1962.

  5. Теkin Т. А grammar оf Оrсhon Тurkic. Bloomington, 1968.

  6. Аманжолов А. К генезису тюркских рун // ВТ. №2. 1978.

  7. Кызласов И.Л. Рунические письменности Евразийских степей. 1994.

  8. Малявкин А.Г. Танские хроники о государствах Центральной Азии (тексты и исследование). Новосибирск. 1989.

  9. Окладников А.П. Петроглифы Центральной Азии. –Л., 1980.

  10. Дорж Д., Новоградова Э. Петроглифы Монголии. –УБ., 1975.

  11. Цэвэндорж Д. и др. Хайрханы хадны зураг // Айвенход майнз Монголиа ИНК. –УБ., 2004.

  12. Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік жазуының генезисі. 2007.

  13. Шинэхүү М. Тариатын Орхон бичгийн шинэ дурсгал. Улаан-Баатар, 1975.

  14. Кlyashtorny S.G. Тһе Теrkhin inscription. Leningrad, 1983.

  15. Теkin Т. Kuzey Moğolistanda yeni bir uygur aniti: Тaryat (Теrhin) kitabesi. Аnkara, 1983. Рр.795-838.

  16. Кормушин И.В. Тюркские Енисейские эпитафии (тексты и исследования). М., 1997.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет