АҢшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасы «Ара шаруашылығы» пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет1/3
Дата09.10.2019
өлшемі378 Kb.
#447165
  1   2   3
УМКД Пчеловодство ЗТ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ ЖӘНЕ ЗООТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
АҢШЫЛЫҚТАНУ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

«Ара шаруашылығы»

пәнінің оқу - әдістемелік кешені
(ПОӘК)


050802 - Зоотехния

Күндізгі бөлім

АЛМАТЫ 2009

Автор: ассистент Өміржанова Н.М.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені «050802 – Зоотехния» мамандығының ҚР МЖМБС негізінде «Ара шаруашылығы» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасына сай дайындалған.


Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының отырысында қаралды. № 1 хаттама, 28 тамыз 2009 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ К.Ш. Нұрғазы

Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Ветеринариялық санитария және зоотехнология» факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында мақұлданды.

№ _ хаттама, « »_______2009 ж.
ОӘК төрайымы ___________ Н.Б. Сарсембаева


Мазмұны







Құжат түрлері







1

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

2

Пәнді оқытудың студентке арналған бағдарламасы (Sуllabus)

4

Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен өткізудің графигі

5

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамассыздану картасы

6

Пән бойынша аудиториялық сабақтарды өткізудің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

7

Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және таратқыш материалдар, ұсынылған әдебиеттер тізімі)

8

Лабораториялық-тәжірибелік сабақтар бойынша әдістемелік нұсқаулар

9

Типтік есептер, лабораториялық және есептік - графикалық жұмыстарды орындау, курстық жоба (жұмыс) бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар

10

Студенттің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар

11

Оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибелерді өту бойынша әдістемелік нұсқаулар, есеп беру құжаттарының формалары

12

Студенттердің білім деңгейін бақылау мен бағалауға арналған материалдар

13

Білім беруді мультимедиамен және бағдарламамен қамтамасыздандыру

14

Пәннен сабақ беруге арналған аудиториялар, кабинеттер және лабораториялар

15

Пәннің студентке арналған оқу-әдістемелік кешені


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ ЖӘНЕ ЗООТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
АҢШЫЛЫҚТАНУ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор, профессор _____________Наби Ы.А.

«____» ________ 2009 ж.

050802 – Зоотехния мамандығына арналған

«АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ»

пәнінің

жұмыс оқу бағдарламасы

Кредит саны 2


АЛМАТЫ 2009


«Ара шаруашылығы» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы элективтік пәндер каталогына негізінде құрастырылған.
Құрастырушы: ассистент Өміржанова Н.М.

«Ара шаруашылығы» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының отырысында талқыланды.

Хаттама №1, «28» тамыз 2009жыл.
Кафедра меңгерушісі ___________ Нұрғазы Қ.М.

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы «Ветеринариялық санитария және зоотехнология» факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып ұсынылды.

Хаттама №__, « » _________ 2009 жыл.
ОӘК төрайымы _____________ Сарсембаева Н.Б.

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Халық медицинасында арадан өндірілетін өнімдерді емдеуде қолданғаны атам заманнан белгілі. Халық ғасырлар бойы жануарлардың және өсімдіктер әлемінің тіршілігін байқады. Осыған байланысты медицина және ветеринария саласында, дәрілік өсімдіктермен емдеу-фитотерапия, ал ара өнімдерімен емдеу-апитерапия деп аталды.

Пәннің мақсаты - студенттердің Апидология жөнінен арнайы терең біліммен қаруландырып, ұйымдастыру жұмыстарын қазіргі ғылым жетістіктерінің озық тәжірибесі деңгейінде емдеуді жүргізе алуға тәрбиелеу.

«Ара шаруашылығы» курсының негізгі міндеті: Студенттер ара отбастарының мүшелері олардың қызметін оқып-үйрену мен қатар, қоректік заттар мен энергияға деген мұқтаждығын анықтап, нормативтер белгілеу. Араларды күтіп жетілдіру ғылыми негіздерін үйреніп, аралардың өсіп көбеюін жеделдейтін түрлі биологиялық шаралардың өсерін зерттейді.

Ара өнімдерінің ішінде рынокқа шығарылатындарының басты көздерінің бірі - ара балы, балауыз, прополис, гүл тозаңы, аналық сүт, араның уы.

Сондықтан біздің елде ара өнімін көбейту және олардың қорын тиімді пайдалану мәселесі ара шаруашылығында өткізіледі.

Ара балы - емдік-диеталық қасиеті бар құнды тағам. Ара балының бактерицидтік, яғни бактерияларды жою қасиеті бар. Көне заманнан бері ол құнды тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар ішек-қарын, тағы басқа аурулардың емдік дәрі ретінде де пайдаланып келген. Бал ағзаның жалпы күйін жақсартуға себін тигізеді.

Фармацевтикалық өнеркәсіп шығаратын арнайы препараттар ретінде ара уы радикулитті, полиартрит шинасын, ревматизмді емдеген кезде қолданылады.

Аналық ара сүтінен (апилак т.б) даярланған препараттар медицина тәжірибесінде жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуына байланысты ауруларды емдегенде және қан жақсарту жұмысын күшейту үшін қолданылады. Сонымен қатар аналық ара сүті арнайы крем және жағатын сықпа май даярлау үшін парфюмерия өнеркәсібінде пайдаланылады. Бактерицидтік қасиеті бар ара желімі (прополис) соңғы уақытта кейбір ауруларға қарсы күресу үшін медициналық және малдәрігерлігі тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді.

Курсты оқып үйренген студент бал өнімдерінің емдік қасиеттерін жақсы білуі керек және олардан жасалатын препараттарды дұрыс қолдану жолдарын игеруі қажет.

«Ара шаруашылығы» пәнін оқымас бұрын студенттер ботаника, морфология, экология ауыл шаруашылық мадарының физиологиясы, биология, зоология пәндерін өтуге тиіс.


КІРІСПЕ
Ара шаруашылығы курсының тақырыбы, мазмұны мен міндеті. Республикамыздағы ара шаруашылығының қазіргі жағдайы, маңызы, халық шаруашылығындағы орны, оның негізгі бағыттары.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Ара туралы ғылым

Археологияның кейбір күәліктері. Әдеби, мұрағаттық мәліметтер. Қазақстан жеріндегі алғашқы рамкалы ұялар. Қазақстандағы ара туралы ғылымның жағдайы. Ара шаруашылығының даму болашағы. Бал ара шаруашылығы туралы Қазақстан республикасының заңы.Токсономикалық жағдайы Бал аралардың шығу тегі және орны. Араларды жіктеу (систематика). Қоғамдық ара (Aris) туыстарының түрлері.
2. Ара отбасының биологиялық ерекшеліктері

Бал арасының отбасы және оның эволюциясы. Араның сыртқы құрылысы. Зат алмасуы. Ас қорыту. Қан айналымы және зәр шығару. Тыныс алу. Сезім мүшелері, жүйке жүйесі және қимыл әрекеті. Отбастардың мінез-құлқы. Аралардың үйі. Көбею, өсу және даму. Жазғы жұмыс және бал жинау.




  1. Ара тұқымдары және оларды аудандастыру

Орта орыс арасы (орман күңгірт, европалық деп те атайды) бал арасы. Украиндық дала арасы, Қиыр Шығыс арасы. Қырым арасы. Кубань немесе Солтүстік Кавказ немесе Кавказдың жалпақсаусақ арасы. Кавказдың сұр жау арасы. Сары (шалғындық) Кавказ арасы. Италян арасы. Карпат арасы. Адам шығарған аралардың тұқым топтары Нигра Швецарияда шығарылған, Бактестов тұқым тобы Англияда, приокск Ресейде. Араның әлемдік генофонды (Грек, Кипр, Сирия, Палестин, Анталия, Иран, Солтүстік Африканың қара аралары, Рифтік, Сахара, Египет, Судан және басқалары).


  1. Ауылшаруашылық дақылдарын аралармен тозаңдандыру

Балды өсімдіктер туралы жалпы түсінік. Өсімдіктердің шірне бөлуіне қажетті жағдайлар. Ауылшаруашылық өсімдіктерінің арамен тозаңдануы. Қазақстанның балды өсімдіктер қоры. Қазақстанның мәдени балды өсімдіктері. Негізгі балды табиғи өсімдіктер. Бал жинау және алым түрлері.


  1. Аралардың аурулары мен зиянкестері

Инфекциялық аурулар (американ және европа шірімелері, қантәрізді құрт, аскосфероз), инвазиялық аурулар (нозематоз, амебиоз, грегариноз, акаранидоз, варроз, варроатоз, браулез ж.б.). Жұқпалы емес аурулар (шіреден улану, үсіген түсік ж.б). Ара зиянкестері (кенелер, соналар, құмырсқалар, үлкен және кіші балауыз күйе көбелегі, құстар, сүтқоректілер ж.б.)


  1. Балдың биохимиялық және емдік қасиеттері

Балдың химиялық құрамы, сорттары және қасиеттері. Балды араластыру, тазалау, бөлшектен құю және сақтау. Балдың құрамын бұрмалау, жалған бал. Балдың емдік қасиеттері.


  1. Гүл тозаңының химиялық құрамы және фармакологиялық сипаттамасы

Анаболиттік, антиатроскростық, кардиотоникалық, мембраностабильдеу, радиопротерлық және антиокситтық эффекті.


  1. Аналық сүтінің биохимиялық сипаттамасы және дәрілік препараттары

Аналық сүтінің химиялық құрамы. Аналық сүтін алудың технологиясы. Медицина мен ветеринарияда қолданылуы.


  1. Ара желімінің (прополис) химиялық қасиеттері

Ара желімінің химиялық құрамы мен қасиеттері. Прополис өндірудің технологиясы. Прополистің ветеринария мен медицинада қолданылуы.


  1. Ара уын алудың әдістері және қолдану жолдары

Ара уын алудың тәсілдері. Ара уының биохимиялық және физикалық қасиеттері. Ара уының медицинада және ветеринарияда қолданылуы. Ара уының ағзаға тигізетін әсері.
Ұсынылатын зертханалық сабақтарының тізімі
Ара отбасының құрамы және дене құрылысының ерекшеліктері. Араның қозғалу мүшелері. Аралардың балауыз бездері және кәрездер құрылысы. Аралардың қорегі және оларды қоректендіру. Балдағы шірнені анықтау. Ұялар, құрал-жабдықтар және омарта құрылыстары. Аралардың аурулары және зиянкестері. Балдың биохимиялық және емдік қасиеттері. Гүл тозаңының фармакологиялық сипаттамасы. Ара сүтінің белок, липид алмасуына және көмірсутектілер мен энергетикалық үрдістеріне әсері. Прополис препараттарын емдеуде қолдану жолдары. Ара уының ағзаға тигізетін әсері.


Ұсынылатын практикалық сабақтарының тізімі
Омартада жүргізілетін жұмыстармен танысу. Бал арасына арналған кәрездердің әр түрлі қуыстары. Түрлерін зерттеп білу. Омартада балауыз өңдеуімен танысу. Тозаңжинағышпен тозаң жинау. Ара сүтін алу технологиясымен танысу. Прополис өндірудің технологиясы. Ара уын алудың әдістері.


Ұсынылатын өзіндік жұмыстарының тізімі

Негізгі ара тұқымдары. Аралады зоологиялық классқа бөлу. Ара отбасын өсіріп көбейту және күтіп бағу. Ара тұқымын асылдандыру. Араны күтіп баптау. Ара шаруашылығы өнімдерін алу технологиясы.




Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Авитисян Г.А., Черевко Ю.А. Пчеловодство. Москва, 2001.

  2. Әкімбеков Б.Р. Ара шаруашылығы. Алматы: Агроуниверситет, 2007, 350 бет.

  3. Әкімбеков Б.Р., Жүнісов А.М. Ара шаруашылығы. Әдістемелік нұсқауы. Алматы. 2005, 64 бет.

  4. Риб А.Д. Ара шаруашылығы. Өскемен. «Медиа-Альянс», 2006, 374 бет.



Қосымша әдебиеттер
1. Билаш Г.Д., Кривцов Н.И. Селекция пчел. М., 1991

2. Лебедев В.И., Билаш Н.Г. Биология медоносной пчелы.

3. Миньков С.Г. Медоносные растения Казахстана.

Алматы, « Қайнар»1974

4. Черевко Ю.А., Приусадебное хозяйство. Пчеловодство.

5. Кривцов Н.И., Лебедев В.И., Тулинов Г.М. Пчеловодство М., «Колос» 2000







Студентке арналған пәннің оқыту бағдарламасы (Syllabus)

«Ара шаруашылығы» пәні бойынша



2009 - 2010 оқу жылына арналған

1. Негізгі мәліметтер

Факультет

Ветеринариялық санитария және зоотехнология

Мамандық (шифры, аты)

050802-Зоотехния

Курс, семестр

2-курс, 4 семестр

Пән статусы

Элективті пән

Кредит саны

2

Сабақ өтетін аудитория

№ 10 ғимарат 113 аудитория

Дәріскер

Ассистент Өміржанова Назира Мықтыбекқызы. Офис: «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасы. № 10-шы оқу ғимараты, №111в бөлме, тел. 261-45-47.

Тәжірибелік, семинарлық, лабораториялық сабақ беретін оқытушы/лар

Ассистент Өміржанова Назира Мықтыбекқызы. Офис: «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасы. № 10-шы оқу ғимараты, №111в бөлме, тел. 261-45-47.

2. Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер:

Морфология, зоология ботаника, ауыл шаруашылығы малдар физиологиясы

Постреквизиттер:

Менеджмент, маркетинг, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы

3. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Адамның мұқтажына, талабына сәйкес араның тіршілік әрекетін зерттеп, олардың өнімділігін, өзіндік саласын арттыру. Ара балы – емдік – диеталық қасиеті бар құнды тағам. Ара балының бактерициттік, яғни бактерияларды жою қасиеттері бар. Көне заманнан бері ол құнды тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар ішек- қарын , тағы басқа аурулардың емдік дәрі ретінде де пайдаланып келген. Ара балауызы өнеркәсіптің бірқатар маңызды салаларында пайдаланылады. Ара уы, аналық ара сүті, ара желімі, гүл тозаңы сияқты өнімдері фармацептика, парфумерия өнеркәсібінде пайдаланылады.

Міндеттері: Студенттер ара отбастарының мүшелері олардың қызметін оқып-үйрену мен қатар, қоректік заттар мен энергияға деген мұқтаждығын анықтап, нормативтер белгілеу. Араларды күтіп жетілдіру ғылыми негіздерін үйреніп, аралардың өсіп көбеюін жеделдейтін түрлі биологиялық шаралардың өсерін зерттейді.

4. Студенттің жұмыс уақытының бөлінуі

Барлығы

(көлемі)


Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс жұмыстар

Дәріс

Лаборатория-

лық сабақ



Тәжірибе-

лік сабақ



Аудитория-

лық СОӨЖ


Офистік

СОӨЖ


СӨЖ

2 кредит

90 сағат


50

мин/ сабақ



100

мин/сабақ



50

мин/сабақ.



50 мин/сабақ

50

мин/кездесу



40

сағат



10 сабақ

10 сабақ

10 сабақ

10 сабақ

10 кездесу

5. Пәннің мазмұны

Ара шаруашылығы туралы ғылым. Жануарлар әлемін жіктеудегі бал араларының орны. Ара шаруашылығының тарихы, кәзіргі жағдайы және одан әрі дамуы. Ара отбасының биологиясы. Ұялар, құрал жабдықтар және омарта құрылыстары. Ара отбасын өсіріп көбейту және бағып күту технологиясы. Ара тұқымын асылдандыру. Ара шаруашылығының қоректік базасы. Ауыл шаруашылық дақылдарын аралармен тозаңдандыру. Аралардың аурулары және зиянкестері. Апитерапия және ара өнімдерін мал шаруашылығында және ветеринария тәжірибесінде қолдану, тағамдық қауіпсіздігін болдырмау әрекеттері.



6. Курс саясаты

Сабаққа міндетті түрде қатысу керек, себебі курс бөлімдері бір-бірімен тығыз қисындық байланыста орналасқан, ал материал қарапайым элементтерден күрделі элементтерге көшу принципі бойынша топтасқан. Сонымен қатар балл екі бақылау жұмысы үшін берілмейді, себебі оны өткізу мақсаты – студентке өзін-өзі бақылауға мүмкіншілік туғызу. Өзіндік жұмыстың әр тапсырмасы балмен бағаланады. Ең үлкен балл студентке тапсырманы уақытында және жоғары сапамен орындағаны үшін беріледі. Тапсырманы уақытында оқытушыға өткізбеген жағдайда балл азаяды. Емтиханға кіруге рұқсат алу үшінстудент ағымдағы және шептік бақылау нәтиженсінде тиісті баллдан жоғары балл алуы керек. Бұл норматив орындалмай қалған жағдайда ол қосымша тапсырма немесе берілген тапсырманың басқа вариантын орындау керек.Емтиханда студент ең көбі 30 балл алады. Ондай балл алу үшін емтихан билетіндегі барлық сұраққа толық және сапалы орындалған жауап беру керек. Жауабы толық болмаса немесе орындау сапасы төмен болса, онда балл мөлшері азаяды.



7. Әдебиеттер (негізгі және қосымша)

Негізгі:

1. Авитисян Г.А., Черевко Ю.А. Пчеловодство (учебник) Москва, 2001 ИПРО

2. Әкімбеков Б.Р. Ара шаруашылығы (оқулық) Алматы, Агроуниверситет, 2007, 322 бет.

3. Әкімбеков Б.Р., О. Ж. Мустафин., Жүнісов А.М. Ара шаруашылығы. Әдістемелік нұсқауы. Алматы. 2005, 64 бет.

4. Риб А.Д. Ара шаруашылығы. Өскемен. «Медиа-Альянс», 2006, 374 бет.

5. Әкімбеков Б.Р., Серікбаева А.Т. Мал шаруашылығының қосалқы салалары. Алматы, «Агроуниверситет», 2008, 142 бет.



Қосымша:

1. Билаш Г.Д., Кривцов Н.И. Селекция пчел. М., 1991

2. Лебедев В.И., Билаш Н.Г. Биология медоносной пчелы.

3. Миньков С.Г. Медоносные растения Казахстана.

Алматы, « Қайнар»1974

4. Черевко Ю.А., Приусадебное хозяйство. Пчеловодство.

5. Кривцов Н.И., Лебедев В.И., Тулинов Г.М. Пчеловодство М., «Колос» 2000





8. Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі

Жұмыс түрлері

Позициялар

Балдар

Позиция бойынша

Бар-ы

*Аудиториялық сабақтар бойынша барлығы, соның ішінде:

70

Дәріс

Қатысуы

Конспект болуы



Әр қатысуға -0,3

Әр конспектіге -0,7



10

Лабораториялық сабақ

Қатысуы

Орындау сапасы



Әр қатысуға -0,5

Әр жұмысқа:А- 2,5 балл

В- 2 балл

С- 1,5 балл

Д-1 балл


30

Тәжірибелік(семинарлық) сабақ

Қатысуы

Белсенділігі



Әр қатысуға -0,5

Әр сабақта: А-2,5 балл

В-2 балл

С-1,5 балл

Д-1 балл


30

*Шептік бақылау (саны кредит санына байланысты) бойынша барлығы, с. і.:

20

- 1 коллоквиум (ауызша)

- 2 коллоквиум (жазбаша)




8 апта (3 сұрақтан)

14 апта (3 сұрақтан)



А – 10 балл

В – 8 балл

С – 6 балл

Д – 3 балл







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет