Асфальт бетонның құрылымды механикалық қасиеттері



бет1/5
Дата30.05.2024
өлшемі1.47 Mb.
#502089
  1   2   3   4   5
лекция 8.2 АБ қасиеттері


8.2 Асфальт бетонның құрылымды механикалық қасиеттері

Асфальт бетон температураға және деформациялық жағдайға байланысты келесі құрылымдық жағдайда болуы мүмкін:



  • серпімді- морт, минералды тұлғасы шыныланған битум қабыршықтарымен қатаң бекітілген. Мұндай асфальт бетон қасиеті цементті бетонға және басқа да кристаллды байланысты жасанды материалдарға жақындайды;

  • серпімді – иілмелі, минералды тұлға дәндері аққыштық шегі артпайтын кернеулерде серпімді және майысымды қасиет көрсететін, ал үлкен кернеулерде серпімді – тұтқыр қасиет көрсететін битум қабыршықтарымен қосылған;

  • тұтқыр – иілмелі, минералды тұлға дәндері сұйық битумдар қабыршықтарымен қосылған және кернеудің аз мәнінде материалдардың деформациясына әкеліп соқтырады.

Механикалық әсерлер нәтижесінде асфальт бетон қиын қасиеттер жиынтығын көрсетеді: серпімділік, иілімділік, жылжығыштық, кернеулер кернеу релаксациясы (азаюы, босауы), майысу жылдамдығына байланысты беріктілігінің өзгеруі, жүктемелердің көп әсерінен деформацияның жиналуы және т.б. Асфальт бетон сапасын сипаттайтын негізгі қасиеттер: беріктілік, майысу, жылжығыштық, релаксация, суға төзімділік, тозуға төзімділік, аязға төзімділік.
Беріктілік – асфальт бетонның механикалық әсерлерге бұзылуға қарсыласу қасиеті. Бұл қасиеттің көрсеткішін қысылу және ығысудағы беріктілігі, төсемедегі жарықшаққа төзімділігі сипаттайды.
Асфальт бетонның майысымдылығы асфальт бетон үлгілерін иілім немесе созуға сынағанда пайда болған салыстырмалы майысумен бағаланады. Асфальт бетонның 0°С-де салыстырмалы ұзаруы 0,004...0,008-ден, -20°С-де 0,001...0,002-ден аз болмаса (майысу жылжамдығы 5...10 мм/мин-қа жақын болғанда) төсеме жарықшақ пайда болуына орнықты болады.
Жылжығыштық. Асфальт бетонды жылжығыштыққа сынау уақытқа байланысты майысудың өзгеруін белгілеуге жағдай туғызады. Жылжығыштық – ұзақ статикалық жүктеме жағдайында материалда өтетін аз иілмелі майысу процессі.
Релаксация – материалдарда кернеудің азаюы, майысу шамасы тұрақты. Релаксация процессі серпімді майысуды иілімдіге айналдыру. Асфальт бетонда кернеудің азаюуы құрамында минералды материалдарға қарағанда аз беріктілігі мен аз тұтқырлы битумның болуы. Битумның температурасы мен тұтқырлығы асфальт бетон құрамындағы кернеудің азаю сипатына әсер етеді. Температура төмендегенде релаксациялық процесс азаяды, ал температура көтерілгенде материалдың релаксациялық қасиеті артады.
Суға төзімділік. Асфальт бетонды жамылғы төсемелері ұзақ уақыт ылғалдану нәтижесінде құрылым байланысының босауынан минералды дәндердің бөлінуі. Осының салдарынан төсеме тозуы және ойықтар пайда болады. Суға төзімділігі асфальт бетонның тығыздығы мен адгезиялық (жабысу) байланысының тұрақтылығына байланысты. Кеуектілік асфальт бетонның суға төзімділігіне көп әсер етеді, ол әдетінше 3...7 % құрастырады. Асфальт бетонда қуыстар ашық және тұйық болады. Дәндер өлшемдерінің азаюына байланысты су кірмейтін тұйық қуыстар саны артады. Суға төзімділік суға қанығу, ісіну және суға төзімділік Кв коэффициенті шамасымен анықталынады (Кв ≥ 0,9 болуы керек).
Аязға төзімділік. Асфальт бетон қуыстарындағы су қыста қату әсерінен көлемі 8-9 %-ға артатын мұзға айналып, 29 МПа-дан артық қоспада қысым туғызады. Қату және еру асфальт бетонның бұзылуына ең үлкен әсер етеді, жарықшақтар пайда болуына соқтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет