Қаржыландыру көздері және төлем түрлері



Дата21.06.2016
өлшемі23.47 Kb.
#151581

Қаржыландыру көздері және төлем түрлері


Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың негізгі міндеті зейнетақы және жәрдемақыларды уақытылы төлеу болып табылады. Қаржыландыру Республикалық бюджеттен(бұдан әрі - РБ) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) жүргізіледі.

Республикалық бюджеттен:

- зейнетақы;

базалық зейнетақы төлемі;

мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар:

· мүгедектiгi бойынша;

· асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша;

· жасына байланысты берiлетiн;

мемлекеттiк арнайы жәрдемақы:

· жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген тұлғаларға (№1 тізім бойынша);

· еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген тұлғаларға

( №2 тізім бойынша);

- бала тууына байланысты бiр жолғы жәрдемақы;

- бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жәрдемақы;

- мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, ұл бала (қыз бала) асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мемлекеттік жәрдемақы;

- арнайы мемлекеттiк жәрдемақы:

· Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

· Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;

· Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердiң жесірлері;

· Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен мүгедектік тобы бар қатысушыларының әйелдері (ерлері);

· Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi Даңқ, үш дәрежелi Еңбек Даңқы ордендерiнiң иегерлерi, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметтi атағына ие болған адамдар;

· Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;

· Ұлы Отан соғысы жылдарында ордендермен және медальдармен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) адамдар;

· ЧАЭС апат салдарын жоюға қатысушылар;

· 1,2,3 топтың мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

· Алтын алқа, Күміс алқа белгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1 және 2 дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

· Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;

· Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;

· Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы алатын тұлғалар.



· Жерлеуге арналған бір жолғы төлемақы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет