Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары



бет1/6
Дата16.11.2022
өлшемі44.17 Kb.
#464983
  1   2   3   4   5   6
приложение каз





Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы «____»_________
№ ______ бұйрығымен
бекітілген


Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі-Өлшемшарттар) білім беру ұйымдарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру кезінде оларды пайдалану мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.


2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары – білім беру ұйымын бағалауды анықтау үшін қолданылатын, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген талаптардың жиынтығы;
2) бағалау өлшемшарттары – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүргізуге негіз болатын белгілер мен нақты өлшеуіштер;
3) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
4) кешенді тестілеу – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
5) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;
6) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
7) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет