Молдабаева Гулайда Бекболқызы Тақырыбы: «Достық дегеніміз не?» Мақсаты



Дата11.06.2016
өлшемі114.5 Kb.
#128859


Бастауыш сынып мұғалімі



Молдабаева Гулайда

Бекболқызы

Тақырыбы: «Достық дегеніміз не?»

Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды бір –бірімен достаса білуге,адалдыққа, шыншылдыққа, ынтымақты болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қағаз, қалам, тірек сызбалар,суреттер.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды алты топқа бөлу.

  1. топтың аты: «Достық»

Ұраны :«Жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын».

2-топтың аты: «Сыйластық»

Ұраны : «Сыйға сый, сыраға бал».

3-топтың аты: «Ынтымақ»

Ұраны : «Ырыс алды,ынтымақ»

4- топтың аты: «Бейбітшілік»

Ұраны :«Бейбіт өмір, бейбіт көңіл».

5- топтың аты: «Жақсылық»

Ұраны :«Жақсы сөз, жарым ырыс».

6- топтың аты: «Татулық»

Ұраны :«Абысын тату болса, ас көп».

Әр топтың басшылары өз топтарының атын, ұранын дауыстап, хормен айтады.Әр топтың басшысы ұрандарын түсіндіре отырып қорғайды. Әр топтан бір оқушы топтарының атына байланысты мағынаны танытады.



Мағынаны таныту:



Мақал – мәтел сайысы:

Сурет сайысы:

Ән: «Достық туралы»

Мұғалім:Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» – дейді. Достық- адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес. Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет. Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

Сұрақ- жауап: ( Әр топтан бір оқушы шығып, сөздерді таңдау арқылы «Дос қандай болу керек ?» деген сұраққа жауап береді).Мағынаны тану:

Ақылды Төзімді

Адал

Сабырлы



Жомарт

Салмақты



Ашық Қарапайым

Кешірімді Мейірімді



Салыстыру: Адал дос Амал дос





Мұғалім:

Келісімге келу бұл досың мен әр уақытта тату болу, бірлік те болуды білдіреді. Татулық, бірлік болған жерде береке, ырыс, молшылық болады және де ұрыс-керіс, дау-жанжал аз болады. Ал, оқушылардың достарымен тіл табыса алуы үшін адам бойында адамгершілік қасиеттер мол болуы қажет, адам кешірімшіл, әр уақытта досыңа көмектесуге дайын болуы керек деген ой білдірді. Және мінездерін басқара алып досыңның қиындықтарына үнемі көмектесе отырып, алдамай, өтірік-өсектен аулық болу керек. Оқушылардың ойларын «Достасудан – бірлік, бірліктен – тірлік, тірліктен – жеңіс, жеміс, қуаныш, бақыт туындайды» деумен қорытындылауға болады.



Сұрақтары:

1. Достықты қалай түсінесің?

2. Халық достықты не үшін жоғары бағалаған?

3. Достық сезімі дегеніміз не?

4. Нағыз достықтың белгісі не?

5. Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

6. Келісімге келу, тіл табыса алу үшін не қажет?

Әңгіме жазу:

Эссе:(ауызша)

Қорытынды:

«Алғашқы жауын жауғанша»

Данамен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын.

-Плащынды шеш, екеуіміз бірге жамылайық! – деді Бота.

- Шеше алмаймын, үстім су болады ! –деді Дана.

Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ, сен неге малмаңдай сусын. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады.

-Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды»-деді Бота.

-Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарыңның алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр –деді мұғалім. Екі қыз да ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.

Сұрақ: Дана мен Бота неліктен ұялды.

Сен Дана туралы не айтар едің?

Ақыл кеңес:

• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

• Досыңды алдамай, оған адал бол.

• Досыңды қорлама.

• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

• Досыңның кемшілігін кешіре біл.



Ереже:

«Достық ережесін», «Келісімге келу» және «Тіл табыса алу ережесін» жасадық.

Достық ережесі

Келісімге келу ережесі

Жарайсың!

Уәдеңде тұр!

Кешірімді бол!

Бір-біріңді түсіне біл!



Жетістікке қуана біл!

Қорытындылай келе сабақ соңында «Достықтың белгісін» жасадық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет