Қашықтықтан (онлайн) өтетін өнер байқауының ережесі “Алау групп” балалар мен жасөспірімдер өнер орталығы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Аялайық ананы»



бет1/3
Дата01.03.2022
өлшемі121.58 Kb.
#455856
  1   2   3
Аялайык ананы 2022(1)



«Аялайық ананы»
атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы
қашықтықтан (онлайн) өтетін өнер байқауының ережесі

“Алау групп” балалар мен жасөспірімдер өнер орталығы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Аялайық ананы» атты қашықтықтан (онлайн) түрде өнер байқауын ұйымдастырады. Байқау 2022 жылы 23 ақпан мен 11 наурыз аралығында өтеді.


Мақсаты:



  • 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында – балалар мен жасөспірімдерді аналар, әжелер, ару қыздар тақырыбы аясында кеңінен ізденулеріне жол ашу арқылы ізденімпаздыққа баулып, қыз баласы мен аналарымызды қадірлеп құрметтеуге шақыру;

  • Ақын-жазушылардың, композиторлардың аналар мен қыз-келіншектер тақырыбында жазылған туындыларын қайта жандандыру;

  • Аналар мен аруларға арнап өлең оқып ән салғызу арқылы балалар мен жасөспірімдердің өнерге деген сүйіспеншілігін ояту.

Қатысушылардың жас ерекшелігі:


3 – 5 жас кіші бүлдіршін топ
6 – 7 жас бүлдіршін топ
8 - 10 жас кіші топ
11 - 13 жас орта топ
14 - 17 жас жасөспірім топ


Жүлдесі:
Бас жүлдеге – диплом және медаль беріледі.
Орын алғандарға – лауреат дипломы және медаль беріледі.
Топтық қатысушыларға – диплом және медаль беріледі.
Жетекші ұстаздарға «Алғыс хат» дипломы беріледі.


Номинациялар:
«Вокал»
«Дәстүрлі ән»
«Көркем сөз»
«Ақындық өнер»
«Шығарма»
«Бейнелеу өнері»
«Қолөнері»
«Хореография»
«Аспапта ойнау»


Негізгі талаптар, міндеттер:
“Вокал” жанры бойынша қатысушы (жеке, дуэт, трио, квартет т.б топтар) еркін тақырыпта бір әнді жанды дауыста орындайды. Әнді видеоға түсіріп, WhatsApp +7-771-490-80-77 арқылы жіберуі керек.
“Дәстүрлі ән” жанры бойынша тақырыпқа сай немесе еркін тақырыпта бір әнді аспаппен жанды дауыспен орындау қажет. Әнді видеоға түсіріп, WhatsApp +7-771-490-80-77 арқылы жіберуі керек.
«Көркем сөз» жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта бір өлеңді жатқа мәнерлеп оқу керек. Уақыты 3-3,5 минуттан аспау шарт. Өлеңді видеоға түсіріп, WhatsApp +7-771-490-80-77 арқылы жіберуі қажет.
«Ақындық өнері» жанры бойынша қатысушы тақырыпқа сай немесе еркін тақырыпта өлеңін мәнерлеп оқуы керек. Уақыты 3-3,5 минуттан аспауы шарт. Өлеңді видеоға түсіріп, WhatsApp +7-771-490-80-77 арқылы жіберу қажет.
«Шығарма» жанры бойынша 14 шрифтпен 3 беттен аспайтын, тақырыпқа сай немесе еркін тақырыпта жазып, WhatsApp +7-771-490-80-77 арқылы жіберу қажет.
«Хореография» жанры бойынша қатысушы (топ) тақырыпқа сай, қазақ ұлттық биін немесе еркін тақырыпта бір би билеп, оны видеоға түсіріп WhatsApp +7-771-490-80-77 арқылы жіберуі қажет.
«Бейнелеу өнері» жанры бойынша қатысушы тақырыпқа сай немесе еркін тақырыпта бір немесе бірнеше сурет салып, оны фотоға түсіріп WhatsApp +7-771-490-80-77 арқылы жіберуі қажет.
«Қолөнері» жанры бойынша қатысушы өз қолымен жасаған тақырыпқа сай немесе еркін тақырыпта бір немесе бірнеше бұйымын (жұмысын) фотоға түсіріп WhatsApp +7-771-490-80-77 арқылы жіберуі керек.
«Аспапта ойнау» жанры бойынша еркін тақырыпта кез келген автордың шығармасын кез келген аспапта орындап, видеоға түсіріп, WhatsApp +7-771-490-80-77 арқылы жіберуі керек. Уақыты 3-3,5 минут.
WhatsApp нөміріне немесе Электронды почтаға (anu_11111@mail.ru) жарна төленген чек, өтініш-сауалнамасы және видео жұмысты үшеуін бірге жіберу міндеттеледі. Бөлек-бөлек салмаңыздар!
Қатысушылардың жұмыстары білікті мәдениет мамандары мен санаты жоғары педагогтардың төрелік етуімен бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет