«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Дөңгелек үстел Тақырыбы: «it – келешегі кемел сала»



Дата02.01.2022
өлшемі17.31 Kb.
#453759
Дөңгелек үстел ІТ келешегі


«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «IT – келешегі кемел сала»

9 сынып

Сынып жетекші Б.Мырзахметова

2021-2022 оқу жылы
Дөңгелек үстел

Тақырыбы: «IT – келешегі кемел сала»

9 сынып
Мақсаты “Мамандық” құндылығы туралы түсінік сферасын кеңейту. Мамандық таңдаудағы ата - ана міндеті, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету.
Міндеттері:
• Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
• Мамандық таңдауда үйлесімді оң шешім қабылдау;
• Бала бойындағы жеке дара психологиялық ерекшелігін тану;
• Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табандылыққа отбасында тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: слайд
Өткізілу формасы: дөңгелек стол
Әдісі:
әңгімелеу, пікірталас, ойын - жаттығу.

Жалпы ережелер

Дөңгелек үстелді өткізу оқушылардың ғылыми-ізденіс қызметінің сатысы болып табылады.



Дөңгелек үстелдің мақсаттары мен міндеттері

  • Оқушылардың ғылыми-шығармашылық белсенділігінің көтермелеу және арттыру.

  • Оқушылардың оқума және ғылыми әдебиеттермен дербес жұмыс дағдыларын дамыту, зерттелген материалды жалпылама сипаттау және анализдеу дағдыларын қалыптастыру, өзіндік шешімдер мен тұжырымдар жасай білу және оны ауызша -және жазбаша түрде баяндай білуді дағдыландыру.


Дөңгелек үстелді өткізу тәртібі

Дөңгелек үстелде келесі сұрақтарды талқылау жоспарланады:

Ақпараттық технологияға жалпылама сипаттама беру.

Қазіргі таңда қалыптасқан технологияларды қарастыру.

Ақпараттық технологияның мамандықтарымен байланыстарын айту.

Мамандыққа деген қызығушылықтарын артыру.

Өткізудің негізгі түрі - жарияланған баяндамаларды тыңдау және талқыға салу болып табылады. Баяндамашының сөйлеу уақыты – 5 минут

Дөңгелек үстелді қорытындылау

ІТ саласы – болашағы зор мамандықтардың бірі. Оны меңгеру - жас түлектерді заман ағымымен жетелері анық. Себебі кез келген өзге маман иесіне де технология тілін білу – аса маңызды.


Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет