«арнайы педагогика және түзету психологиясы»


Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар



бет43/94
Дата10.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#477065
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94
Семей УМК

4.2 Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар
Бастауыш сыныпта педагогикалық тәрбиеден босаңсуға мектептік факторлар өз әсерін тигізеді: талаптардың қатаңдығы, оқу тапсырмаларының көп берілуі, оқу нәтижесін төмен бағалау. Бұдан келіп дидактикалық босаңсу туындайды.
Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған бала тұлғасына мынадай сипаттама беруге болады: қарым-қатынас, іс-әрекет және өзіндік сана субъектісі ретінде толық дамымау және қоршағандармен өзара әрекеттестікте адекватты емес белсенділік таныту. Бастауыш сыныптағы педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалардың өзіндік бағалауы әдетте адекватты емес болып келеді – тым жоғары, немесе тым төмен. Олар әлеуметтік бейімделуінің нашарлығымен, тым өкпешілдігімен, сенімсіздігімен, тұлға аралық қарым-қатынастағы әлсіз интуициямен ерекшеленеді және олардың мінез-құлқында жағымсыздық, қырсықтық, эгоцентризм жиі көрініс береді.
Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар сәтсіздіктерге тез жауап қайтарады, өздеріне сенімсіз, көңіл-күйлері тұрақсыз, жаңа жағдайларға бейімделулері күрделі. Ересектермен қарым-қатынас барысында мұндай балалар қорқытуға сезімтал, ұялшақ, жасқаншақ келеді.
Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар өз жағдайларын агрессивтілік арқылы түзетуге тырысады, өзіне назар аударту мақсатында қауіпті әрекеттер де жасауы мүмкін. Бастауыш сыныптағы педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар қоршағандардың қарым-қатынасына сезімтал болады, өздеріне деген ересектердің қарым-қатынасын олар ең алдымен мұғалімнің бағалаушы әрекетімен («жаман оқушы», «үлгерімі төмен», «қабілетсіз», «нашар оқиды») байланыстырады. Әдетте балалар жаңа іс-әрекетін, яғни оқуларын ересектердің жағымды бағалауына («жарайсың», «ақылды») бағдарланады. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар өздерін ақылсыз, нашар оқушы, қоршағандарға жағымсыз, сүйкімсіз сезінеді. Бұл сезімдер баландағы үрейді күшейтеді, оларды әлеуметтік жасқаншақ етеді және жетістікке деген ұмтылысын төмендетеді.
Мектептік үрей барлық бастауыш сынып оқушыларына тән болғанымен, ол әркімде әртүрлі көрініс беруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет