«арнайы педагогика және түзету психологиясы»



бет42/94
Дата10.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#477065
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94
Семей УМК

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Буторина М, Хилтунен Е. Монтессори – материал. – М.: Мастер, 1992.

  2. Корнетов Г. Метод Монтессори // Частная школа. – 1995 - № 4.

  3. Кукушин В.С. Коррекционная педагогика. – М.- Ростов-на-Дону, 2004. 71-82б.

  4. Кузнецова Е.К. Разработка мим-тренинга (для детей дошкольного возраста), - М. 2005.

  5. Монтессори М. Руководство моему методу. – М, 1916.

  6. Селевко Г.К. Современные технологии педагогики. – М, 1995. 176-179б.

  7. www.google.kz

9- дәріс. Тақырыбы: Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция
Балалардың мектепке даярлығы. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар. Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі. Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алу (2 сағат)


Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция
Жоспары:

    1. Балалардың мектепке даярлығы

    2. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар

    3. Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі

    4. Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алу

    5. Коррекциялық бағдарлама үлгісі

    6. Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар

    7. Бекітуге арналған сұрақтар

    8. Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция тақырыбы бойынша тест

4.1 Балалардың мектепке даярлығы
Бала мектепке келгенде физиологиялық және әлеуметтік жағынан жетілген, ақыл-ой және эмоционалдық-еріктік дамуы белгілі бір дәрежеге жеткен болуы керек. Оқу іс-әрекеті қоршаған орта туралы белгілі бір білімнің болуын, қарапайым түсініктердің қалыптасқандығын талап етеді. Балада ойлау операциялары болуы керек, қоршаған орта заттары мен құбылыстарын жалпылай және жекелей білуі керек, өз іс-әрекетін жоспарлап, өзін-өзі басқара білуі керек. Баланың оқуға деген жағымды қатынасы, мінез-құлқын өзі реттеуі және берілген тапсырманы шешуде ерік күшін көрсете білу қабілеті маңызды болып келеді. Сонымен қатар вербальды қарым-қатынас жасау іскерлігі, қол моторикаларының дамуы да маңызды болып келеді. Сондықтан «баланың мектепке даярлығы» деген түсінік – кешенді, кең ауқымды және бала өмірінің барлық сферасын қамтиды.
Баланың оқуға даярлығының мәнін, құрылымын және компоненттерін түсінуге байланысты оның негізгі критерилері мен параметрлері анықталады. Бірақ мектепке келген балалардың әрқайсысының қабілеттері мен даму деңгейлері әр түрлі, бұл дегеніміз мектепте оқуға дайын балалармен қатар мектепте оқуға әлі де дайын емес балалар да келеді. Олар өз іс-әрекеттерін жоспарлай және бақылай алмайды, оқу мотивациясы төмен, басқа адамды тыңдай алмайды және ұғым формасындағы логикалық операцияларды орындай алмайды. Көп жағдайларда мұндай мектепке дайын болмау педагогикалық босаңсуға әкеліп соғады да, мұғалімдерге олармен жұмыс істеу қиынға соғады.
Мектеп табалдырығын аттау – бала өміріндегі дағдарысты кезең. Оқушының басты ерекшелігі оның оқуы - міндетті және қоғамдық маңызы бар іс-әрекет. Оқушының өмірі қатаң, әрі барлық оқушылар үшін бірдей ережелер жүйесіне бағынышты. Оның негізгі құрылымы білімді игеру болып табылады. Жаңа қарым-қатынас типі, яғни оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас жүйесі қалыптасады. Баланың сабақ барысында алған бағасы мұғалімнің оқушыға деген тұлғалық қатынасы емес, оның білімінің объективті өлшемі болып табылады. Сыныптағы балалардың қарым-қатынасы ойын барысында қалыптасатын қарым-қатынастан өзгеше болады. Мұғалімнің қойған бағасы мен оқудағы жетістіктерді негізгі өлшем ретінде қабылдайды. Сонымен қоса, міндетті іс-әрекетке бірлесіп қатысу жалпы жауапкершілікке негізделген қарым-қатынас типін туғызады. Бірінші сынып оқушыларының қол моторикасын дамыту үшін «көркем жазу» дәптері пайдаланылады. Бала әріптерді жазуды үйренбестен бұрын әр түрлі өрнек сызықтарды жазып үйренеді. Мысалы өрнек жазулар мынадай формада болуы мүмкін:


Балалардың мектепте алатын білімі ғылыми сипатта болады. Егер бұрындары бастауыш сыныптағы оқыту - ғылымдарды жүйелік меңгеруге дайындық сатысы ретінде болса, қазір бірінші сыныптан бастап ғылымды меңгерудің негізі болып саналады. Балалардың оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Сабақ барысында барлық оқушылар басқа іспен айналыспай, мұғалімнің айтқанын орындауы керек. Бұл талаптар тұлғаның жан-жақты дамуына, психикалық қасиеттеріне, білімдері мен іскерліктеріне қатысты. Оқулары жемісті болу үшін балаларда ең бастысы танымдық қызығушылық болуы керек.
Баланың мектепке психологиялық даярлығын тексеруде баланың ерік сапаларының даму деңгейіне басты назар аударылады. Алты-жеті жасар балалар өз мінез-құлықтарын басқара алып, мектеп пен мұғалім қойған талаптар жүйесін қабылдауы керек. Сонымен қатар баланың ақыл-ой даму деңгейін тексеру де маңызды болып келеді. Балада қоршаған дүние туралы белгілі бір білім қоры болуы тиіс: заттар мен олардың қасиеттер, тірі және өлі табиғат құбылыстары, адамдар және олардың еңбегі мен басқа да қоғамдық өмір туралы. Мектепке даярлықта баланың тұлғалық қасиеттері де ерекше орын алады, яғни баланың сынып ұжымына еніп, өз орнын табуы, бірлескен іс-әрекетке қосылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет