Арпа мен сиыржоңЫШҚа аралас шөбімен шошқаларды азықтандыру бақтыбаев М. С., Анарбаев. Д. А., Макенов Т. Е., Кайнашова Е.Ө



Дата15.06.2016
өлшемі114.5 Kb.
#136963
АРПА МЕН СИЫРЖОҢЫШҚА АРАЛАС ШӨБІМЕН

ШОШҚАЛАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ
Бақтыбаев М.С., Анарбаев. Д.А., Макенов Т.Е., Кайнашова Е.Ө.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Аралас егістік деп бір учаскеге орналастырылған екі-үш бір жылдық азықтық дақылдардан тұратын егістікті айтады. Аралас егістік жерді тиімді пайдалануға, азық өндіру ісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ғылыми болжамдар мынандай.

Біріншіден, азық қоспасының сәтті таңдап алынған компоненттері экологиялық факторларды бір қалыпты әрі толығынан пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған әртүрлі өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері жатады. Мәселен, бір өсімдік ылғалды жақсы көрсе, екіншісі оны қаламайды ал енді бірі жарықты жақсы көрсе, енді біріне оның қажеті шамалы, тағы бірі азотты, енді бірі фосфорды жақсы көреді.

Сондықтан да аралас шөптің түсімі оның бір түрінен әлдеқайда жоғары.

Екіншіден, аралас егістің түсімі жыл мен жыл маусымдарында тұрақты болады. Үшіншіден, аралас шөп арам шөпке бой бермейді.

Төртіншіден, әртүрлі компоненттерден дайындалған азық жұғымды болады, қоректік заттары да үйлесімді келеді. Мал сүйсіне жейді. Аралас егістің пайдалығын дәлелдейтін мысалдар аз емес. Соның біразын айта кетелік.



Арпа мен сиыржоңышқа аралас шөптерінің химиялық құрамы, % келесі кесте 1-де келтірілген.
Кесте 1. Арпа мен сиыржоңышқа аралас шөптерінің химиялық құрамы, %




Азық-тың атауы

Үлгі алған күні

Азыққа сипат-тама

Үлгі алынған орны

Химиялық құрамы, %

су

протеин

ақуыз

май

жасұнық

аэз

күл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Арпа + сиыржоңышқа

28/VІІ

Арпа. масақтану кезі

Солтүс.Қаз. мал және өсімдік. шаруаш. ҒЗИ-ты

79,1

3,4

2,4

0,6

6,0

8,8

2,1

2

Арпа+ сиыржоңышқа

19/VІІ

Арпа сүтт. ба-лауыз. пісуі

Сол.қаз. обл. М.Жұ-мабаев ауданы

63,6

2,6

-

0,8

10,5

19,7

2,8

3

-

25/VІІ

-

Сол.Қаз. мал және өсімдік. шаруаш. ҒЗИ-ы

74,2

4,4

3,0

0,8

7,4

11,0

2,2

4

-

26/VІІ

Арпа.масақ тану кезеңі

Сол.Қаз. мал және өсімдік. шаруаш. ҒЗИ-ты

77,2

3,8

-

0,7

6,6

9,5

2,2

Жоғарыдағы кесте 1-де көрінгендей, арпа мен сиыржоңышқа аралас шөптерінің химиялық құрамына тоқталсақ, онда үлгі алынған мерзімі шілде айының 28 жұлдызында үлгі алынған орны Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты болып табылады. Арпаның масақтану кезеңінде оны шілденің 19 жұлдызында арпаның сүттеніп балауызданып піскен кезінде үлгі алынған орны Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданымен салыстырсақ, судың мөлшері 28 шілденің 5,5 пайыз жоғары болса, протеин мөлшері кейінгісінде 0,8 пайыз төмен болды. Ақуыз мөлшері 28 тамызда 2,4 пайыз болса, ал 19 шілдеде ештеңе де жоқ болды. Майдың мөлшері 19 шілденің 0,2 пайыз жоғары болса, ал жасұнықтыкі 4,5 пайыз жоғары болды. АЭЗ мөлшері 10,9 пайыз жоғары болса, ал күлдікі де 0,7 пайыз жоғары болды.

Арпа мен сиыржоңышқа аралас шөптерінің қорытылу коэффициенті келесі кесте 2-де келтірілген.
Кесте 2. Арпа мен сиыржоңышқа аралас шөптерінің қорытылу коэффициенті %


Дақыл

Қорытылу коэффициенті

100 кг азықтың құрамында, кг

протеин

ақуыз

май

жасұнық

АЭЗ

Натуралдық ылғалда




қор.протеин

қор.ақуыз

а.өлш

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Арпа+сиыржоңышқа

70

70

60

50

70

2,4

1,7

17,2

-

70

-

60

50

70

1,8

-

26,5

-

70

70

60

50

70

3,1

2,1

20,8

-

70

-

60

50

70

2,7

-

18,4

Жоғарыдағы кесте 2-де көрінгендей, арпа мен сиыржоңышқа аралас шөптерінің химиялық құрамы тоқталсақ, онда үлгі алынған мерзімі тамыз айының 28 жұлдызында үлгі алынған орны Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты болып саналады. Арпаның масақтану кезеңінде оны тамыздың шілденің 19 жұлдызында арпаның сүттеніп балауызданып піскен кезінде үлгі алынған орны Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданымен салыстырсақ, ақуыз мөлшері 28 шілдеде 2,4 пайыз болса, ал 19 шілдеде ештеңе де жоқ болды.Ал қалған көрсеткіштер деңгейі бірдей болды.

Тек 100 кг азықтың құрамында, натуралдық ылғалда 28 шілдеде қорытылатын протеин мөлшері – 0,6-ы жоғары болса, ал қорытылатын ақуыз мөлшері – 1,7-ды көрсетсе, 19 тамызда ештеңе де жоқ болды. Азық өлшемі 19 шілдегісінде – 9,3-і көрсетті.

Пішен мен көк балаусаға өсірілетін бір жылдық аралас шөп мал азықтық және танаптық ауыспалы егістерде орналастырылады.

Бір жылдық бұршақ – астық тұқымдас аралас егістігінің барынша жоғары өнімі мамырдың соңы – маусымның бірінші жартысында себілгенде жиналады. Бұл заңдылық тары – бұршақ тұқымдас және басқа қоспаларға да таралады.

Пішенге бір жылдық шөпті әрбір 7 – 10 күн сайын бірнеше мерзімде сепкен дұрыс. Жоғары сапалы мал азығы алынатын өсімдік өсіп-даму кезеңі (бұршақ тұқымдастарда гүлденудің басы және астық тұқымдастарда шашақтану кезеңі) 7 – 10 күнге созылады, бұл орта есеппен барлық мерзімдерде себілген егістіктер жоғары пішен өнімін жинауға мүмкіндік береді, ал шөп тамырында көп қалмай ең жақсы мерзімде жиналады.


1 кг. Арпа мен сиыржоңышқа аралас шөп көк балаусасы натуральдық дымқылдықта 1 кг азықтағы каротин мөлшері келесі кесте 3 де келтірілген.

Кесте – 3. Арпа мен сиыржоңышқа аралас шөп көк балаусасы натуральдық дымқылдықта 1 кг азықтағы каротин мөлшері (мг).






Азықтың атауы

Үлгі алынған уақыты

Азыққа сипаттама

Үлгі алынған орны

Алынған анализдер саны

Натуралық дымқылдықта 1 кг азықтағы аротин, мг

1

2

3

4

5

6

7

1

Арпа+ сиыржоңышқа

28/V ІІ

Арпаның масақтануы

Сол.Қаз. мал және өсімд. шаруаш. ҒЗИ-ы

2

33,9

2

Арпа+ сиыржоңышқа

6/ V ІІІ

Арпаның гүлденуі

Сол.Қаз. мал және өсімд. шаруаш. ҒЗИ-ы

2

23,9

3

Арпа+ сиыржоңышқа

-

Сиыржоңышқаның гүлденуі

-

3

15,1

4

Арпа+ сиыржоңышқа

-

Арпа 70 %, сиыржоңышқа 30 %

-

1

29,8

Жоғарыдағы кесте 3-те көрінгендей, Арпа мен сиыржоңышқа аралас шөп көк балаусасы натуральдық дымқылдықта 1 кг азықтағы каротин мөлшеріне тоқталсақ, онда үлгі алынған мерзімі шілденің 28 жұлдызында арпаның масақтану кезеінде үлгі алынған орны Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты болып саналады. Екі анализдер саны, натуралық дымқылдықта 1 кг азықтағы аротин мөлшері – 33,9 мг болып, оны 6 тамызда арпаның гүлдену кезеңімен салыстырсақ, онда алғашқы бағандағысы 10,0 мг жоғары болғаны анықталды.

Бұршақ – астық тұқымдас аралас егітігін мал азықтық көк балаусаға бұршақ тұқымдас компоненттің гүлдену кезеңінің басында, пішенге – жаппай гүлдену – бұршағының түзіле бастаған кезеңінде жинайды.

Мал азығына өсіргенде арпаны дәнді парлы ауыспалы егістікке пардан кейін 4 – 5 дақыл.

Далалық 4 – 5 танапты дәнді парлық мал азықтық ауыспалы егісте арпа 3 – 4 дақыл ретінде орналастырылады. Мал азықтық дәнді-отамалы, дәнді-отамалы-шөпті ауыспалы егістерде дақылдардың кезектесуі мынандай: біржылдық шөптер-арпа.

Ең мол өнім алынатын себу мерзімі – маусымның бірінші онкүндігі. Мал азықтық арпа қатардағы әдіспен гектарына 3-3,5 млн. өнгіш тұқым (10-22), ал суармалы жерлерде 4 млн. өнгіш тұқым себіледі.

Тұқымның топыраққа сіңірілуі тереңдігі 4-5 см, ал беткі қабат кеуіп кеткенде 7-8 см-ге дейін тереңдетуге болады, бірақ ол жағдайда себу нормасын 10-12 %-ге көбейту қажет.

Жоғары сапалы мал азығы алынатын өсімдік өсіп-даму кезеңі (бұршақ тұқымдастарда гүлденудің басы және астық тұқымдастарда шашақтану кезеңі) 7 – 10 күнге созылады, бұл орта есеппен барлық мерзімдерде себілген егістіктер жоғары пішен өнімін жинауға мүмкіндік береді, ал шөп тамырында көп қалмай ең жақсы мерзімде жиналады.

Аралас шөпті сепкенде себу нормасы мен компоненттердің ара қатынасын дұрыс анықтаудың маңызы зор: өнімдегі бұршақ тұқымдас компоненттің үлесі 25 – 45 % болуға тиіс.

Бір жылдық шөптің аралас егістігі шөбін, сонымен бірге үстеме қорек үшін көк балауса алуға шикізат ретінде өсіргенде оларды 6 – 8 мерзімде себеді.



1 кг. Арпа мен сиыржоңышқа аралас шөбінде каротин мөлшері келесі кесте 4 де келтірілген.
Кесте – 4. Арпа мен сиыржоңышқа аралас шөбінде натуральдық дымқылдықта 1 кг азықтағы каротин мөлшері (мг).




Азықтың атауы

Үлгі алын-ған уақы-ты

Азыққа сипаттама

Үлгі алынған орны

Алын-ған анализдер саны

Натуралық дымқылдықта 1 кг азықтағы аротин, мг

1

2

3

4

5

6

7

1

Арпа+сиыржоңышқа

24/ ІХ

Арпаның балауызданып піскен кезі

Сол.Қаз.обл. Қызылжар ауданы

4

11,5


Жоғарыдағы кесте 4-де көрінгендей, арпа мен сиыржоңышқа аралас шөбінде натуральдық дымқылдықта 1 кг азықтағы каротин мөлшеріне тоқталсақ, үлгі алынған мерзімі қыркүйек айының 24 жұлдызында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында арпаның балауызданып піскен уақытында алынған анализдер саны 4 болып, натуралық дымқылдықта 1 кг азықтағы каротин мөлшері 11,5 мг-ды құрады.

Біржылдық мал азықтық астық-бұршақ тұқымдасына жататын арпа мен сиыржоңышқа аралас шөп ұнының химиялық құрамы келесі кесте 5-де келтірілген.


Кесте 5. Арпа мен сиыржоңышқа аралас шөп ұнының химиялық құрамы %


Дақыл

Химиялық құрамы %

100 кг азықтың құрамында, кг есебімен

про-теин

ақуыз

май

жасұ-нық

АЭЗ

күл

Қорыты. протеин

Қо-рыт. ақуыз

Аз. өлше

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Арпа+ сиыржо-ңышқа

9,9

-

2,8

23,6

44,6

9,0

6,5

-

54,1


Жоғарыдағы кесте 5-де көрінгендей, біржылдық мал азықтық астық-бұршақ тұқымдасына жататын арпа мен сиыржоңышқа аралас шөп ұнының химиялық құрамына тоқталсақ: онда протеин мөлшері – 9,9-ды құраса, ал май мөлшері – 2,8-ды құрады. Жасұнық мөлшері – 23,6-ны құраса, ал АЭВ мөлшері – 44,6-ны құрады. Күл мөлшері – 9,0-ды құрады. 100 кг азықтың құрамында, кг есебімен қорытылатын протеин мөлшері – 6,5-і құраса, азық өлшемі – 54,1-ді құрады.

Мал азығына өсіргенде аралас шөптердің қоспасы орманды дала аймағында – арпа мен сиыржоңышқа таңдап алынды. Пішен мен көк балаусаға өсірілетін бір жылдық аралас шөп мал азықтық және танаптық ауыспалы егістерде орналастырылады. Бір жылдық бұршақ – астық тұқымдас аралас егістігінің барынша жоғары өнімі мамырдың соңы – маусымның бірінші жартысында себілгенде жиналады. Бұл заңдылық арпа – бұршақ тұқымдас және басқа қоспаларға да таралады. Пішенге бір жылдық шөпті әрбір 7 – 10 күн сайын бірнеше мерзімде сепкен дұрыс.

Біржылдық астық-бұршақ тұқымдасына жататын арпа мен сиыржоңышқа аралас шөп ұнының қорытылу коэффициенті келесі кесте 6-де келтірілген.

Кесте 6. Біржылдық мал азықтық астық-бұршақ тұқымдастары арпа мен сиыржоңышқа аралас шөп ұнының қорытылу коэффициенті %.






Азық-тың атауы

Үлгі алған күні

Азыққа сипаттама

Үлгі алынған орны

Қорытылу коэффициенті %

су

протеин

ақуыз

май

жасұнық

аэз

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Арпа+ сиыр-жоңыш-қа

24/ІІІ

Арпа 80 %, сиыржо-ңышқа 20%

Сол. Қаз облысы. Қызылжар ауданы

10,2

64

60

55

56

60


Жоғарыдағы кесте 6-да көрінгендей, үлгі алынған уақыты наурыз айының 24 жұлдызында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында біржылдық мал азықтық астық-бұршақ тұқымдастары арпа мен сиыржоңышқа аралас шөп ұнының қорытылу коэффициентінде, азыққа сипаттама берсек, онда арпа мөлшері 80 % болса, ал сиыржоңышқа мөлшері 20 % болды. Қорытылу коэффициентінде судың мөлшері 10,2 %. Протеин мөлшері 64-і құраса, ақуыз мөлшері 60-ы құрады. Майдың мөлшері 55-і құраса, ал жасұнық мөлшері 56-ы құрады. АЭЗ мөлшері 60-ы көрсетті.

Солтүстік Қазақстан облысында шошқа малының санының 90,4 пайызы жеке қосалқы шаруашылық иелерінің қолында, және оларды ақуызға бай бұршақ тұқымдас, мал азықтық арпа мен сиыржоңышқа аралас шөбімен азықтандыруы өте нашар.

Сол себепті «Молшылық» шаруа қожалығы шошқа өсіру фермасында жануарларды бір жылдық мал азықтық арпа мен сиыржоңышқа аралас шөбімен азықтандыру тиімділігі бойынша ғылыми-өндірістік тәжірибе жұмысы жүргізілді.

Жүргізілген зерттеу жұыстарының алға қойылған мақсаты:

1. Жануарларды бір жылдық мал азықтық арпа мен сиыржоңышқа аралас шөбімен азықтандыру тиімділігі нәтижесінде олардың өнімділігі деңгейіне әсерін мұхият зерделеп, анықтау.

Ғылыми жаңалығы; Еліміздің солтүстік өңірінде шошқаларды бір жылдық мал азықтық арпа мен сиыржоңышқа аралас шөбімен азықтандырудың нәтижесінде тәулігіне 580 – 600 грамм қосымша салмақ қосып және өсімтал торайлардың 6,5 – 7,0 айлық жасында тірілей салмағы 100 кг-ға жетіп, 20 – 21 ц шошқа етін өндіруіне мүмкіншілік тудыруы.

Жазғы уақытта бір жылдық мал азықтық арпа мен сиыржоңышқа аралас шөбі мол көк балауса түзеді, онымен тәулігіне бір бас шошқа малын азықтандыруда, өсімдіктің ең жоғары қоректілік қасиеті бұршақ тұқымдастарда гүлденудің басы және астық тұқымдастарда шашақтану кезінде орылып, азықтандырылды.(тәулігіне бір басқа кг есебінен).
Аталық қабандар; 4 – 6

Бойдақ буаз мегежіндер; 6 – 8

Торайын емізетін мегежіндер; 6 – 10

2 – 4 айлық жасындағы торайлар 1 – 2

4 айдан асқан торайлар үшін; 4 – 5
Жаңа шабылған көк балаусамен шошқа мал басын азықтандыруда, аталық қабандарды тәулігіне әр басына 4 – 6 кг-нан, бойдақ және буаз мегежіндерді 6 – 8 кг-нан, торайын емізетін мегежіндерді 6 – 10 кг-нан, 2 – 4 айлық жастағы торайларды 1 – 2 кг-нан, ал 4 айдан асқан торайлар үшін 4 – 5 кг-нан азықтандырылды. Көк балаусаны шошқа малдары сүйсініп жейді.

Ал қысқы уақытында азықтандыруда, бір жылдық мал азықтық арпа мен сиыржоңышқаның өңделген ұнымен алмастырылады.

Шошқа өсіру фермасында арнайы орнатылған «Вольгар – 5» шөп ұсақтатқыш машинасы бар.

Тәжірибе фермасында арнайы орнатылған «Вольгар – 5» шөп ұсақтатқыш машинасымен ұсақтап, содан бір жылдық мал азықтық арпа мен сиыржоңышқа аралас шөбін ДКУ типті дән уатқышта ұнтақталған ұнын буландырып, алдын-ала өңдеуден өткізілгеннен кейін басқа да азық қоспаларымен араластырылып, даяр болған азық қоспасы құрамында бір жылдық мал азықтық арпа мен сиыржоңышқа аралас шөбінің өңделген ұны да бар.

Кешіктірмей, ерте орылғандарынан шөп ұнын алуға жарамды және олардың қоректілігі де жоғары, әрі оларды шошқа малдары сүйсініп жейді.

Аралас шөпті сепкенде себу нормасы мен компоненттердің ара қатынасын дұрыс анықтаудың маңызы зор: өнімдегі бұршақ тұқымдас компоненттің үлесі 25 – 45 % болуға тиіс.

Қыс мерзімінде бір жылдық мал азықтық арпа мен сиыржоңышқа аралас пішен шөп ұнын басқа құрама жеммен араластырып, даяр болған азық қоспасымен азықтандырылады.

Бір жылдық мал азықтық арпа мен сиыржоңышқа аралас пішен шөп ұнымен араласқан, азық қоспа құрамы келесі кесте 7-де келтірілген.


Кесте 7. Азықтандырудың типіне, энергетикалық қоректілігіне

байланысты шошқаларға арналған мәзірінің құрылымы, (%, пайыз есебімен)




Малдар тобы

Қыс кезінде

Жазда

Құрама жем

Шөп ұны

Құрама жем




өсімдік тектес

Жануарлар және микробиол

Тамыр- түйнек

өсімдік тектес

Жануарлар және микробиол

көк балауса

1

2

3

4

5

6

7

8

Жемді типті азықтандыру

Мегежіндер:Бойдақ және буаз

70-75

-

15-20

5-10

85-90

-

10-15

Торайын емізетін

75-80

5

10-15

5

85-90

5

5-10

Қабандар

80-85

5-10

2-10

5

85-10

5-10

5-10

2-4 айлық торайлар

80-85

5-10

10-15

2

85-90

5-10

3-8

Тұқымдық торайлар

75-80

5

15-10

5

80-85

5

15-10

Ет үшін бордақыланатын шошқалар

82-87

3

7-12

3

85-90

3

7-12

Сақа браққа шыққан шошқалар

90-95

-

5-10

-

90-95

-

5-10

Жоғарыдағы кесте – 7-де көрінгендей, бір жылдық мал азықтық арпа мен сиыржоңышқа аралас пішен шөп ұнымен араластырып, даяр болған азық қоспаларымен тәжірибе фермасындағы шошқа мал санын азықтандыру нәтижесінде тәулігіне 580 – 600 грамм қосымша салмақ қосып және өсімтал торайлардың 6,5 – 7,0 айлық жасында тірілей салмағы 100 кг-ға жетіп, 20 – 21 ц шошқа етін өндіруіне мүмкіншілік тудыруы.



Әдебиет:

      1. Можаев Н.И., Әрінов Қ.К., Нұрғалиев А.Н. Бір жылдық бұршақ-астық тұқымдас аралас шөп // Өсімдік шаруашылығы (Оқулық) Ақмола. «Жаңа Арқа », 1993 ж, - 360 бет.

      2. Мартовицкая А. М. Зеленная масса многолетних бобовых трав // Химический состав и питательность кормов Северного Казхахстана, - Алма-Ата – «Кайнар» - 1976 г. – С.284 – 339.

      3. Сиволап В. Н., Бактыбаев М.С. Технология производста свинины в условиях домашних и фермерских хозяйств Северного Казахстана // Рекомендация для фермерских хозяйств и личного подворья, - Петропавловск – 2002 г – 52с.

      4. Таңатаров А. Б., Атабайұлы А., Таңатаров М. А. Шошқаларды азықтандыру. // Шошқа шаруашылығы – Алматы. – 2005. - Б.130 - 192.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет