Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады



бет1/4
Дата23.05.2023
өлшемі3.9 Mb.
#474134
  1   2   3   4
ата аналар жиналысы


Отбасы –бала тәрбиесінің бастауы ретінде
“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.”
 (А. Құнанбаев)
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады.Біреуі білсем екен демекілік.Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен,үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)
Отбасы
Отбасы –адам баласының өсіп –өнер алтын ұясы. Адам өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасынан басталады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата –ана өздерінің негізгі борыштарын –тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Отбасының ең негізгі қызметі ұрпақ жалғастыру болса, екінші кезекте сол ұрпағына дұрыс тәрбие беру қызметі тұрады.
Отбасындағы тәрбиелік қызметі
бұл отбасының аса маңызды қызметінің бірі болып табылады. Себебі, отбасынан алған тәрбиені , қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгі баланы өмірге келтіру ғана емес, мәселе әлеуметтік –мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру,яғни дүниеге келулеріне себеп болған балаларын ,өздерін қоршаған ортаға және адамзатқа, өз қоғамына пайдалы мүше етіп жеткізу.
Отбасының тәрбиелік қызметімен тікелей байланысты жағы - оның дамушылық қызметі. Оның мәнісі мынада. Ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктеріне ертерек назар аударуы керек. Сонда ғана балалар өздерінің табиғи қабілеті мен дарындылығын көрсете алады. Жас күнінен бастап балалардың қабілетін танып, соған сәйкес тәрбие, бағыт-бағдар берудің маңызы айрықша. Балалардың ақыл-ой, еңбек қабілетін іске асыруы отбасында қалыптасады. Бұл балаға да, отбасының естияр мүшелеріне де тікелей катысты. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беру жөнінде қоғам алдында жауапкер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет