Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу
және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
№ 1 хаттама Қарағанды қ.
2010 жылғы 12 мамыр Обләкімдік, Конференцзалы
Табиғи монополиялар тарифтерін реттеу жөніндегі уәкілетті органдардың мемлекеттік жұмысы және тарифтерді негізсіз өсіруді болдырмау шаралары туралы шешім
(2009-2011 жылдарға арналған облыстық Келісімнің 18 т.)
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялары Агенттігі Қарағанды облысы департаменті (бұдан әрі-департамент) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне бақылауды және мемлекеттік бағаларды реттеуді жүзеге асырады.
2010 жылғы 1 мамырға дейін Департаментте Қарағанды облысы бойынша табиғи монополиялар Мемлекеттік тізімде 120 нысан 202 реттелетін қызмет түрлері бойынша тұр. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттігі Департаментке 44 қызмет түрі бойынша «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС және «Жезқазған Эйр» АК қызметіне бақылау жасау құқығын табыстады. Жалпы реттелген қызметтің саны 246.
Тарифтерді реттеу мақсатында 2010 жылғы 1 тоқсанда департаментпен 32 өтінім қаралды. 4 өтінім бойынша тарифтер бекітілді, оның ішінде 2 – жаңадан ашылған табиғи монополиялар субъектісі. Кіріс азайғаннан кейін шартты экономикалық тиімділік 4 млн. теңгені құрайды.
Энергия жабдықтауға баға көтеру туралы департаментте 8 мәлімдеме қаралды, оның ішінде 4 бойынша баға көтерілмеген. Негізі бағаның көтерілу себебі электр энергиясының өндірісі бағасының өсуі болып табылады
Департаментпен 2009 жылы қайта құрылымдауы бойынша жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, «Жезказганэнергосбыт» ЖШС жасаған Жезқазған аймағында, әртүрлі тариф алған 10 ұсақ энергия жеткізуші ұйымдары орынына барлық кентерге арналған біртұтас тариф бар. Жеке ауылдар бойынша тариф 10%-дан 15%-ға азайған және 1кВтч 6,12 теңге ҚҚС құрайды.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 7 табиғи монополия субъекттері бойынша, онын ішінде: «Осакаровка Транзит Сервис» ЖШС, «Абай жылу жүйесі» ЖШС, «Карагандаводхоз» РМК жаңғыртуды және өндірістің қалпына келтіруғе бағытталған инвестициялық бағдарламалар қаралып бекітілген.
Департаментте нормативтік техникалық төмендеу деңгейі тексеріліп отырады. 2010 жылғы 1 тоқсанда 41 табиғи монополия субъектісінің нормативтік техникасы төмендуі бойынша 68 мәлімдемесі қаралды. Тек 46 мәлімдеме бойынша нормативтер бекітілген. 8 табиғи монополия субъектілері бойынша шикізаттың нормасы және материалдар қаралып бекітілген.
Департаментпен тұтынушылармен жасалған келісім шарттарға сәйкес есепке алу құралдарының келісім шартарға сәйкес бекітілгенін білдіреді.
2010 жылдың 1 тоқсанында бақылау мақсаттарында Департаментпен 8 тексеру өткізілді, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 23 ұйғарым және 12 қаулы шығарылған.
Департамент ақпараттарын талқылау барысында кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдерімен облыста жоғары тарифтер қойылғаны, оның тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне жекелеген ескертулер айтылған.
Тараптар Қазақстан Республикасы Агенттігі Департаментінің «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС электр беруші кәсіпорын арқылы электр энергиясын беру мәселесін шешу бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі бастамасын қолдаған. Осы шешiм электр энергиясына бағаны азайтуға мүмкiндiк бередi.
Кәсіподақтармен талқылау барысында қымбат тұратын үйлер ортақ пайдаланатын тұтыну есептегіштерін орнату негізділігі және тұтынушылардың қолдау құнын өтеудің тиімді тәртібін анықтау қажеттілігі мәселесі көтерілген.
Коммуналдық қызметтерге бағаның артуына байланысты тараптар ұсынылатын қызметтер сапасы және қызмет сапасының мониторингі қажеттілігі жөнінде мәселе көтерген.
«АлемГаз» ЖШС ұйымдарының газ жүйенің 2009 жылғы желтоқсанда тұрғындарға дәлелді квитанцияларын беру туралы кәсіподақ өкілдерімең Департаментке тексеруге ұсыныс жасаған. 2009 жылғы квитанцияда профилактикалық газ плитаның қызметі үшін 840 теңге мөлшерінде қойылғаң бірақ өткізілген жұмыстың калькуляциясы көрсетілмеген.
Осы мәселені талқылау нәтижесінде Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссия мүшелері шешім етті:
1. Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің табиғи монополияларды тарифтерің реттеуі жөніндегі ақпаратты қаперге алсын.
2. Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне (Б.У.Уахитов) ұсынылсын:
- табиғи монополиялардың тарифтері төмендету күшейтін жұмыстары және одан әрі тарифтердің негізсіз жоғарлауына шара қолданылсын;
- жалпы үйлерге қымбат тұратын есептегіш аспаптарды қоюды орынды талдап және тұтынушының олардың құндарын өтеуі – 2009 жылғы желтоқсанда бақылауға алынсын;
- профилактикалық газ плитанық қызметі үшін 840 теңге мөлшерінден берілген есепке тексеру жүргізілсін, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін комиссия мүшелеріне қорытындысы туралы хабарлансын.
3. Электр энергиясының берілуі туралы электр беруші «Қазақмыс» Корпорациясының» ЖШС шешімі Қарағанды облысы бойынша табиғи монополиялардың реттеу арқылы электр энергиясының бағасын азайтуға қолдау көрсетілсін.
4. Комиссияның жұмысшы тобы (Н.А. Крюкова) осы шешімді облыс әкімінің сайтына орналастыру жүктелсін.
Тараптар:
Үш жакты комиссия Облыс кәсіподақтары Облыс жұмыс берушілері
төрағасы Федерациясының төрайымы Кеңесінің төрағасы
Т. Рақымбеков А. Мадиярова Д. Павлов
Облыс кәсіпкерлері Қарағанды облысының еркін Қазақстан қауымдастығының президенті кәсіподақтары Конфедерациясының президенті
Т. Доскенов С. Белкин
Облыс кәсіпкерлері қауымдастығының Еуразиялық кәсіпкерлер атқарушы директоры қауымдастығының төрағасы
Г.Құрбанбаева Ж. Алдаңғаров
Достарыңызбен бөлісу: |