Армысың, Шешендік өнер!



Дата08.04.2023
өлшемі16.79 Kb.
#471935
Армысың, шешендік өнер!


Армысың, Шешендік өнер!
Шешендік өнер — қанымызға дарыған бабаларымыздың нәрі.Ол ұлттық құндылығымыз,ерекшелігіміз.Қазақ шeшeндiк сөздeрiнің түбі түркiлiк танымнан бастау алады.Қазақ шешендік өнері ұлтымыздың қасиеті,көркeмдiк қyаты,рyхани азығы.Шешендік өнер – ауыз әдебиеттің ерекше бір жанры.Шешендік өнер – халқымыздың болмысы, рухымыздың үні. Қазақ халқының шешендік өнерінің әуелгі белгілері,нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енесей ескерткіштерінен табылған.Оның ішіне Қорқытты М.Қашқари, Баласағұни А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезмді жатқызамыз.
Халықтың рухани болмысы үшін,мәдениет пен руханияттың салалары саналатын кітаптар,өнер, көркем шығармалар мен театр қойылымдары сияқты теледидар да зор тәрбиелiк мағынаға ие. Бүгінде теледидарды адамдар жаппай көреді дей алмаймын.Дегенмен көпшіліктің сұранысына ие екені де анық.Телеарналарға шыққан дүниелер,ғаламтор беттерін де кезіп жүреді.Ал, ғаламторды көрмейтiн,қолданбайтын адам кемде-кем шығар. Мiне, осыдан-ақ қоғамдық ой тудырып, қалың бұқараға бағыт-бағдар беретiн тәрбие құралы ретiнде теледидардың орны айқын көрiнедi.Телеарналарда қаптап жүрген,сапалы-сапасыз,мәнді-мәнсіз бағдарламардың өрескел қателіктері халықтың санасын улайды.
Бүгінгі дебат,дискуссия, ток-шоуда шешендік өнердің түтіні түтеп,көлеңкесі де аздап көрініп жатады.Шешендікті бастан сөз асырмау,жеріне жеткізіп төмендету,қарсыласын құлдырату деп ойлайды.Бабалар сөзін орынсыз тақырыптарға қолданып,мәртебесін түсіріп жатады.Арсыз атақ, абыройсыз мадақ қуған адамдар шешендікті жете түсінбейді.Бес саусақтың бірдей еместігі анық.
Сөз арқылы жүректі жұбатуға да ,жылатуға да болады. Шешендік өнердің ұлтты тәрбиелеуші құрал екенін түсінгендер де бар.Өткеннің өнегелі сөздерін үнемі халықтың бойына сіңіріп,өмірлік тәжиірбесіне, біліміне қосып айтып жүргендер бар.Нұртөре Жүсіп, Мұхаммеджан Тазабеков,Бекболат Тілеухан сынды ағаларымыз шешендіктің ағартушылықтағы орнын түсінген жандар.
Шешендік өнер- тек сөз өнері емес.Тәрбие мен ұлттық ұстанымның мөлдір бұлағы.Сол себепті де, осы бағдарламаларға шешеннің көзімен қарап, саралағым келді.Енді отандық телеарналар ұсынып жүрген жалпылама бағдарламаларға көз жүгіртсек. Ұлтымыздың менталитетiне кереғар дүниелердi көзiмiз шалып қалатыны жасырын емес.Ақ пен қара қатар жүретін ғаламда жақсы мен жаманның да бірге жүруі заңдылық.Терең мәңге ие, тағлымы мол бағдарламалар да жоқ емес, бар.Мысалға: “NUR TILEY”, “QAREKET”, ”Parasat Maidany” .Бұл бағдарламалардың жүргізушілері де өз ісінің шеберлері болды.Сөзді аса байыппен қолдана біледі.Айтар ойын да керемет жеткізеді.Бағдарламалардың жүйесі де тамаша құрылған.Аз уақыт ішінде осы бағдарламалар көрермен көзайымына айналып, руханияттың терең көзі болып та үлгерді...Ағынды судың тазалығына балар едім.
Таяқтың екі ұшы болатыны мәлім.Ұлттық болмысты кірлетіп жатқан бағдарламалар да бар.Халық санасын улап, қоғамда кереғар пікір тудырып жүргендер ,байлаусыз қалғандай.Мысалға:”QOSLIKE”, ”QALAMAIMYN” ,“KEL KELINIM”, “QALAYLIM” .Осы бағдарламаларда бітмейтін ұрыс, өтірік шешенсу, ақылды ақымақтық көрініс табады.Бұл бағдарламалардың құрылымы ғана емес,жүргізушілердің тілдің нормалары да қабырғаңды қайыстырады.
Үздік туған шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Сөзін тыңдаушының жүрегін толқытып, бойын балқытып, көңіліне ұялатудың өзі асқан өнерпаздықты, дарын-қабілетті қалайды.Яғни сөз арқылы адамдардың бойына гумманизмді сіңіруге тікелей әсер ете аламыз.Сөз арқылы қоғамның өзгеруіне, ұлттың нығаюына септігімізді тигіземіз.”Шешен тыңдаушылардың рухани дүниесін байытушы, өмірдегі, қоғамдағы алуан түрлі құбылыстарды байыбына жетіп, талдап түсіндіруші, белгілі бір ой-пікірлерді, халықтық мәселелерді жеткізуші, жан сала насихаттайтын үгітші. Бұл орайда ол - әлеуметтік- саяси тұлға.”,-дейді Серік Негимов.Шешендік өнер ,ұлттық руханияттың жаңғыруына үлес қосады. Шешендік өнердің қайта жаңғыруы—қоғамдық қажеттілік. Қазақ ұлтының сан ғасырлық рухани мәдениетінің жоғалмай, құрымай жетуіне ат салысқан—осы шешендік өнер. Шешендік өнер – қазақтың күретамыры.Шешендік өнердің руханиятпен үндестігі тереңде жатқаны мәлім.Шешендік сөз өнері арқылы ұлттық кодтың қалыптастыруға болады.Ұлттық код- ұлттық болмыстың рухани көзі,түгесілмес қазынасы.Ел тарихты біліп, дәстүрмен сусындап, әдебиетті сезіну арқылы рухани жаңғырады.Осы құндылықтың барлығы ағып жатқан бұлақ болса, шешендік өнер – сол бұлақтың бастауы.Шешендік өнер барлық ұлттық болмысты біріктірген өнердің падишасы.Шешендік өнерді біліп,дәріптеу арқылы рухани жаңғырамыз.Ал,рухани жаңғыру- жарқын болашақ кепілі.
Төнкер Елігімай

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет