«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «IT – келешегі кемел сала»
9 сынып
Сынып жетекші Б.Мырзахметова
2021-2022 оқу жылы
Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «IT – келешегі кемел сала»
9 сынып
Мақсаты “Мамандық” құндылығы туралы түсінік сферасын кеңейту. Мамандық таңдаудағы ата - ана міндеті, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету.
Міндеттері:
• Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
• Мамандық таңдауда үйлесімді оң шешім қабылдау;
• Бала бойындағы жеке дара психологиялық ерекшелігін тану;
• Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табандылыққа отбасында тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: слайд
Өткізілу формасы: дөңгелек стол
Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, ойын - жаттығу.
Жалпы ережелер
Дөңгелек үстелді өткізу оқушылардың ғылыми-ізденіс қызметінің сатысы болып табылады.
Дөңгелек үстелдің мақсаттары мен міндеттері
Оқушылардың ғылыми-шығармашылық белсенділігінің көтермелеу және арттыру.
Оқушылардың оқума және ғылыми әдебиеттермен дербес жұмыс дағдыларын дамыту, зерттелген материалды жалпылама сипаттау және анализдеу дағдыларын қалыптастыру, өзіндік шешімдер мен тұжырымдар жасай білу және оны ауызша -және жазбаша түрде баяндай білуді дағдыландыру.
Дөңгелек үстелді өткізу тәртібі
Дөңгелек үстелде келесі сұрақтарды талқылау жоспарланады:
Ақпараттық технологияға жалпылама сипаттама беру.
Қазіргі таңда қалыптасқан технологияларды қарастыру.
Ақпараттық технологияның мамандықтарымен байланыстарын айту.
Мамандыққа деген қызығушылықтарын артыру.
Өткізудің негізгі түрі - жарияланған баяндамаларды тыңдау және талқыға салу болып табылады. Баяндамашының сөйлеу уақыты – 5 минут
Дөңгелек үстелді қорытындылау
ІТ саласы – болашағы зор мамандықтардың бірі. Оны меңгеру - жас түлектерді заман ағымымен жетелері анық. Себебі кез келген өзге маман иесіне де технология тілін білу – аса маңызды.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Нұрбатырова
Достарыңызбен бөлісу: |