Кесте 6 – «Серғазы Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие беру мәселелері» атты арнаулы курс бағдарламасының мазмұны
р/с
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Пайдалану жолдары
|
лекция
|
семинар
|
1
|
Арнаулы курс бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
|
1
|
|
«Профессордың өмір жолдарымен таныстыру»,
«Арнаулы курс мазмұны мен міндеттеріне талдау жасау»
|
2
|
С.Қалиевтың еңбектеріндегі этнопедагогикалық білім беру жүйесі
|
1
|
1
|
«Қазақ этнопедагогикасының тарихынан» студенттердің оқу-ғылыми зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптарын жасау.
|
3
|
Қазақ этнопедагогикасының ұғымдарына С.Қалиевтың анықтамалары
|
1
|
1
|
«Этнопедагогика», «Халық педагогикасы», «Халықтың салт-дәстүрлері», «С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық тәлім-тәрбиелік көздері» атты семинар өткізу.
|
4
|
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелерінің С.Қалиев еңбектерінде зерттелеуі.
|
1
|
1
|
Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы туралы дөңгелек стол ұйымдастыру.
|
6
|
Халық педагогикасының «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Толық адам» тәриелеу қағидалары С.Қалиев зерттеулерінде
|
2
|
1
|
Халық педагогикасындағы «Сегіз қырлы, бір сырлы » адам тәрбиелеу туралы пікірталас ұйымдастыру.
|
5
|
С.Қалиев Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім-тәрбиенің жандануы туралы.
|
2
|
2
|
Тақырып бойынша Қ.Жарықбаевтың, С.Қалиевтың, С.Ұзақбаеваның, Ә.Табілдиевтің, Қ.Бөлеевтің, К.Қожахметованың, Ж.Асановтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбиенің тәрбие ой-пікірлеріне семинар өткізу.
|
|
Барлығы
|
8
|
6
|
|
Арнаулы курс ұйымдастырылып, ғалым-педагог С.Қалиев туралы лекция, семинар сабақтарын жүргізгеннен кейін білімгерлердің білім деңгейін тексеру мақсатында сауалнаманы қайта жүргізіп нәтижесін шығардық (Кесте – 7)
Кесте 7 – С.Қалиев жайында студенттердің білім деңгейін қалыптастыру кезеңі
№
|
Сұрақтар
|
«Педагогика және психология» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің жауаптары
|
Студ.
саны
|
Жоғары %
|
Орташа %
|
Төмен %
|
Студ.
саны
|
Жоғары %
|
Орташа %
|
Төмен %
|
1.
|
С.Қалиевтың өмір жолдарынан қандай қасиеттерді өзіңізге алар едіңіз?
|
19
|
10
|
5
|
2
|
18
|
9
|
5
|
4
|
2.
|
Ғалымның еңбектерін атаңыз.
|
|
11
|
5
|
3
|
|
11
|
5
|
2
|
3.
|
Ұлттық қадір-қасиеттерді атаңыз.
|
|
12
|
5
|
2
|
|
12
|
5
|
1
|
4.
|
Сегіз қырлы, бір сырлы жастарға тән қасиеттер қандай?
|
|
11
|
5
|
3
|
|
11
|
6
|
2
|
5.
|
С.Қалиев қазақтың қандай ақын-жырауларының тәрбиеге байланысты өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашқан?
|
|
12
|
5
|
2
|
|
12
|
4
|
2
|
6.
|
Профессор С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық мәдениетті насихаттау туралы ойлары.
|
|
13
|
3
|
3
|
|
10
|
7
|
1
|
7.
|
Ғалымның халықтар арасында татулық жөніндегі пікірлері.
|
|
10
|
6
|
3
|
|
12
|
5
|
1
|
8.
|
Ана тілімізді төрге шығару жөніндегі ғалымның пікірін келтіріңіз.
|
|
12
|
6
|
1
|
|
11
|
5
|
2
|
9.
|
Профессордың «Әдеп» пәні жөнініндегі ой-пікірлері
|
|
11
|
5
|
2
|
|
10
|
6
|
2
|
10.
|
Ғалымның білім беру мен тәрбие жүйесін этнопедагогикаландыру деген идеясын қалай түсінесіз?
|
|
13
|
4
|
2
|
|
13
|
4
|
1
|
Жиыны:
|
|
11,5
|
4,9
|
2,3
|
|
11,1
|
5,2
|
1,8
|
Біз жүргізген әдістемелік жұмыстар негізінде өткізілген сауалнамада болашақ педагог-психологтардың профессор С.Қалиевтың этнопедагогика мәселелеріне арналған еңбектеріне деген үлкен ықыластарын байқадық. Әсіресе, білімгерлер бойында ұлттық сана, ұлттық намыстың терең ұялағаны сезілді. Бұл өте қуанарлық жағдай болды.
Бұл сауалнама арқылы білімгерлердің ұлттық тәрбие жөнінде ғалым С.Қалиевтың еңбектерін пайдалану қажеттілігі қандай дәрежеде екенін және оның еңбектеріндегі ар-ұжданды қастерлеу, тәрбиені халық өмірінен бөліп алуға болмайтындығы, этностық және өркениетті әлемдік мәдениетті кіріктіре пайдалану арқылы ұлттық ментолитетті қалыптастыру қажет деген негізгі тұжырымдарын тәрбиеде пайдалану мүмкіндіктерін анықтадық.
Ұлттық тәрбие жөнінде ғалым С.Қалиевтың еңбектерін пайдалану қажеттілігі жөнінде берілген сұрақтар бойынша педагогикалық пәндерден сабақ беретін оқытушылар арасында сұхбат жүргізілді. Бірінші орында ғалым-педагогтың қазақ ұлтының менталитеті, ұлттық тіл мен мәдениетті орындату жөніндегі пікірлері болды (сұхбаттасқан 20 оқытушының 88%). Ғалымның «Қазақ этнопедагогикасының тарихы», «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы», «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» еңбектерін жиі пайдаланатындарын көрсетті (90%). Ал, С.Қалиевтың «Тәлім-тәрбие хрестоматиясы», «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі», «Қазақ этнопедагогикасының туу және даму тарихы» атты еңбектерін сирек пайдаланатыны белгілі болды ( 9%).
Жүргізілген сұхбатқа берілген жауаптар ғалым педагогтің теориялық, оқу-әдістемелік еңбектерінің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға деген қажеттіліктің жоғары екені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Қорытынды
Профессор Серғазы Қалиев өзінің ұлан-ғасыр педагогикалық және қоғамдық қызметімен Қазақстанның этнопедагогика ғылымына үлкен үлесін қосты. Ұлағатты ғалым-ұстаздың көлемді де, ауқымды монографиялық, оқулықтары, оқу құралдары маман даярлауда үлкен рөл атқарды. Бұл еңбектерінде ғалымның педагогика, этнопедагогика, мораль, этика мәселелері әр қырынан сөз болады. Әсіресе, кең байтақ қазақ жеріндегі оқу-ағарту істерінің түрлі сипаттағы бағыттары, ұлттық тұрғыдан білім беру мен оқыту ісінің түйінді мәселелерін ғылыми зерттеу тұрғысынан көрсете білді.
Ғалымның қаламынан жоғары оқу орындарына арналған бірнеше монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, төрт жүзден астам ғылыми мақалалар жарық көрді. Ондағы ой-пікірлер жастарға рухани азық десе артық айтқандық болмас.
Ғалым С.Қалиев өзінің еңбектерінде жеріміздің ұлан-ғайыр кеңдігімен табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархандылық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қырғынға ұшыраудың салдарынан мысқалдап жинаған рухани мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан малжандылық (мәселен, аман-саулық сұрағанда алдымен малдың жөні сөз болатындығы), өзінің жұрттарға деген бауырмалдық, еш уақытта біреудің жеріне деген көз алартпаған бейбітшілік қасиеті, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қаусатқан батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі шыдамдылық біздің ұлттық мінезіміздің ерекшеліктерін егжей-тегжей зерттеген.
Ғалым кейбір қазақ жастарының ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді біле бермейтініне, халқымыздың баға жетпес өнерлерін бағалай бермейтініне өкініш білдірді.
Қазақтардың санасына жалпы адамзаттық мінез-құлық ережелерімен қатар ұлттық моральдық асылы мен халықтың этнопедагогикалық, этнопсихологиялық ерекшеліктері еленбеді, жеке тұлғаның белгілі бір этносқа тән қатынасы ескерілмеді. Бұл сөз ащы болса да шындық еді.
С.Қалиев халқымыздың, ұлтымыздың жоғын жоқтап, жас ұрпақ санасына ұлттық тәрбиенің дәнін сеуіп, ұлтқа қызмет етудің не екенін айтып, жеткізуден шаршамаған патриот-ғалым. Ұрпағына ұланғайыр жер қалдырған бұрынғы билер мен батырларды айтпағанда, тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары қаншама азаматтарымыз ел аузына ілікті. Мәселен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевты алайық, қаншама орыс пен өзге ұлттардың ортасында жүріп-ақ, ана тілін ұмытпауы нені аңғартады? Қалаберді ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, бәрі-бәрінен хабардар. Бұл отбасында тамаша тәрбие алғанын, қан тазалығының, жан сұлулығының, ұлтқа қызмет етудің не екендігін білетіндігі деуге әбден болады. Сондықтан ғалым жастарды қазақша сөйлеп, ұдайы кітап оқып, терең ойлауға шақырады.
Сонымен қорыта келгенде, Қазақстанда кеңес дәуірінде қазақтың ұлттық мектебі болған жоқ, мектептер қазақ мектебі деп аталғанымен, олар орыс мектебінің қолайсыз көшірмесі болды, оларда ұлттық тәрбие жүргізілмеді. Міне, сондықтан ғалым-педагог Серғазы Қалиев басқа да қазақтың ғалымдары сияқты ұлттық мектептің қажеттігін ерекше мәселе етіп қойған этнопедагогтар Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева. М.Балтабаев, А.Көбесов, Ж.Наурызбай, Ә.Табылдиев, Т.Әлсатова, Қ.Қожахметова, Қ.Бөлеев, І.Хамитова, Ж.Асанов ерекше мәселе етіп қойып, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру проблемаларын жан-жақты зерттеген ғалымдардың көш басында болды, болып та келе жатқанын айтуымыз керек.
Ғалым педагог С.Қаливтың этнопедагогикалық көзқарастары бұрын соңды арнаулы зерттелмегендігін анықтады.
С.Қалиев қазақ жастарына ұлттық тәрбие берудегі үлесі қомақты. Ол халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдамаларымен қиюласа, астарласып жатқанын өз еңбектерінде көрсете білді. Себебі, осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі дейміз.
Серғазы Қалиевтың тарихи өмір жолдарын талдау арқылы біз оның этнопедагогикалық идеялары қазақ қоғамының тарихымен тығыз байланыста болғанын білдік. Ол ауыл баласынан мұғалім, қоғам қайраткері, белгілі ғалым дәрежесіне жетті. Ғалымның шеберлігі оның шығармаларында қоғамдағы барлық өзгерістер орын алып, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің небір қыр-сырларын ашуында.
Сөз соңында белгілі ғалым-педагог Серғазы Қалиевтың этнопедагогикалық идеялары жас ұрпақтың ұлттық тәрбие алып, дені сау, білімді, ақылды, адамгершілікті, иман жүзді, сұлу да сымбатты, халқын, елін, туған жерін, оның табиғатын сүйетін ұлтжанды, ата-бабамыз армандаған «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат болып өсуіне жақсы ықпалын тигізетіні хақ.
Зерттелген тақырып өте күрделі болғандықтан оның барлық қыр-сырын қамтудың мүмкіндігі болмады. Келешекте бұл мәселе өзінің жалғасын теориялық және тәжірибелік ізденістерде С.Қалиевтың ұлттық тәрбие туралы идеяларын мектеп және отбасы тәрбиесінде, арнаулы орта, жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде, педагогика және психология, филиология мамандарын даярлауда жүзеге асырудың жолдарын анықтауға арналған зерттеулер болуы мүмкін.
Серғазы Қалиев шығармашылығында қазақ отбасындағы қарым-қатынас, туған жерге деген сүйіспеншілік (патриотизм), қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәні туралы мәселелер арнайы зерттелсе деген ұсыныс білдіреміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 1999 ж
-
«Ұстаз – ғалым өмірі - көпке өнеге – сексеннің сеңгіріндегі – Серағаң» атты кітапта ғалымның «Қазақстан мектебі» журналының тілшісіне берген сұхбаты. – Алматы, 2009-6,13б
-
Бөлеев Қ. Қазақстан халық педагогикасы.- Жамбыл, 1993-22б
-
Нұрахметов Н.Н. Ұлттың педагогика тарихының білгірі, әрі көшбасшысы - сексеннің сеңгіріндегі - Серағаң кітабында. - Алматы, 2009-51б
-
Қалиев С. Жаңа замандағы сай ұлттың идеология керек.- Этнопедагогика журналы, 2008-4,5б
-
Қалиев С., Оразаев М., Смайлова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы: Рауан,1994-222б
-
Құдайқұлов М. Ізденуден жалықпаған феномсы ғалым. Сексеннің сеңгіріндегі – Серағаң кітабында. – Алматы, 2009-25,54б
-
Қазақтың тәлімдік ой-пікір тарихынан. - Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. - Алматы: «Рауан», 1994-320 б.
-
Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Гебоксары, 1974-16б
-
Құнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986. – 1т-304б.
-
Жарықбаев Қ.Б., Табылдиев Ә. Әдеп және жантану, - Алматы: «Білім», 1995-102,123б
-
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы, 1997ж
-
Қалиев С. Халық педагогикасы және оның ауыз әдебиетіндегі көрінісі. – Алматы, 1998-196б
-
Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттыұ тәрбие беруге кәсіби дайындау. – Алматы: Нұрлы әлем, 2004-152б
-
Иманбаева Қ. Мақал-мәтелдерді пайдалану. – Алматы: Жазушы, 1985-46б
-
Ұзақбаев Қ.Б. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. – Алматы: Білім, 1990-30б
-
Есімов Б. Сана болмысы . – Алматы: Ғылым, 1994-123б.
-
Жарықбаев Қ.Б. Қазақ этнопедагогикасының әдіснамасын жасаудың кейбір өзекті мәселелері. Этнопедагогика және этнопсихология. – 2 жинағы, Алматы, 1996-18б
-
Шаймерденова К. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының бағыт-бағдары. – Алматы: РБК, 1993-31б
-
Ұзақбаева С.А, Қожахметов К.Ж. Жоғарғы мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Өнер, 1998-22б
-
Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1991-200б
-
Бөлеев Қ. Қазақстан халық педагогикасы.- Жамбыл, 1993-28б
-
Халитова І.Р. Абай Құнанбаевтың мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізудің педагогикалық негіздері. – Алматы: РИК, 1997-151б
-
Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: Теория және практика. – Алматы: РБК, 1997-141б
-
Асанов Ж.І. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығының теориясы мен практикасы. – Алматы: «Ғылым», 1999-212б
-
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы, - Алматы, 1996-23б
-
Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,1994-40б
-
Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы. – Алматы, 1996-56б
-
Құрсабаев М. «Атамекен» ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасын оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың этнопедагогикалық-этнопсихологиялық мәселерді. – Алматы: Кәусар бұлақ, 1994-32б.
-
Қалиев С. Педагогиканың ғылыми-зерттеу орталыңы немен айналысады? - Қазақстан мұғалімі, №1, 2003. 18б
-
Төлеубеков Р. Бала тәрбиесіндегі халықтың педагогика. – Алматы, РБК, 1994-140б
-
Қалиев С. Қазіргі оқу-тәрбие жүйесін этнопедагогикаландырудың теориялық негіздері. – Ұлт тағылымы, №1, 2001-17б
-
Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Из истории казахской народной педагогики.- Алматы: Китап, 1992-69б
-
Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. 181б
-
Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: «Білім», 2003. 211б
-
Жарықбаев Қ.Б. Аталы ар сөзі – ақылдың сөзі. – Алматы: Қазақстан, 1980-121б
-
Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. Құрастырғандар С.Қалиев, Р.Ізғұттынова, Г.Жексенбаева. – Алматы: Рауан, 1996-161б
-
Қалиев С. Халық педагогикасы ұлт мектептеріндегі оқу-тәрбие ісінің өзегі болуы керек. - Ана тілі, №38, 1993-23б
-
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Из истории қазахски пародный педагогики. – Алматы: Рауан, 1990-281б
-
Қалиев С., Базилов Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрі және димократ- ағартушылары. – Алматы: РБК, 1993-179б
-
Қалиев С. Екі ойшылдық тәлімдік үндестігі // Ұлағат. №4, 1996-27б
-
Алтынсарин Ы. Мұсылмандықтаң тұтқасы. – Алматы: Қазақстан,1993-46б
-
Қалиев С., Аюбаев К. Еуропа ғалымдарының қазақ мәдениеті туралы ойлар. - Алматы, 1992-301б
-
Әлімбаев М. Халық - ғажап тәлімгер. – Алматы: Рауан, 1994-144б
-
Ұзақбаев С.А, Момынбаев Б. Қазақ халық педагогикасынаң шетелдерде дамуы. – Алматы: РБК, 1994-56б
-
Озғанбай Ө. Халықтан асқан ұстаз жок. – Алматы, 1996-161б
-
Әбілова З. Этнопедагогика. – Алматы: ҚӘТУ, 1997-260б
-
Өміралиев Қ. Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. – Алматы: Рауан, 1995-48б
-
Наурыз: Жаңғырған салт-дәстүрлер. Құрастырған М.Қазиев. – Алматы: Өнер, 1993-360б
-
Жалғасова Ш. Жастарды семиялық өмірге дайындауда ұлттық дәстүр мүшесінің рөлі. Алматы: Білім, 1986-36б
-
Төлендиев Т. Иманбаев Қ. Қызым, саған айтам! – Алматы: Қазақстан, 1994-176б
-
Көшербаева А. Халқым қандай десен, салтынан сынап біл. – Алматы: РБК,1993-42б
-
Тәжібаева С.Г, Нұғманова Х.Е. Отбасы тәрбиесінде оқушының ұлттық келбетін қалыптастыру.- Алматы, 204-152б
-
Сарыбеков Н, Сарыбеков М, Сарыбеков К. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлер. – Алматы: Рауан,1997-51б
-
Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдет-ғұрыптардың беймәлім 220 түрі. – Алматы: Санат, 1999-256б
-
Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасы.- Алматы: РБК,1992-30б
-
Сыдыков А. Ақын-жыраулар.- Алматы: Жазушы, 1984-495б
-
Жарықбаев Қ, Қалиев С. Ыбырай Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік мұралары.- Алматы: Білім, 1990-36б
-
Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары.- Алматы: Ана тілі, 1994-82б
-
Өсеров Н., Естаев Ж. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары.- Алматы: Қазақстан, 1992-15 б
-
Тілеужанов М. Халық тағлымы.- Алматы: Рауан, 1996-365 б
-
Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы: Мектеп, 1976-158б
-
Төрекұлов Н. Қазақстан жүз шешені. Алматы: Жазушы, 1993. 301 б
-
ҚР «Тіл туралы Заңы». – Алматы, 1998-38б
-
Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы: Әл-Фараби, 1995-463б
Достарыңызбен бөлісу: |