А.Құсайынов атындағы ожббмб апталық қорытынды кеш



Дата20.06.2016
өлшемі51 Kb.
#149244
А.Құсайынов атындағы ОЖББМБ


Апталық қорытынды кеш


8-10 кластар

Орындаған: Информатика пәнінің мұғалімі: Батырханов.А.Қ



Мақсаты:

Оқушылардың математика мен информатика пәнінен не

білетіндерін саралау және жаратылыстану-математика апталығын қорытындылап не білетіндерін қадағалау боып табылады.

Түрі:

Жарыс ойыны.



Тәсілі:

Жарыстыру, сұрақтарға жауап.



Көрнекілігі:

Интерактифті тақта, үш сандық.

Жоспары:
І Командалар таңдау

ІІ Темір сандық

ІІІ Күміс сандық

IV Алтын сандық

V Қорытындылау

1 – жүргізуші
Тынышталып, тыңдаңыздар!

Назар салып, қараңыздар.

Жаратылыстану-математикадан

Қорытынды кеш басталады.



2- жүргізуші

Сіздерді қорытынды кешке шақырамыз

Есеппен бастарыңызды қатырамыз

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса білімдеріңізді толықтырамыз

1- жүргізуші

«Алтын сандық» ойыны

Көргендер де армандар

Көрмегендер де армандар

Босқа қарап жүргенше

Қызықтан тыс қалмаңыздар



2- жүргізуші

Қиын еспе оңай – ақ шығар

Миды егер шынықтырсаң

Жеңімпаздар алға озар,

Математика болса ұғар
1- жүргізуші

Информатика жалауын көтеріп,

Әлемге жар саламыз

Қарсылық егер болмаса,

Ойынымызды бастаймыз.

2- жүргізуші

Ойнаңыздар! Ойлаңыздар!

Есептен шет қалмаңыздар!

Есеп додасы басталды.

Қатысып бір қолдаңыздар!

1- жүргізуші

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Мектебімізде «Жаратылыстану-математика» апталығы болып жатқандығы бәрімізге де мәлім. Осыған орай, яғни аптаның соңғы күні қорытынды кешінді 8,9,10 – сынып оқушыларына арналған «Атын саныдық» атты танымдық ойынына қош келдіңіздер!



2- жүргізуші

Олай болса бүгінгі «Жаратылыстану-матиматика» атты танымдық ойына қатысқалы келген 8-9-10 сынып оқушыларын ортаға түгел шақырамыз.



1- жүргізуші

«Жаратылыстану-математика» ойыны болғандықтан, әр командаға әділ баға беру үшін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.



  1. Мектеп директоры – Мәстура Нәсиқызы

  2. Ұйымдастырушы педагог – Алма Сатыбалдықызы

  3. Психолог – Әсел Әлімқызы

  4. Физика пәнінің мұғалімі – Сара Сұлтаниярқызы


І тур «Команда таңдау»

2- жүргізуші

Енді ойын шаттарымен таныстырып өтейін. (ойын шаттарымен таныстырып өтеді)

І кезең: Командаларды таңдау. Яғни бұнда әр сыныптан 3 оқушыдан алынады. Қазір әрбір сынып келіп номыр таңдайды. Сонда құрама команда аралас сыныптан 3 оқушыдан 3 команда құрылады. Келіп әр сынып номер тандаңыздар. (номер даңдайды). Енді рет – ретімен тұрып алайық.(1,2,3 команда)

1- жүргізуші

Енді сендерге жалпы 3 командаға бірдей 10 сұрақтан қоямыз. 5 сұрақ математикадан болса 5 сұрақ информатика пәнінен келеді. Қай команда 10 сұраққа түгел немесе сұрақтың көбіне жауап берген 2 команда ортаға шығып, ойындарын әрі қарай жалғастырады. Ал сұрақтарға аз жауап берген команда ойыннан шығып, көрермен ретінде барып тамашалауына болады. Жеңген 2 команда екі партаға жайғасып, онда екі партаға ат берілген , яғни құрылған команданың аты болып саналады. Біреуі математика және информатикадан алынған.

Ойын шарты: Дұрыс жауап берген команда 5 ұпай. Дұрыс бірақ толық емес жауапқа 3 ұпай. Айта алмаған командаға 0 ұпай. Орнынан айқалаған, тәртіп бұзған топтан 2 ұпай кеміледі.

Олай болса ойнымызды бастаймыз.

Іске сәт!
2- жүргізуші

1. Геометриялық жазықтықтықтағы фигуралар нені зерттейдң?(планиметрия)

2. Квадраттық функцияның графигі.( парабола)

3. Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы.(1800)

4. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді.(хорда)

5. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем? (теорема)



1-жүргізуші

1. Басыпшығару құрылғысы қалай аталады? (принтер)

2. Компютердің ең аз құрылғысы? (монитор, пернетақта, жүйелік блок)

3. Компютердің миы деп нені атаған? (жүйелік блок)

4. Компютердің жанындағы өсімдік? (кактус)

5. Word қандай редактор? (Мәтіндік редактор)



2- жүргізуші

І кезең аяқталды. Қай команда алға шыққанын білу үшін әділқазылар алқасы сөз берейік. (2 команда таңдалып ортаға шығады. 1 команда көрермендер қатарынан орын алулары болады.



1- жүргізуші

Орталарыңызда «Информатика» және «Сектор» командалары «Алтын сандық» ойынына қатысқалы отыр. Өздерінің команда атауының анықтамасына тоқталып өтсін. (1,2 командалары жауап береді)


ІІ тур «Темір сандықтың сұрақтары»

2- жүргізуші

Енді ойынның 2 кезеңінде қай команда үш сандықтан өтіп жеңіске қол жеткізеді, соны анықтаймыз. Яғни үш сандық бар, Темір сандық, Күміс сандық, алтын сандық. Осылардың ішінде әрқайсысында 10-нан сұрақтар бар. Екі команда сұрақ суырып, жауап беруі керек.

Олай болса, ойынымызды бастаймыз.

Темір сандақ сұрақтары бойынша ойналады.



1-жүргізуші

1. y=sinx функциясының гарфигі? (синусойда)

2. 3,5 таяқтың неше ұшы бар? (8)

3. Кеңсітіктегі фигураларды оқытатын бөлім?(стереметрия)

4. Он екі цифрын екіге бөлгенде неше шығады?(7)

5. 100 санына кері санды ата? ()



2- жүргізуші

1. Тышқанның негізгі батырмасы? (Сол жақ батырмасы)

2. Экранның төртбұрышты сегментті қалай аталады? (терезе)

3. Экранда жыплықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)

4. Терезені жаймалау батырмасының таңбашасы?(төртбұрыш)

5. Қағаздағы кескінді түсіріп алып, оны дисплей экранына шығаратын құрылғы?(сканер)



ІІІ тур «Күміс сандықтың сұрақтары»

1-жүргізуші

1. Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлініп беріледі. Биеге – үш қадақ, құнандарына 2 қадақтан, ал тай басына бір қадақтан жем береді. Сонда бие нешеу, тай нешеу, құнан нешеу? (бір бие, екі құнан, үш тай)

2. Кім алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығарған жоқ?(Қ.Сәтпаев)

3. Басқа кисең бөрік, сәнді сұлу көрік? (конус)

4. Отырардан шыққан ұлы, данышпан, ғалым математик? (Әл-Фараби)

5. Көпжақтың тұрлері? (Призма, пирамида, параллелепипед)



2-жүргізуші

1. Вирусты жоятын программа қалай аталады? (антивирус)

2. Ондық санау жүйесіне неше сан кіреді? (0,1,2,3...9)

3. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)

4. Терезенің бірінші қатары қалай аталады? (тақырып жолы)

5. Баған мен жолдың қиылысуын не деп атайды? (Ұяшық)


IV тур «Алтын сандықтың сұрақтары»

1- жүргізуші

1. «Милион» сөздік қазақ арасында жеткізуші ағартушы ғалым

кім? (Ы.Алтынсарин)

2. Биіктігі 10 м ағашқа ұлу күндіз 5 м жоғары көтеріліп, түнде

4 м төмен түседі. Ұлу ағаштың басына қанша күнде шығады?

3. Қазақтардың өлшемдерінің бірі «қарыс» мағынасын түсіндіріңіз? (бас бармақ пен шынтатық ара қашықтығы)

4. Басталатын нүктесі бар сызық? (сәуле)

5. Ардақ, Кәрім, Айгул үшеуі дойбы ойнайды. Егер әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналады? (3 партия)



2- жүргізуші

1. Microsoft фирманың призеденті кім? (Билл Гейтс)

2. Microsoft фирманы қай жылы құрылды?(1975 ж)

3. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?

(пуск – программы – стандартные – Paint )

4.Сандық қатарды қосатын перне? (Num Lock)



  1. Программалау тілдерін ата? ( Бейсик, Паскаль, Си, Алгоритм)

V тур «Қорытынды»


1- жүргізуші

Енді сайыстың қорытныдсын тыңдау үшін әділқазылар алқасына береміз.( Әділқазылар сөйлейді)



2-жүргізуші

І орын жеңіп алған: «Информатика» командасы



ІІ орынды «Сектор» командасы жеңіп алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет