Ұлттық құндылықтар



Дата09.11.2023
өлшемі20.26 Kb.
#482807
Ұлттық құндылықтар


Ұлттық құндылықтар
Ұлттық құндылықтар- белгілі- бір ұлтқа ұлт азаматына тән адами қадір-қасиет және ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материялдық құндылықтар. Ол-тәрбие мен оқытуға бағытталған мұрағат. Оларға кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, рухани байлық сияқты сынды қасиеттер жатады. Кез-келген ұлттың сипаты 5 қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі –діні, үшіншісі-дәстүрі, төртіншісі –тарихы, бесінші-туған жері. «Ұлттық құндылықтар адамға тәуелді емес» деп айтармен, ең алдымен адам санасында орын алады.Құндылықтар халықтың сана- сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де,соған сай әрекет етеді де құрмет пен мұра етіп қалдыру деген мүдде түзіле бастайды, елдің нағыз құдіретін түсініп, тілді, дінді, тарихты сыйлауға кіріседі. Ұлтын қадірлеп, қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі - өзім, екіншісі – халқым»-дейді. Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани материялдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне келешек ұрпақты ел жұртқа ие болатын азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа ?
Тәрбие бала тумай тұрып, дүниеге келмей тұрып берілуі тиіс. Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде ,оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре үйрете білетін болсақ,сонда ғана біз ұлттық рухымызды дамыған, Отанының гүлденуіне үлес қоса алатын азамат өсіре аламыз деген болатын. Сондықтан қатардағы пендені нағыз толық қанды тұлғаға айналдыру үшін ұллттық құрдылықтар арқылы тәрбие берудің маңыздылығы зор . Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: - белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы; - өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену; - сана-сезімін қалыптастыру; - жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту; - ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәден етін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу; Жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездері қалыптыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана біз мақсатқа жете аламыз. Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады: - сыныптағы тәрбие сағаттары; - баспасөз және қабырға газеттері; - бұқаралық ақпарат құралдары;
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлы Дала дүниетанымындағы болмысын ашатын маңызды құндылық ретінде аң стилін айта кеткен болатын. Оның әлемдік өнердегі биік белестердің бірі ретінде көрсетіп жоспарлануы белсеңді трде жүруде. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы.Елбасы бұл ретте аң стилі бабаларымыздың ерекшеленген жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсететінін баса айтып кетті. Көне архетиптерді білу қазіргі этномәдениеттегі көріністерін айқындауда маңыздылығы зор. Дәстүр жалғасын және тарихи белгілерді қол өнерден жиі аңғаруға болады. Мысалы, Шәкен Уәлиханов қырғыз халқында өздерінің шығу тегін бұғы анадан, яғни мүйізді бәйбішеден таралды деген миф бар екендігін айтып өтті. Осындай дәстүр сонау сақ-ғұн заманынан бері «аң стилі» көркем-мәдени түрінде сақталып жүр.
Президент мақаласында қазақ жері Алтай өңірін күллі түркі әлемінің бесігі деп бағалады. Түркі мәдениеті қала мәдениетінің дамуында, көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, ғылымның, өнердің әлемдік сауданың орталығына айналды. Қазақстанның саяси және мәдени өмірінде түркі дүниетанымының орны ерекше. Қазақ халқы ата-тегін «түбіміз түрік» деп түркілермен байланыстырған болатын. Ұлы жібек жолы және басқа да мәдени коммуникациялық жүйелер арқылы ілкі түркілер мен түркілер Батыс пен Шығыстың арасында дәнекерлік қызмет атқарды. Нұрсұлтан Назарбаев мәдениаралық, экономикалық, саяси байланысты жүзеге асыруды Ұлы Жібек жолы арқылы қайта жаңғыртқан болатын. Оның айтуынша, бұл жол халықтар арасындағы өзара жаһандық тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасуына үлес қосып, нығаюы үшін орнықты іргетас пен платформаға айналды.
Ұлт көшбасшысы ұлттық тәуелсіздік идеологиясы жолында рухани жаңғыруымыздың бір тармағы ретінде тарихымызды тануды, халқымызға тән болған ең ыстық сезім және ділдік түсініктердің жинақталған көрінісі болуы керек екендігін тағы бір мәрте айтып өтті. Әсіресе, қазіргі өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын халықтың жеңіп, пайдалы ескі мен жаңаның ара қатынасындағы мұрагерлікті орнықтырудағы орны өз алдына. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеген өзінің стратегиялық бағдарламалары мен елге арналған жолдауларында халқымыздың рухани жаңғыру жоспарының егемендікпен келген рухани бостандық, халықтың сана-сезімі, ұлттық дүниетаным мен тарихтағы дербес танымдардың түзілуінін нәтижесінде болғанын атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет