2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша қаржылық есептілікті әзірлеу және бекіту үшін басшылықтың жауапкершілік өтініші
Басшылық 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күйі бойынша «Tengri Bank» Акционерлік қоғамының (бұдан кейін – «Банк») қаржылық жағдайын шынайы сипаттайтын қаржылық есептілікті дайындау үшін, сондай-ақ Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына («ҚЕХС») сәйкес жоғарыда көрсетілген күні аяқталған жыл бойынша оның қызметінің нәтижелері, ақша қаражатының қозғалысы мен капиталдағы өзгерістері үшін жауап береді.
Қаржылық есептілікті дайындау кезінде басшылық төмендегілер үшін жауап береді:
Сонымен қатар басшылық төмендегілер үшін де жауап береді:
Банктің барлық құрылымдық бөлімшелерінде тиімді және сенімді ішкі бақылау жүйесін жасау,
ендіру және оның қызмет етуін қамтамасыз ету;
Банктің қаржылық жағдайы туралы есептілікті жеткілікті дәрежедегі дәлдікпен кез келген сәтте дайындауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру және жүргізу және қаржылық есептіліктің ҚЕХС сай болуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу;
Банктің активтерін сақтау үшін өз құзыреттерінің аясында шара қолдану;
алаяқтық жағдайларын және басқа да қаскүнемдіктерді айқындау және олардың алдын алу.
Банктің 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша осы қаржылық есептіліктігі Басқармамен 2020 жылдың 9 шілдесінде бекітілді.
Достарыңызбен бөлісу: |