Қаржылық жоспарға үш құжат жатады:
-
Түсім мен шығындар туралы есеп;
-
Жоспар-баланс;
-
Ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп.
Пайда мен шығындар туралы есеп
Кәсіпорынның пайдалы жағын бағалау үшін мынадай ақпаратті міндетті білу қажет:
-
Сату көлемін болжау;
-
Тура шығындардың мөлшерлік көлемі;
-
Үстеме шығындар көлемі.
Сату көлемін болжау. Бизнеске әсер ету факторын анықтауға мыналар жатады:
-
Сату көлемінің маусымдық ауытқуы
-
Тауарлардың жаңа түрін жасау
-
Сауда айналымынан кейбір тауар түрлерін алып тастау
-
Экономикалық жағдайдың жергілікті ерекшеліктері
-
өндіріс алаңдарын кеңейту
-
тауар сату ұйымдары және басқалар.
Тура шығындар. Тура шығындар дегеніміз – бұл тауар сату ұйымдарымен байланысты кеткен шығындар. Түсімді жоспарлау кезінде сату көлеміндегі пайыздық түрдегі шығындарды елестетіп көреу керек. Кей кездерде тауар қоры жоғарылап кетсе мұны да түсімді жоспарлау процесінде негізге алу қажет.
Үстеме шығындар. Көп жағдайларда үстеме шығындардың көлемі үстеме шығындар бағасын бір жылға бөлу арқылы анықталады.
Ереже бойынша, коммерциялық қызметті жасауға байланысты оларға мыналар жатады:
-
арендалық төлем;
-
еңбек ақы;
-
көлік шығындары;
-
салық төлемдері;
-
іссапар шығыны;
-
кеңсе қажеттілігі шығындары;
-
байланыс қызметін пайдалану шығындары;
-
банктік несие мен басқа да ақшалай төлемдердің проценттері;
-
жарнамаға кететін шығын;
-
амортизациялық бөлінулер.
АКТИВ
|
∑
|
ПАССИВ
|
∑
|
НЕГІЗГІ КАПИТАЛ
|
НЕГІЗГІ КАПИТАЛ
|
Жер
|
|
Акционерлік (Жарғылық) капитал
|
|
Жылжымайтын мүлік
|
|
Акционерлік (Жарғылық) капитал
|
|
Жылжымайтын мүлік
|
|
Акционерлік (Жарғылық) капитал
|
|
Жылжымайтын мүлік
|
|
|
|
Амортизация
|
|
|
|
|
|
|
|
АЙНАЛЫМ КАПИТАЛ
|
|
МІНДЕТТЕМЕЛЕР
|
|
Есептесу есебінде касса мен ақша
|
|
Қысқа мерзімді несиелер
|
|
Дебиторлық қарыз
|
|
Басқа да қысқа мерзімдік қарыздар
|
|
Дебиторлық қарыз
|
|
Ұзақ мерзімді міндемелер
|
|
Шикізат пен материалдар қоры
|
|
|
|
Аяқталмаған өндіріс
|
|
|
|
Баланс активі екі негізгі бөлімнен тұрады:
-
айналым қаражаты немесе ағымдық активтер, – олар жыл көлемінде қолма-қол ақшаға айналады.
-
Негізгі қаражат немесе фиксациялық активтер, ереже бойынша бірнеше жылдан кейін қайтып оралады, демек фирмаға ұзақ мерзімде қызмет етеді.
Материалдық емес активтер патенттер мен лизингтерге кетеді, сонымен қатар «фирма бағалары» - «гудвилла» немесе оның сауда маркасының құндылықтары сауда-саттықтың негізгі құралы болуы мүмкін. Бүгінгі күні кейбір қазақстандық фирмалар ғана өз гудвиллін анықтай алса, шетелде бұл кең тараған.
Пассивтер өз несие берушілері мен жеке фирма капиталы алдындағы міндеттерді атқарады.
Міндеттеме өз кезегінде ағымдық және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Ағымдық – оны жыл көлемінде төлеуге болса, ұзақ мерзімді – одан да ұзағырақ мерзімде төленеді.
Есеп бер кезеңнің балансы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қызмет етеді.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (Cash Flow)
Ақша қаражатының қозғалысы жоспарының көмегімен кәсіпкер өзінің айналым қаражатын анықтау үшін кез келген уақытта қысқа мерзімді несиедегі қажеттіліктерін бағалай алады.
Түсім есептері туралы есептен ерекшелігі ақша түсімдері туралы есеп акция сату мен алынған ақша сияқты барлық қаржы көздерінен түскен ақшалық түсімдерді есептейді, сонымен қатар кейбір активтердің тарауы мен сатылуынан түскен қаржыны да есепке алады. Шығындауға келсек, ақша түсімдері туралы есеп барлық шығындарға кеткен ақшаны есептейді.
Ақша қаражатының айналымы жоспарын құру үшін екі маңызды көрсеткішті анықтап алу керек:
-
Күтілген ақша түсімдері
-
Күтілген төлемдер.
Түсім
Түсімге ағымдық есептегі және қолма-қол ақша төлемдері жатады. Түсім кәсіпорынның сауда қызметімен байланысты және тауар сату нәтижесі мен қызметі кезінде туады. Түсімнің басқа көздері болып мыналар саналады:
-
Банктік несиелер;
-
Басқа мекемелер мен жеке тұлғалардың несиелері;
-
Арнедаға берілген сауда орындарының арендалық төлемдері;
-
Қандай да бір керек емес кәсіпорындарды пайдаланғандағы төлемдер.
Төлемдер
Төлемдерге түрлі баптардың көптеген сандары жатады, яғниқосымша тауар қорын ұстау, жабдық сатып алу, үстеме шығындар мен ағымдық шығындар жатады. Ақша қаражаты туралы есепке амортизация жатпайды.. Ақша қаражатындағы болашақ қажеттіліктері сауда көлемін ұлғайтуға және жоспарланған барлық шығындарға жететіндей болуы керек.
Қаржылық жағдайдың бағасы
Қаржылық есептерді жасау қаржылық жоспарлаудың соңғы қадамы емес. Оның сапалық жағын да тексеру қажет, яғни компания жағдайының индикаторы болып табылатын жасалған нормалар мен нормативтерге сәйкестігін анықтау. Мұндай индикаторларға мыналар жатады:
-
Жоспарды іске асыру барысында фирма қызметінің шапшаңдығын көрсететін қаржылық көрсеткіштер. Олар пайда көрсеткіштері, капитал ұтымдылығы, қаржылық қызметтің көрсеткіші.
-
Нақты жобаларда инвестициялардың қолайлығын көрсететін инвестиция қолайлығының көрсеткіштері: салынған қаржыларды қайтарудың уақытын көрсететін өтемділік мерзімі; жаңа өнім мен жаңа қызметтің пайдалық жағына әсер ететін кіріс көлемі; кірістің ішкі нормасы мен инвестиция тиімділігінің нормасы.
Достарыңызбен бөлісу: |