«Қармақшы аудандық бiлiм
бөлiмi» коммуналдық
мемлекеттiк мекемесiнiң
Ережесiн бекiту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының
8) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қармақшы аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Б. Накиповке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қармақшы ауданының
әкімі С. Мақашов
1
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «____»_________
№ қаулысымен бекітілген
«Қармақшы аудандық бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
-
Жалпы ережелер
-
«Қармақшы аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қармақшы ауданының білім саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органы болып табылады.
-
Бөлімнің құрылтайшысы Қармақшы ауданының әкімдігі болып табылады. Бөлімге қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын «Қармақшы аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның тұрған жері: индекс 120500, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі №7.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қармақшы аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесі.
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы: жоғары, білімді, бәсекеге қабілетті, интелектуалды ұлт тәрбиелеу.
15. Міндеттері:
1) ұлттық және адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жаңа адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;
2
2) білімді дамыту жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
3) білім беруді дамыту жөніндегі келешекті, ағымды және мақсатты бағдарламаларға талдау жасап, жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру.
16. Функциялары:
аудандық білім беру ұйымдарының білімді дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру, сондай-ақ ауданның жергілікті атқарушы органдарымен саланың көкейтесті проблемаларын іс – жүзінде шешуге қатысты мәселелер бойынша іс-әрекет жасау.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) білім беруді дамыту бағдарламаларын іске асырады;
2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
3) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
5) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
6) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
7) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
8) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
9) аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
10) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
11) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
12) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
3
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
14) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
15) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
16) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
17) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
18) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
19) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
20) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
21) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
22) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді ;
23) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
24) жергілікті бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарының уәкілетті басқару органы болып табылады;
25) меншік нысандары мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне мезгіл-мезгіл бақылау жасауды ұйымдастырады және өз құзыреті шегінде жүргізіп отырады;
26) педагог кадрларға белгіленген тәртіппен атақтар, медальдар, белгілер, дипломдар, жүлделер, грамоталар мен бағалы сыйлықтар береді және өз құзыреті негізінде марапаттайды;
27) бөлім білім беру ұйымдарына өз ережесінде, жарғысында көзделген тәртіп бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндірістік-шаруашылық және ақылы қызметтерін жүргізуге рұқсат етеді.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
4
1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;
2) орынбасарының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
3) қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;
7) секторлардың ережелерін бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Бөлімнің мүддесін білдіреді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
10) гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Бөлім басшысы басқарады.
24. Бөлімнің жұмыс режимі:
дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
4. Бөлімнің мүлкі
25. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. Бөлімге бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
28. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Таратылған жағдайда Бөлімнің мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады
5
«Қармақшы аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі:
1. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №28 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №79 негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №80 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №85 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №99 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің А.Жанпейісов атындағы №105 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №106 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №107 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №108 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №109 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №111 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №113 Қаракөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №185 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №186 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №199 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №121 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №269 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6
24. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №272 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №273 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №274 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№276 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №277 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №279 орта мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
«Қармақшы аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы қазыналық кәсіпорындарының тізбесі:
1. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №24 балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
3. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің «Аудандық кешкі жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
4. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің «Жас өркен» лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
5. «Қармақшы аудандық білім бөлімінің «Аудандық оқушылар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
6. «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Достарыңызбен бөлісу: |