«Х.Өзбекғалиев атындағы
Маңғыстау жоғары политехникалық
колледжі» МКҚК
арнайы пән оқытушысы
Қалжан Ақбаян Құдайбергенқызына
ПІКІР
Қалжан Ақбаян Құдайбергенқызы 1992 жылы 19-қаңтарда дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
Алғаш еңбек жолын да осы кәрі шаңырақта, Маңғыстау жоғары политехникалық колледжіне 2013 жылы қазан айында жас маман болып келіп, бастаған болатын. Қазіргі таңда «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы қызметінде. Аттестаттау комиссиясының 2019 жылы «19» ақпандағы шешіміне сәйкес 2019 жылғы «13» наурыздағы №14 нқ бұйрығымен екінші біліктілік санаты берілді. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 9 жыл.
Еңбек еткен жылдарында өз пәнінің теориясы мен әдістемесін терең меңгерген білікті маман екенін дәлелдеді. Еңбексүйгіштік, оқытуға деген шығармашылық ұстаным – педагогке тән қасиеттер. Қалжан Ақбаянның сабақтары өзінің нақты ұйымдастырушылығымен, ғылыми тереңдігімен, қисынды қорытындылауымен ерекшеленеді.
Ақбаян Құдайбергенқызының дарынды шәкірттері «WorldSkills Aktau» колледж ішілік және өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының қатысушылары, облыстық, республикалық білім додалары мен ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары қатарынан көрінді. Ақбаян Құдайбергенқызының жеке жетістік нәтижелерін атап айтсам: Worldskills стандарты негізінде студенттер арасында өткен «Worldskills Aktau – 2021» колледжішілік чемпионатының сарапшысы; «Үздік кәсіби бағдар беруші» облыстық байқауы мен «Worldskills Aktau – 2021» чемпионаты аясында өткен «Worldskills Aktau» өңірлік құрамасымен « КӨР ДЕ ЖАСА» облыстық жобасының сарапшысы; Worldskills Aktau – 2021» чемпионаты аясында өткен «Кім болғым келеді?» мамандық фестивалінің облыстық «BabySkills» жобасының сарапшысы; «Worldskills Aktau – 2022» VII Өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатына сарапшы ретінде қатысқандығын растайтын сертификат; «Worldskills Aktau – 2022» VII Өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатына BabySkills бойынша сарапшы ретінде қатысқандығын растайтын сертификат; Worldskills Aktau – 2021» чемпионаты аясында өткен «Кім болғым келеді?» мамандық фестивалінің облыстық «BabySkills» жобасының сарапшысы.
Бұдан өзге Ақбаян Құдайбергенқызы 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша Білім беру бағдарламасын құрастырушы жұмыс тобынының мүшесіне еніп, Білім беру бағдарламаларын құрастырды. Осы Білім беру бағдарламасының негізінде КМ 04 кәсіптік модулі бойынша әдістемелік кешенді жасақтады.
Ақбаян Құдайбергенқызының ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдары баспа беттеріне шықты.
Сонымен қатар, біліктілік арттыру курстарынан, тағылымдамадан өтіп, ұдайы түрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып жүретін оқытушылардың қатарынан.
Ақбаян – жаңашыл, ізденімпаз, ұйымдастырушылық және жан-жақтылық қабілетімен ерекшеленеді. Қызмет барысында өз пәні бойынша сауатты, тыңғылықты орындаушы, өз ісіне жауапты маман. Сондай-ақ жұмыста біліктілік, мақсатқа талпынушылық қасиеттерін жиі байқатады. Білімін жетілдіріп, әдістемелік іс-шараларға қатысып отырады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық. Ұжыммен тіл табысқыш, кішіпейіл, білім мен тәрбиені ұштастырған оқытушы.
Білім беру саласында тәуелсіз еліміздің болашақ иелерін тәрбиелеуде еңбектеніп жүрген Ақбаян Құдайбергенқызына алдағы уақытта жемісті еңбек етіп, шәкірттері шыңнан көрінеді деген сенім білдіремін.
Басшының ОӘЖЖ орынбасары _________________________ Г.Б.Тугерова
Достарыңызбен бөлісу: |