Ащы да болса құмарсың, Асыңа қосып тұрарсың



Дата19.05.2022
өлшемі246.86 Kb.
#457727
Жұмбақтар


ЖҰМБАҚТАР ӘЛЕМІ
Ас, тағам, азық-түлік жұмбақтары
Өзi ащы, Бiрақ,
Дәмдi етер асты.
(Тұз)
Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.
(Пияз)
Ақ отаудың есігі де жоқ, 
Тесігі де жоқ.
(Жұмыртқа)
Алыстан қарасам аппақ, 
Татып қарасам тәтті-ақ.
(Қант)
Ащы да болса құмарсың, Асыңа қосып тұрарсың.
(Бұрыш)
Ыдыс-аяқтар жұмбақтар
Ыстықты суытпайды,
Суықты жылытпайды.
(Термос)
Аузы төбесiнде,
Тұтқасы денесiнде.
(Құман)
Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырыс жалап тұр.
(Қазан мен от)
Өткiр жүздi келедi,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледi,
Ұсақтап та тұрар ол.
(Пышақ)
Түгел айтсақ не барын: Төрт құлақ та бір қарын.
(Қазан)
Табиғат туралы жұмбақтар
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.
(Аяз)
Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас.
(Жұлдыз)
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді
(Су)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Күн)
Ғажап көпір аспалы Айшықтап тұр аспанды.
(Кемпірқосақ)
Үй жануарлар туралы жұмбақтар
Қүнгейлі қара тасқа бітем,
Шаруа қуған басқа бітем.
(Қой)
Бетегелі белге бітем,
Найза ұстаған ерге бітем.
(Жылқы)
Жалмаң құлақты сорға бітем,
Ел ішіндегі зорға бітем.
(Түйе)
Қалың қорық нуға бітем,
Қоры үзілген қуға бітем.
(Сиыр)
Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған
(Ешкі)
Жабайы жануарлар туралы жұмбақтар
Бір аң бар қайраты көп, болған күшті
Басынан өткізеді әрбір істі.
(Арыстан)
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.
(Түлкі)
Үстінен тоны түспеген, Сонда да араз қыспенен. 
(Аю)
Басында көп-ақ бұтағы, Адамды көрсе зытады.
(Бұғы)
Қаңғырамын үйім жоқ,
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім,
Тамақтанар-нәсібім.
(Қасқыр)
Адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар
Ти десем тимейді, тиме десем тиеді.
(Тіл)
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер.
(Қол)
Сырты орман, алды жазық құрлықты,
Араласаң, табасың жеті құдықты.
(Бас)
Таппайтын тағат, тығулы сағат.
(Жүрек)
Жағасы құрақ, мөлдір суат.
(Көз)
Үй заттары туралы жұмбақтар
Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
(Сандық)
Қайнаған шілдеңіз де оған суық, Ыссыға төзбегенді тығам қуып.
(Тоңазытқыш)
Бip ұяда топтасқан, Түртіп қалсаң, от шашқан.
(Сіріңке)
Өзгенің тазалығы үшін Өзін құрбан етеді.
(Сабын)
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп, Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не?
(Айна)
Шаруашылық құралдары туралы жұмбақтар
Тізіле өскен тісі бар,
Көп істеген ісі бар. (Ара)
Жансыз жарады, Жанды ұрады. (Балта)
Кішкене ғана келіншек, Төбесінде түйіншек. (Шеге)
Керегенің басында кетпен құйрық, Кесіп алса таусылмас кепкен құйрық. (Қайрақ)
Ұзын-ұзын қос таяқ, Өрмелейміз ұстап ап, Келте-келте көп таяқ. (Саты)
Үй құстары туралы жұмбақтар
Кеудесi қайқандап,
Жүредi байпандап.
(Қаз)
Шашы жоқ, тарағы бар.
Егiнi жоқ, орағы бар.
(Қораз)
Айдыннан шалқыған Телпек көрдім қалқыған. (Үйрек)
Орақ құйрық, тарақ бас, Көп ұйқыны жаратпас. (Әтеш)
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап,
(Балапан)
Дала құстары туралы жұмбақтар
Шұнтиып қос құлағы,
Түнде көрер қырағы.
(Үкi)
Түнде жортады,
Жарықтан қорқады.
(Жарқанат)
Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi.
(Қарлығаш)
Салатын ұяны.
Өткiр көзi шегiр,
Бүргенiн құртар тұяғы.
(Бүркiт)
Секектеп бiр тұрмайды;
Өреден құрт ұрлайды.
(Сауысқан)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет