Аса Рақымды, ерекше Мейрімді Аллаһтың атымен бастаймын. Барлық мақтаулар тура жолға бастаушы Аллаһқа Тағалаға тән



Дата19.06.2016
өлшемі1.13 Mb.
#147363

Үлкен күнәлардан сақтану


Имам Әз-Зәһабидің «Үлкен күнәлар» атты кітәбінан қысқартылып алынған.


Дайындаған: "Дар әл-Уатан" ғылыми бөлім.

Аса Рақымды, ерекше Мейрімді Аллаһтың атымен бастаймын.

Барлық мақтаулар тура жолға бастаушы Аллаһқа Тағалаға тән.

Әлемге рахмет етіп жіберілген Пайғамбарымыз Мұхаммедке Аллаһтың сәлемі мен салауаттары болсын. Аллаһ Тағала: «Егер сендер тиым салынған нәрселердің үлкенінен (үлкен күнәлардан) сақтансаңдар, сендердің (кіші) күнәларыңды кешіріп, өздеріңді құрметті орынға (жаннатқа) кіргіземін» - деген. (4 : 31) Және: «Сондай күнәлардың үлкенінен және арсыздықтан сақтанғандардың кіші күнәлары болса да шексіз Раббыңның жарылқауы кең». (53 : 32) Бұл аяттардың мағыналары, әрбір мұсылманға осы үлкен күнәларды жақсылап білуді және олардан аулақ болумен оларға ұрынбауға тырысуды міндеттейді. Өйткені олардың пенде мен Аллаһтың мол кешірімі және құрметті орынға кіргіземін деген уәдесінің арасына тосқауыл болмауы үшін. Әсіресе Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны істеуден қатты сақтандырып, былай деді: « Бес уақыт намаз арасында және екі жұманың арасында істелген үлкен күнәлардан басқа кіші күнәлар кешіріледі.» (Имам Муслим мен Термизи риуаяты).

Бұл кітәпта мұсылманға көңіл аудару керек болған бірнеше үлкен күнәлар жазылған. Оны білу және істеуден сақтандыру мақсатында көпшіліктің сұранысында болатын тақырыпты таңдауды жөн көрдік. Аллаһ Тағаладан бізді және басқа да мұсылмандарды күнәлардан сақтауын, әрі істеріміздің ақырын қайырлы етуін сұраймыз.
1 – Алла Тағалаға серік қосу.
Аллаһ Тағала айтты; «Кімде-кім Аллаһқа серік қосса, расында Аллаһ оған жаннтты арам етеді. Оның орны тозақ оты». (5 : 72) Пайғамбарымыз (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Күнәлардың ең үлкені туралы хабар берейін бе? Аллаһқа серік қосу...» (Бухарий мен Муслим риуаяты).

Аллаһқа Тағалаға серік қосу екі түрлі болады:

1) Үлкен серік қосу,оған: Аллаһтан басқаға құлшылық ету немесе құлшылықтың қайсы бір түрін Аллаһтан өзгеге орындауы жатады.

2) Кіші серік қосу, оған: рия (бір істі біреу көрсін деген мақсатта істеу) жатады.

Аллаһ Тағала хадис қудсиде айтады: «Мен (өзіме ортақ) серіктерге қажетті емеспін. Кімде-кім бір амалды орындап, сол амалында маған өзгені ортақ етсе, оныда, қосқан серігінде тастаймын» (Имам Муслим риуаяты).
2 – Адамды жазықсыз өлтіру.
Аллаһ Тағала айтады: «Кім бір мүмінді әдейі өлтірсе, оның жазасы тозақ, ішінде ұзақ мерзімде қалады. Сондай-ақ оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған» (4 : 33) Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жеті ауыр күнәлардан сақ болыңдар: Аллаһқа серік қосу, сиқыр және Аллаһ өлтіруге тиым еткен адамды жазықсыз өлтіру...» -деген(Бухари мен Муслим риуаяты).
3 – Сиқырмен айналысу.
Аллаһ Тағала айтты: «Бірақ шайтандар, адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды» (2 : 102).

Пайғамбарымыз (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жеті ауыр күнәлардан сақ болыңдар: Аллаһқа серік қосу, сиқыр және Аллаһ өлтіруге тиым еткен адамды жазықсыз өлтіру...»- деген. (Бухари мен Муслим риуаяты).




4 – Намазды тәрк ету. (яғни, намазды оқымау)
Аллаһ Тағала хадис қудсиде айтады: «Бұл Пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келеді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады (яғни, тозаққа кіргізіледі) олардың (кәпірлердің) арасындағы уәде (серт) намаз, кім оны тәрк етсе әлбетте кәпір болыпты» (Ахмад, Термизи және Насайи риуаяты).
5 – Зекет бермеу.
Аллаһ Тағала айтты: «Аллаһқа серік қосқандарға нендей өкініш! Сондай зекеттерін өтемегендер, олар өздері ахиретке де қарсы». (41 : 6-7)

6 – Ата-ананың қарғысына ұшырау (яғни, ата-ананың баласына деген разылығы болмауы)ақ болу.

Аллаһ Тағала: «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме. Сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: "Раббым! Ол екеуі мені кішкентайымда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!"-деп айт - деген. Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Күнәлардың ең үлкені туралы хабар берейін бе?! «Аллаға серік қосу, ата-ананың қарғысына ұшырау ...» - деген. (Бухари мен Муслим риуаяты). Және Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһтың разылығы ата-ананың разылығында және Аллаһтың ашулануы ата-ананың ашулануында» - деген. (Термизи мен ибн Хиббан риуаяты) .


7 – Зина жасау.
Аллаһ Тағала: «Зинаға жоламаңдар. Өйткені, ол арсыздық және жаман жол» ("Зинаға жоламаңдар, соған апаратын әр түрлі әрекеттерден аулақ болыңдар!"-деген мағынада). (17 : 32)

Пайғамбарымыз (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер пенде зина істесе иманы көтеріліп төбесінде көлеңке секілді тұрады ал, егер тәубе етсе, оған қайта оралады». (Әбу Дауд және Хаким риуаяты).


8 – Лауат қылу (яғни,еркек пен еркектің қосылуы) .
Аллаһ Тағала: «Дүниеде (әйелдер тұрып) еркектерге қосыласыңдар ма? Раббыларыңның сендер үшін жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер асқынған елсіңдер» - деген. (26 : 165-166) Пайғамбарымыз (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Лут қауымының ісін істеген кісіні Аллаһ Тағала лағнет етеді» - деген. (Насаий риуаяты).
9 – Парақорлықпен айналысу.
Аллаһ Тағала: «Әй мүміндер! Аллаһтан қорқыңдар.Және егер шын иман келтірсеңдер өсім сырқаттарын алмаңдар (яғни, адамдарға берген қарыздарыңның үстінен пайда шығарып алмаңдар). Егер оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар) бұны Аллаһқа, Пайғамбарына қарсы соғыс деп біліңдер» - деген. (2 : 278-279) Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Пара жеуші мен оны берушіні де Аллаһ лағнет етеді» - деген. (Муслим риуаяты).
10 – Жетімнің малын жеу.
Аллаһ Тағала айтты: «Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын отпен толтырған болады. Сондай-ақ жалындаған тозаққа кіреді». (4 : 10) Және Аллаһ Тағала: «Жетімнің малына жоламаңдар. Бірақ , ол ержеткенге дейін жақсылап шығысуға болады» - деген. (17 : 34)
11 – Аллаһқа және Оның Пайғамбарының атынан жалған айту.
Аллаһ Тағала айтты: «Қиямет күні Аллаһқа Оның аятына өтірік айтқандардың жүздері қап-қара болғанын көресің». (39 :60) Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім маған (яғни ,менің атымнан) жалған айтса, өз орнын тозақтан әзірлей берсін» - деген. (Бухари риуаяты).
12 – Тәкәппарлық, мақтаншақтылық, паңдық, өзімшілдік және менмендік болу.
Аллаһ Тағала айтты: «Расында Аллаһ ­өзін жоғары санағандарды жақсы көрмейді». (16 : 23) Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімнің жүрегінде тозаң түйірінің салмағындай тәкаппарлық болса, жаннатқа кірмейді» - деген. (Муслим риуаяты).
13 – Жалған куәлік беру.
Аллаһ Тағала айтты: «Ал енді нәжіс бұттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар». (22 : 30) Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қиямет күні жалған күәлік етушінің екі аяғы жерге қойылмастан, тікелей тозаққа кіргізіліп жіберіледі» - деген. (Ибн Мажа мен Хаким риуаяты). Және Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Күнәлардың ең үлкені туралы хабар берейін бе?! Аллаһқа серік қосу, ата-ананың қарғысына ұшырау, сақ болыңдар! Және жалған сөз(айту)». Оны қайталай бергені соншалық, біз қорқыныштан тоқтауын қаладық». (Бухари мен Муслим риуаяты).
14 – Арақ және мас қылушы ішімдіктерді ішу.

Аллаһ Тағала: «Әй мүміндер! Арақ (ішу), құмар (ойнау), бұттар(ға сыйыну) және тайақшалар(ға сыйыну) - шайтанның амалынан болған іс. Ендеше құтылуларың үшін олардан шеттеп жүріңдер » - деген. (5 : 90) Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ арақты, оны ішушіні, құйып берушіні (ішкізуші), сатушыны, сатып алушыны, оны жасаушыны (өндірушіні), оны істеткізушіні, оны тасушыны, тасуды (жеткізуді), талап етушіні және одан түскен пайданы жеушіні лағнат еткен». – деген. (Абу Дауд пен Хаким риуаяты). Және Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Мұсылман арақ ішкен кезінде, мүмін болмайды (яғни,иманы толық болмайды)». (Бухари мен Муслим риуаяты).


15 – Құмар ойындармен айналысу.
Аллаһ Тағала айтты: «Әй мүміндер! Арақ (ішу), құмар (ойнау), бұттар(ға сыйыну) және тайақшалар(ға сыйыну) - шайтанның амалынан болған іс. Ендеше құтылуларың үшін олардан шеттеп жүріңдер » - деген. (5 : 90)
16 – Абыройлы пәк әйелдерге жала жабу.
Аллаһ Тағала айтты: «Әлбетте, (бұзық ниеттерден) хабарсыз , таза, мүмін әйелдерді жаман атты қылатындар дүниеде де, ақыретте де лағынетке жолығады. Олар үшін ұлы азап бар». (24 : 23)

Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім күң әйелді зинамен (ойнас жасады деп) жала жапса, бірақ өзінің айтқанындай болмаса, қиямет күні жазаланады» - деген. (Бухари мен Муслим риуаяты).



17 – Ұрлық жасау.

Аллаһ Тағала айтты: « Ұры еркектіңде, ұры әйелдіңде қылмыстарына жаза болу үшін қолдарын кесіңдер. Аллаһ Тағала аса үстем, хикмет иесі». (5 : 38) Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Зинашы (ойнасқор) зина істеген кезінде мүмін болмайды және ұрлықшы ұрлық жасаған кезінде мүмін болмайды (яғни,иманы толық болмайды)» - деген. (Бухари мен Муслим риуаяты).


18 – Жол кесумен немесе бұзақылықпен, қарақшылықпен айналысу.
Аллаһ Тағала: «Әлбетте, Аллаһ және (Оның) пайғамбарларына қарсы соғысатын және жерде бұзақылық жасау әрекетінде жүретіндердің жазасы - өлтірілу не дарға асылу немесе аяқ-қолдары қарама-қайшы(яғни,оң қолымен сол аяқ, немесе сол қолымен оң аяқ) кесілуі немесе өз жерлерінен сүргін қылынулары. Бұл жаза олар үшін бұл дүниеде шәрменділік болар. Ақыретте болса, олар үшін үлкен азап бар» - деген. (5 : 33)

19 – Иесін тозаққа батырып жіберетін жалған уәде беру.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім жалған уәде беріп, сол арқылы бұзақы болған халінде мұсылман кісінің мал-мүлкін тонаса, Аллаһ оған ашулы түрінде жолығады» - деген. (Бухари риуаяты).
20 – Зұлымдық жасау. Зұлымдық адамдардың мал-мүлкін жеу, оларды ұрып-сөгу және әлсіздерді жәбірлеу арқылы болады.

Аллаһ Тағала айтты: «Олар зұлымдық қылғандар жақында қандай нәтижеге қарай кетіп жатқандарын біліп алады». (26 : 227) Пайғамбар(Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Зұлымдықтан сақ болыңдар! Өйткені ол қиямет күні қараңғылық болады» - деген. (Муслим риуаяты).


21 - Өзін-өзі өлтіру.
Аллаһ Тағала айтты: «Бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында Аллаһ сендерге ерекше мейірімді. Ал, кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаһқа оңай».( Ей,момындар! Малдарыңды орталарыңда тура болмаған (яғни, ұрлық, қарақшылық, өсімқорлық, парақорлық, құмар сиақты) жолдармен жемеңдер! Бірақ, өзара ризалықпен болған сауда-саттық арқылы мал-дүние кәсіп етіңдер. Және бір-бірлеріңді өлтірмеңдер! Әлбетте, Аллаһ сендерге мейрімді. Кім шектен шығып, зорлықпен осындай істерді істесе, Біз оны тозаққа кіргіземіз. Бұл – Аллаһқа болған іс.) (4 : 29)Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мүмінді лағнеттеу оны өлтіргенмен тең, кім мүмінге кәпірсің деп жала жапса, оның өлтірушісі сияқты болады. Және кім өз нәпсісін (өзін) бір нәрсемен өлтірсе сол себепті Аллаһ оны қиямет күні азаптайды» - деген. (Бухари мен Муслим риуяты).
22 – Сөздерінің көбісінде жалған сөйлеу.
Аллаһ Тағала айтты: «Аллаһтың лағнеті өтірікшілерге болсын! Деп қарғасайық». (3 : 61) (...Аллаһқа жалбарынайық та, өтірікшілерге Аллаһтан лағнет етуін сұрайық....)?........

Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «...расында жалған бұзақылыққа жетелейді, ал бұзақылық тозаққа итермелейді. Әлбетте, адамның жалған айтып жүре беруінен Аллаһтың қасында өтірікші (әрдайым жалған айтушы) деп жазылады» - деген. (Бухари, Муслим риуаяты).



23 – Аллаһ Тағаланың түсірген заңынан басқа заңмен үкім ету.
Аллаһ Тағала айтты: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер». (5 : 44)

24 - Әйелдердің еркектерге және еркектердің әйелдерге өзін ұқсату.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өздерін әйелдерге ұқсатқан еркектерді және өздерін еркектерге ұқсатқан әйелдерді де Аллаһ Тағала лағнет етеді» - деген. (Бухари риуаяты).

25 – Дайюс. (әйелін қызғанбайтын, әпке-қарындастары сияқты басқа туысқан әйелдер үшін намыстанбайтын еркек).

Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Үш адам жаннатқа кірмейді: ата-анасының қарғысына ұшырағандар , "дайюс"адам және өзін еркекке ұқсатқан әйел» - деген. (Насаий, Хаким және Ахмад риуаяты).



26 – Зәрден тазармау (сақтанбау).
Зәрден тазармау – бұл християндардың істерінен болып табылады.

Аллаһ Тағала айтты: «Киіміңді тазала!». (74 : 4)

Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): Бірде екі қабірдің жанынан өтіп бара жатып былай деді: «Бұл екеуі азапталуда бірақ, үлкен күнә істегендері үшін азапталып жатқан жоқ.. Олардың бірі зәрінен тазармайтын еді (яғни, зәр шығарғаннан соң өзінің киіміне, денесіне немесе таза жерлерге тиуіне көңіл бөлмейтін еді) ал, екіншісі сөз таситын еді» - деген. (Бухари, Муслим риуаяты).
27 – Қиянат ету.
Аллаһ Тағала айтты: «Күдіксіз Аллаһ, қиянатшылардың айласын (қулығын) оңалтпайды». (12 :52) Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімнің аманаты болмаса, иманы да жоқ, ал кімнің уәдесі болмаса, діні де жоқ» - деген.
28 – Дүниені көздеп ілім іздеу және алған ілімді жасыру.
Аллаһ Тағала айтты: «Негізінен біз ап-ашық үкімдерді әрі тура жолды кітапта баян еткеннен кейін жасырғандар, соларға Аллаһ лағнет етеді әрі барлық лағнет етушілер лағнет етеді». (2 : 159) Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Аллаһтың жүзі (разылығы) талап етілетін ілімді үйренсе, оны тек дүниеден бір үлес табу үшін тәлім алса, қиямет күні жаннатың иісінде сезбейді (яғни жаннатқа кіру былай тұрсын)» - деген. (Абу Дауд риуаяты).
29 – Міндет қылушы.
Аллаһ Тағала айтты: «Әй мүміндер! Садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар». (2 : 264)Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Үш адамнан Аллаһ ешқандай амалды қабыл етпейді: Ата-ананың қарғысына ұшыраған , міндет етуші және тағдырды жалғанға шығарушы» - деген. (Табараний, ибн Аби Ас риуаяты).
30 – Адамдардың сырларын тыңдаушы.
Аллаһ Тағала: «Сыр тексермеңдер» - деген. (49 : 12)

Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Кімде-кім тыңдауын қаламаған қауымның (кісілердің) сөзін естісе (құлақ салса), қиямет күні қос құлағына қорғасын ерітіліп құйылады. Және сол сурет салса, оған жан беруін талап етіледі ал, ол оған жан бере алмайды». (Бухари риуаяты).


31 - Өсек тасу.
Аллаһ Тағала айтты: «Әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба. Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да». (68 : 11)Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Бірде екі қабірдің жанынан өтіп бара жатып былай деді: «Бұл екеуі азапталуда бірақ, үлкен күнә істегендері үшін азапталып жатқан жоқ.. Олардың бірі зәрінен тазармайтын еді (яғни, зәр шығарғаннан соң өзінің киіміне, денесіне немесе таза жерлерге тиуіне көңіл бөлмейтін еді) ал, екіншісі сөз таситын еді» - деген. (Бухари, Муслим риуаяты).
32 – Лағнеттеуші.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мүмінді лағнеттеу, оны өлтіргенмен тең» - деген. (Бухари, Муслим риуаяты).
33 – Жұлдыз немесе тағы басқа нәрселермен бал ашушыны растау.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім палшы-балгерлерге барып, оның айтқан сөздерін растаса (мақұлдаса), Мұхаммедке түскен нәрсеге (Құранға) кәпір болыпты (яғни, кәпір болады)» - деген. (Ахмед пен Хаким риуаяты).


34 - Әйелдің еріне бағынбауы (тыңдамауы).
Аллаһ Тағала айтты: «Сондай-ақ әйелдердің бас тартуларынан сезіктенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектерінде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды сабаңдар (майып қылмастан жай ұрыңыздар). Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында Аллаһ өте жоғары, тым ірі»(Еркектер әйелдері үстінен бастық. Осыған себеп – Аллаһ олардың бірінен бірін (яғни, еркектерді әйелдерден) артық қылғаны және еркектер (әйелдері және жанұйасы үшін) өз мал-мүліктерінен қаражат-сарып қылғаны. Сондықтан, ғибадатты, бойұсынушы және ерлері жоқта Аллаһтың сақтау-қорғауымен (ерлерінің мал-мүліктерін және өз абыройларын) сақтаушы әйелдер – жақсы әйелдер. Әйелдеріңнің бойұсынбаушылығынан қорықсаңдар, бірінші оларға үгіт-насихат қылыңдар, кейін (үгіт-насихат әсер етпесе), оларды төсектерде тастап қойыңдар (олармен бір жерде жатпаңдар, жақындаспаңдар), сонан соң (яғни, сонда да сендерге бойұсынбаса) ұрыңдар. Бірақ, сендерге бойұсынса, оларға қарсы басқа жол іздемеңдер. Әлбете, Аллаһ –ең жоғары және ең ұлы.). (4 : 34)Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер ер кісі әйелін төсекке шақырғанда (әйелі) бас тартса және (ері) оған ашуланып түн өткізсе, оған (әйелге) Періштелер таң атқанша лағнет айтып тұрады» - деген. (Бухари риуаяты).
35 – Көршіге зиян тигізу.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Көршісіне зиян тигізген адам жаннатқа кірмейді»-деген.
36 –Әкімнің халықты алдауы.
Аллаһ Тағала айтты: «Шынында, азап адамдарға зұлымдық қылып жер жүзінде орынсыз шектен шыққандарға лайық. Міне солар үшін жан түршігерлік азап бар». (42 : 42) Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қайсы бір әкім өз (қол астындағы) халқын алдаса, ол тозаққа түседі» - деген. (Муслим риуаяты).
37 – Алтын немесе күміс ыдыстан ішу не жеу.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Алтын немесе күміс ыдыста ішіп-жейтін кісінің қарнында тозақ оты лаулап жанады» – деген. (Муслим риуаяты).
38 – Ер кісіге жібек киім кию және алтын тағу.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, ақіретте несібесі болмаған кісі бұл дүниеде жібек киім киеді» - деген.(Муслим риуаяты).
39 – Жанжалдасу.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім өзі біліп тұрып батылда (жалған нәрседе) жанжалдасса, оны тоқтатқанға дейін Аллаһтың ашуында болады» - деген. (Абу Дауд риуаяты).

.

40 – (Каил (өлшем бірлігі 16,5 литрге тең келеді) мен) Таразыдан жеу және өлшемнен кемітіп қалу.

Аллаһ Тағала айтты: «Өлшеу, тартуда кеміткендерге нендей өкініш!».(83 : 1)


41 – Аллаһтың мәкірінен (шарасынан) аман болу.
Аллаһ Тағала: «Сондай-ақ Аллаһтың мәкірінен (қаһарынан, айласынан) аман бола ала ма? Аллаһтың мәкірінен зиянға ұшырайтын ел ғана қобалжымайды» - деген. (7 : 99) Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына дұғаны көп айтар еді: «Әй жүректерді ауытқытушы біздің жүректерімізді өз дініңде бекем ет». Сонда одан: «Әй Аллаһтың елшісі! Біздер үшін қорқасыз ба?» - делінді. Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расындар жүректер Рахманның (Аллаһтың) саусақтарынан екі саусағының 1 арасында болады және оны қалағанынша ауытқытады» - деді. (Ахмад, Термизи және Хаким риуаяты).
42 – Мұсылманды кәпірге шығару.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім өз бауырына (мұсылманға) "ей кәпір"- десе, ол екеуінің біреуіне оралады (яғни, екеуінің біреуі кәпір болады)» - деген. (Бухари риуаяты).
43 – Жұма намазды және бес уақыт намазды жамағатпен оқуды тәрк ету.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдар жұма намаздарын тастауларын еш тоқтатпаса, Аллаһ Тағала олардың жүректерін мөрлейді, кейін олар сөзсіз қаперсіздердің қатарында болады» – деген. (Муслим риуаяты). Және Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Кім үндеуді (азанды) естіп тұрып, оған (намазға) еш үзірсіз бармаса, намазы жоқ ( кейін оқыған намазы қабыл етілмейді)». (Ибн Мажа, ибн Хиббан риуаяты).
44 – Айлакерлік және алдау.
Аллаһ Тағала: «Негізінде айлакерлердің кесірі иесіне ғана болады» - деген. (35 : 43)

Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Айла және алдау (иесін) тозаққа (кіргізеді)» - деген. (Байһақи "Иман" кітәбінда келтірген).


45 – Сахабалардың бірін балағаттау.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Менің сахабаларымды сөкпеңдер. Нәпсім (жаным) Оның қолында болған (Аллаһқа) серт (яғни, мені тірілту мен өлтіру қолында болған Аллаһ атымен ант етемін). Сіздердің біреуіңіз Ухуд (тауының) мысалындай(көлеміндей) алтынды (Аллаһ жолында) жұмсаса да, олардың (сахабалардың) бірінің жұмсаған муддына (яғни, өлшем бірлігі, қос уыс шамасында) немесе оның жартысына да жеткізе алмайды». (Бухари риуаяты).
46 - Өлік соңынан жоқтап дауыстап жылау.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдардың арасынан екі кісіден күпірлік (белгісі) болады: Біреудің шыққан тегін айыптау (яғни," сен оның баласы емессің"- деп айыптау), өлікті жоқтап дауыс шығарып жылау» - деген. (Муслим, Ахмад риуаяты).
47 – Жер шекарасын өзгерту.
Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Жердің шекарасын өзгерткен (мысалы: көршісінің шарбағын жылжытып, өз жерін кеңейту, т.б.) кісіні Аллаһ Тағала лағнеттейді». (Муслим риуаяты).

48 – Шаш жалғаушы, қас алушы, қасын алдырушы, тістерінің арасын аштырушы, денеге (инемен) сурет салушы.

Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Денеге сурет салушыны, сурет салдырушыны, қасын (жұлып) алушыны, қасын алдырушыны, әсемдік үшін тістерінің арасын аштырушы және Аллаһтың жаратылысын өзгертуші кісілерді Аллаһ Тағала лағнеттейді» - деген. (Бухари мен Муслим риуаяты). Және Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Жалған шаш жалғаушыны, оны жалғатушыны, денеге сурет салушыны және салдырушы кісілерді Аллаһ Тағала лағнеттейді». (Бухари, Муслим риуаяты).


49 – Харам мешітінде зұлымдық ету.
Аллаһ Тағала айтты: «Сондай-ақ, Біз Харам мешітін тұрғындарымен шеттен келуші адамдарға тең қылдық. Кім онда зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа, оған жан түршігерлік азаптың дәмін таттырамыз». (22 : 25)

Бір кісі Пайғамбарымыздан (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): Үлкен күнәлар не? – деп сұрағанда ол былай деді: «Олар тоғыз: Аллаһқа серік қосу.. олардың ішінен мынаны айтып кетті: «Сендердің қыбылаларың Харам мешітін халал ету (яғни, негізінде бұл мешітте көп нәрселер харам етіледі. Мысалы: адамды немесе хайуанды өлтіру, арақ ішу т.б. нәрселер осы харам нәрселерді адалға шығару үлкен күнәға жатады)». (Абу Дауд, Насаий риуаяты).




50 – Рамазан айында үзірсіз ауыз ашу және шамасы келіп тұрып хажылықты орындамау.

Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Ислам бес нәрседен құрылған:" Аллаһтан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед Аллаһтың елшісі" – деп куәлік беру. Намазды толық орындау, Зекет беру, Ораза ұстау және (Аллаһ разылығы үшін) хажылық ету». (Бухари мен Муслим риуаяты).

Сөз соңында Ұлы әрі Құдіретті (барлық нәрсеге күші жететін) Аллаһ Тағаладан, бізді бұл үлкен күнәларға ұрынып қалудан сақтауын және жүздерімізді жарқын етуін жалбарына сұраймыз. Аллаһ Тағала айтты: «Қиямет күні кей беттер (жүздер) ағарып, кей беттер(жүздер) қараяды. Сонда қара беттерге (жүздерге): "Иман келтіргеннен кейін қарсы келдіңдер ме? Ендеше, қарсы келгендерің үшін азапты татыңдар!" (делінеді). Ал енді ақ жүзділер, Аллаһтың рахметінде (яғни, тек жаннатта) болады да, олар онда мәңгі қалады». (3 : 106-107).

Мұсылман бауырым, егер толығырақ білгің келсе мына төмендегі кітәптарға қара:



  1. "Кабаир" кітәбі имам Заһабидікі.

  2. «Адамдар оған немқұрайлы қараған харамдар» Шейх Мұхаммед Салих Мунажжиддікі.

Аһли сунна уа жамағаттың нанымы бойынша: Аллаһтың саусақтары бар, Өзіне тән сипатта, олардың қандай екендігі белгісіз.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет