Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Қарағанды облысы. «Ауылым –алтын бесігім»



Дата24.02.2016
өлшемі86.8 Kb.
#12821

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

Информатика пәні мұғалімі

Садуақасова Гулмира Қайырбайқызы


Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: 1. Қарағанды облысы.

2. « Ауылым –алтын бесігім».

Мақсаты:

  1. Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған, өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.

  2. Қарағанды облысы жайлы жалпы мағлұматтар беру. Оқушылардың білімдерін толықтыру.

  3. Ауылдың тыныс-тіршілігін ұғындыру, салт-дәстүрін дәріптеу.

.

Б А Р Ы С Ы:

I. Тәуелсіз ел – Қазақстан. / тақпақ, өлең /

II. Қарағанды облысы жайлы мағлұматтар. (бейнеролик)

а) Елбасы Н.Назарбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары.

( «Қазақстан» телеарнасынан БЕЙНЕСЮЖЕТ)

III. Ауылым –алтын бесігім. (Қазақ» радиосы хабарынан)

а) Көрініс (салт-дәстүр)

б) Ауылым әнім. /бейнеклип)

IV. Қорытынды.

Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

Тәрбие сағатымыздың 1-бөлімі «Тәуелсіздік ел – Қазақстан» .

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.








Еркіндікті ерекше бағалаған қазақ елі!
Мұғалім: Сан ғасырлық отандық тарихымыздың қайнар бастауында әрдайым Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымның шоқтығы биік тұратыны белгілі. Өткендегі және бүгінгі тарихқа зер салып үңілсек, Қазақ елінің азаттығы үшін арпалысқан ұлы Тұлғалардың бар арман мақсаты – ұлттық мемлекетімізді құру болғанын көреміз. Тіпті сонау көне ғасырда, қазақпен жаудай жағаласып, оқтын-оқтын ойсырата шауып кетіп отырған құба қалмақ, жоңғардың бүгінгі жайын ойласақ, көңілге шүкіршілік келеді. Алланың көрсеткен нығметіне рахмет айтасың.

Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін асқақ ақиқаты. Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша. Тәуелсіздік деген ұғымның қадір-қасиетін, әсіресе аға ұрпақ жақсы біледі. Көп уақыт басқаға тәуелді, ашығын айтқанда, отар болған халқымыздың басынан өткерген сан зұлматын еске алған кезде, бұл сөздің астарында қаншама ұрпақтың арманы, қаны мен көз жасы тұрғанын бағамдаймыз.

Қазақ өзі еркіндікті ерекше бағалаған ұлт қой. Дегенмен, мен тәуелсіздіктің бізге шексіз мүмкіндік бергеніне баса тоқталар едім. Бұл әрбір азаматқа берілген ой, іс-қимылдардың еркін мүмкіндігі ғана емес, мемлекеттің әлемдік аренада өзін-өзі таныту, қазақ деген ел бар екенін мойындату мүмкіндігі. Біз тәуелсіздік арқасында әлемнің құрамдас бір бөлігіне айналдық. Бізге өзімізді-өзіміз таныту мүмкіндігі берілді. Тәуелсіздік біздің еңсе жазып, еркін, тәуелсіз, отансүйгіш, өр ұрпақ тәрбиелеп шығаратын мүмкіндігіміз. Ешкімнен кем емес екендігімізді дәлелдейтін, өз болашағымызды өзіміз құратын мүмкіндік, сол болашақтың қандай болатынына келешек ұрпақ алдында тікелей жауапты болатын сын.



Жүргізуші: Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Жүргізуші:

Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгеді енді көктен.

Шылбыр үзді даланың арғымағы,

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

Қазақстан бет алды мәңгілікке!

Айгерім, Толғанай, Айзада, Айжан тәуелсіздік туралы сөздерін айтады.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Гүлмира: өзінің Тәуелсіздік туралы шығарған жүрекжарды өлеңін оқиды.

Айзада өлең оқиды.

Абай:

1991 жылы 16желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.



Жүргізуші:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә - әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

І- ізеттілік, имандық

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.



Абай:

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, -Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.

Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет.Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездесін.

Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Әнұранымыздың авторлары:

Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар. Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы

байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі. Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі.

Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адмның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын

халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай.



Жүргізуші:

1991 жылдан осы уақыт аралығында қандай жетістіктерге жеттіік?



Айгерім: 1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.

Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да,

Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да.

Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын.

Қанатың қайрылып, қыр арқаңнан майрылып

Егемен тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.



Толғанай: 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді.

Оқушы: 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты.

2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

Инабат: 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

Оқушы: 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.

Оқушы: 1996 жылы 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті.

Оқушы: 1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

Оқушы: 1998 жылы 6 мамыр Астана күні.Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті.Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

Оқушы: 1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Оқушы: 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.

Оқушы: 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.



Абай: 2002 жыл. «Денсаулық жылы» деп жарияланды.

Оқушы: 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.

Оқушы: 2004 жылы «Қазақстан – Ресей» жылы болды.

Оқушы: 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.

Оқушы: 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты

Желтоқсан көтерілісене 20 жыл толды.

Оқушы:2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.

Жүргізуші:

Туған жерді сүю – парыз

Сүю үшін білу – парыз

Қасиетін ұғу – парыз

Күзетіне тұру – парыз

Осымен 1- бөлім аяқталды. Екінші бөлім Қарағанды облысы туралы жалпы мағлұматтар жайында сөз етсек.



  1. Алдымен Қарағанды туралы БЕЙНЕКЛИПТІ тамашалайық!

Қарағандының тарихы, өнеркәсібі, қоныстануы, дамуы жайлы оқушылар (Мансұр, Айжан, Талант, Еламан, Айзада, Гүлмира, Айгерім) сөз алады.

22 қараша күні Елбасы Н.Назарбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келіп қайтты.

Сол жайлы «Қазақстан» телеарнасының БЕЙНЕСЮЖЕТІНЕ назар аударыңыздар!

Толғанай:

Қарағандыда туғандар:

Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы – қазақстан халық қаһарманы, армия генералы.



Қарағанды тұрған, оқыған және жұмыс істегендер:

Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. Қарағанды оқу авиациялық орталығын бітірген.

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы — Қазақстан Республикасының Президенті. 1977-1984 жылдары КОКП Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы болып жұмыс істеген.

Екінші бөлім аяқталды.


III. «Ауылым - алтын бесігім»

Ауыл- қазақтың ақ бесігі .Ауыл- адамның арқа сүйер, табан тірер тұрағы.

Ауыл- атамекені Ауыл- жүрек түбінде сызылған сағынышың

Ауыл- ұлттық тәрбиенің ошағы.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен «Жол картасы» аясында еліміздің алыс аудандары мен ауылдарында, жекелеген шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарында атқарылған игілікті істерді халыққа насихаттау болатын. Бұл жайында «Қазақ» радиосы хабарынан «Ауылым-алтын бесігім» -атты бағдарлама жүріп отырады. Осы «Қазақ» радиосы хабарына ауыл аймақтың басшылары мен ауылдың қарапайым тұрғындары қатысып, ауылдарымыздың гүлденуі жолындағы өз істерімен тыңдармандарды таныстырып отырады. Осы бағдарламаның жүргізушісі Мейрамгүл Исатайқызының ауданымыздың тарихы мен оның тыныс-тіршілігі, халық денсаулығы, шағын және орта бизнес туралы хабарынан үзінді тыңдаңыздар.



б) «Ауылым –алтын бесігім, Аялай бер  есімім»,- дегендей бар қазақтың тамыры ауылда екеніне халқымыздың  сүйегі де, жүрегі де ауыл болып есептелетіндігіне бүгін көзіміз жеткен болар. Өз ауылына жеткен дүниеден асқан ештеңе жоқ деп айтамыз. Сондықтан өз ауылымыздың салт-дәстүрін еске ала кетсек.

а) Көрініс (салт-дәстүр)

Б А Т А


Ата сөзі дарып мол,
Ақ уызға жарып бол!
Абылайдай алып бол,
Шоқан сынды жарық бол,
Атың шықсын алашқа – ай!

Біржан салдай әнші бол.


Қажымұқандай елдің ері бол,
Ақандайын сері бол.

Сәкең сынды сұңқар бол,


Тұтат тектес тұлпар бол.
Жамбылдайын дүлдүл бол,
Күләштайын бұлбұл бол,

Қасымдайын ақын бол.


Бағың жанып, әрдәйым
Жақсыларға жақын бол! Әумин!!!

б) Мақпал Диқанбаева « Ауылым әнім» . /Бейнеоклип)

IV. Қорытынды.


 

Сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланысыңдар! Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,


Болашақтың қасиетті кезіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеп,
Ақ қараны тіліп тұрса сөзіміз.

 Сондықтан елдің болашағы да, өркені де бүгінгі жас ұрпақ сендердің қолдарыңда. «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» демекші, ел үмітін ақтау сендермен өлшенбек. ХХІ ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, Егеменді елдігіміз ұзағынан болсын деп тілейік!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет