ҚАСИЕТТІ САНДАР
Дәрібжан М.С.
7А, Ю.А.Гагарин атындағы МЛ, Ақадыр кенті
жетекші математика пәнінің мұғалімі Торжанова Т.М.
Кіріспе
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.
Жобаның негізгі мақсаты:
Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.
Жобаның міндеттері:
-
Қасиетті сандармен танысу.
-
Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру.
-
Әрбір киелі сандардың сандар қатарында орнын көрсету.
Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу.
Зерттелетін зат: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалану, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда пайдасы бар екенін зерттеу.
Қасиетті сандар
Бір санның киелігі:
1. Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.
Күні-түні дем алмайтын екеу:
1. Ай. 2. Күн.
Патшалық құрған екі мұсылман, екі кәпір:
Мұсылмандардан: 1. Сүлеймен. 2. Ескендір Зұлқарнайын.
Кәпірлерден: 1. Налерут. 2. Шиддат.
Пейіште көрінбейтін:
1.Күндіз. 2.Түн.
Пейіште болмайтын:
1. Ауру-сырқау. 2. Ұйқы
Екі нәрсемен дос болу:
1. Әйеліңмен. 2. Бастығыңмен.
Жақсы дос пен жаман дос:
1.Мал-мүлік. 2.Ұл-қызы
Халық қашады, бірақ құтыла алмайды:
1.Нәпсі. 2.Шәкуат ( жүріс жүру).
Үш қуат:
1.Ақыл. 2.Жүрек. 3.Тiл.
Үш жүз:
1.Ұлы жүз. 2.Орта жүз. 3.Кіші жүз.
Үш құсыт өлтіруге болмайды:
1. Көкқарға. 2.Қарлығаш. 3. Байғыз.
Үш адамның ниеті бұзық:
1.Өтірік айту. 2. Сөзінде тұрмау. 3. Аманатқа қиянат жасау.
Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет:
1. Ақыл. 2. Ұят. 3. Сабыр.
Үш нәрсе аз болса да, көп болады:
1. Қайыр-садақа. 2. Сауап. 3. Дұға.
Үш нәрсе үш нәрсесіз болуы:
1. Басы бар, ақылы жоқ іс. 2. Ғылымы бар, амалы жоқ іс. 3. Байлығы бар, қайырсыз іс қылушы.
Үш нәрсені ұстассыз білетіні:
1. Үйрек, қаз балапаны. 2. Денедегі баланың дүниеге келуі. 3. Қойдың құрттағаны.
ҮШ БИ
Үш жүзде болса да олар басты кiсi,
Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кiшi.
Соларға жол көрсеткен ұстаз едiм,
Сардар деп құрметтейiн үлкен-кiшi.
Жеңiс жоқ соғыстарда шабандарға,
Жағдай жоқ тағат қылып амалдарға.
Жеңiске жету үшiн қайрат қылып,
Ат қойдым әскер бастап қамалдарға.
Мәлiм ғой, елге әскер басқарғаным,
Болдым деп Ордабасы мастанбадым.
Мылтығы көп болса да кәпiр жаудың,
Қалмақтың әскерiнен жасқанбадым.
Басқарып Үш жүз қолын жиырма бес жыл,
Орнымды Бөгенбайға бердiм биыл.
Еш сардар жарлығымды қайта қылған жоқ,
Кезiнде ұзақ соғыс күндер қиын.
Төрт кiтап:
1. Мұсаның кiтабы – Тәурет. 2. Дәуiтгiң кiтабы – Забур. 3. Исаның кiтабы – iнжiл. 4. Мұхамбет пайғамбардың кiтабы – Құран.
Төрт тұрман:
1. Ер тұрманы. 2. Мұкәммалы. 3. Жаужарағы. 4. Бес қаруы.
Төрт пайғамбар тірі:
1. Иса. 2. Ыдырыс. 3. Қыдыр. 4. Ілияс. Ыдырыс пен Иса 4-қат көкте, олар періштелермен бірге құлшылықжасайды. Қыдыр шөлдегендерге сусын береді. Ілияс су апатына ұшырағандарға қол ұшын береді.
Төрт нәрсені Адам Атаны жаратқанда жібереді:
1.Өлім. 2. Ләпсі. 3. Ашу. 4. Нәпсі.
Төрт асыл:
1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-Шапағат.
Төрт ұры:
1. Азғырушы шайтан. 2. Күпірлік. 3. Тәкаппарлық. 4. Мейірімсіздік.
Төрт дария:
1. Ніл. 2. Фират. 3. Жейхун (Амудария) . 4. Сейхун (Сырдария).
Төрт бейғамсыздық:
1. Өлімді ойлау. 2. Залым адаммен отырмау . 3. Онымен сөйлеспеу. 4.Аулақ жүру.
Пайғамбарымыздың бір хадисінде ақиқат ақпарат бар. Рауаят Масхудтың баласынан. Разы болсын Алла Тағала. Айтты пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. «Шындықта жаратылдың әрбіреуінің аналарының құрсағында 40 күн тамшы күйінде, одан соң жоғарғыдағыдай 40 күн ұйыған қан күйінде. Одан соң жоғарғыдағыдай 40 күн кесек ет жасап, кесек еттен сүйек жаратып, оны етпен қаптаған жоғарғыдағыдай қылып 120 күнде, яғни 4 айдан соң Алланың әмірі бойынша періште рух үрлейді де құрсақта пайда болған баланың тағдырына 4 нәрсені жазады:
1. Жақсылығы. 2. Жамандығы. 3. Рызығы. 4. Өмірі.
Исламдағы бес парыз:
1. Иман. 2. Намаз. 3. Ораза. 4. Зекет. 5. Қажылық.
Бес анық:
1. Тiл. 2. Дiн. 3. Тарих. 4. Дәстүр. 5. Ата мекен.
Бес пайғамбар патша болды:
1. Жүсіп. 2.Дәуіт. 3. Сүлеймен. 4. Ескендір Зұлқарнайын. 5. Мұхаммед.
Бес нәрсенің атасы жоқ:
1. Адам Ата. 2.Хауа Ана. 3. Смағұлдың қошқары. 4. Салық пайғамбардың түйесі. 5. Мұса пайғамбардың түйесі.
Бес нәрсе баянсыз:
1. Бұлттың көлеңкесі – баянсыз. 2. Еңбексіз келген байлық. 3. Қорқақтың достығы. 4. Жалған мадақ. 5. Опасыздың махаббаты – баянсыз.
Алты парыз:
1. Бiр-бiрiне сәлем беру. 2. Шақырса бару. 3. Кеңес сұраса - ақыл қосу. 4. Сұрағына жауап беру. 5. Ауырып қалса - көңiл сұрау. 6. Қайтыс болса жерлеуге қатысу.
Алты Алаш.
І нұсқасы
1. Қазақ. 2. Қарақалпақ. 3. Өзбек. 4. Түркімен. 5. Қырғыз. 6. Жайылған (Төле би).
ІІ. нұсқасы
1. Ұлы жүз. 2. Орта жүз. 3. Кіші жүз. 4. Қарақалпақ. 5.Қырғыз. 6. Қазақтың құрама рулары ( М. Тынышбаев).
Алты асқар:
1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл.
Алты тоймайтын нәрселер:
1. Көз қараудан тоймайды. 2. Еркек әйелден ләззат алудан тоймайды. 3. От отынан тоймайды. 4. Ғалым ғылымнан тоймайды. 5. Бай малға тоймайды. 6. Адам өмірге тоймайды.
Бес қару:
1.Сойыл. 2. Дойыр. 3. Шоқпар. 4. Найза. 5. Жар-садақ.
Бесқаруы батырлардың аңдасаң,
Солармен-ақ батыр баба шайқасқан.
Имандағы жеті парыз:
1. Алланың барлығына сену. 2. Періштелерге сену. 3. Кітаптарға сену. 4.Пайғамбарларға сену. 5. Ахиретке сену. 6. Жақсылық, жамандық Алладан деп сену. 7. Өлгеннен кейін тірілетінге сену.
Жеті тозақ:
1. Сағир – жалғаншылар түсетін жайы. 2. Лазо – зекет бермейтіндер жайы.
3. Сақар - намаз оқымайтындар жайы. 4. Жаһим – нәпсіге берілгендердің жайы. 5. Жаһаннам – екі жүзділердің жайы. 6. Хауия – Аллаһтың бұйырғандарынан бас тартушылардың жайы. 7. Хатома – адамдардың арсына ірткі салушылар жайы.
Жеті түрлі іс сәтсіздікке ұшыратады:
1. Күдік-күман. 2. Сиқыр. 3. Тойымсыз нәпсі. 4. Өсімқорлық. 5. Жетімнің ақысын жеу. 6. Жаумен шайқасқанда қашу. 7. Ерлі-зайыптыларды орынсыз сөгу.
Әйелдердің жеті түрлі пиғылдары:
1. Атқа мінуді көксеу. 2. Аматқа қиянат жасау. 3. Өзінің еріне қанағат қылмау.
Намаз оқымау. 4. Жылтыраған киімдерге құмарту. 5. Маймылға ұқсап әркімге күліп қарау. 6. Пиғылы есекке ұқсау. 7. Көршілерін өсекпен ұрыстыру.
Құрандағы жеті қасиет:
1. Құранның басы – таза дәрет. 2. Анасы – бата. 3. Қорғаны – аятыл гүрсі(аят аты). 4. Көңілі – Ясин. 5. Кілті – Ысырайыл Ықылас. 6. Ділі – қатесіз, беріліп оқу. 7.Тәсбісі – шырағы.
Жеті нәрсені жүйкені тоздырады:
1.Ең жеген нан. 2. Зімәдан болған жан. 3. Боямалы тән. 4. Нашадан бұзылған қан. 5.Темекінің түтіні. 6. Арақтың жұтымы. 7. Ақшалы ойынның ұтымы.
Мөлдір тауындағы жеті әулие аналар:
1. Шүміш әулие ана. 2. Мария әулие ана. 3.Рахима әулие ана. 4. Гульфайруз әулие ана. 5. Зәуре әулие ана. 6. Хадиша әулие ана. 7. Райнаму әулие ана.
Жеті ғашық:
1.Ләйлі – Мәжнүн. 2.Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5.Уәлик – Ғарра. 6.Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа.
Жан-жүйені жадырататын жеті жәйіт:
1. Әкімдердің шарапаты. 2. Ғұламалардың шариғаты. 3. Байлардың салауаты. 4. Кедейлердің қанағаты. 5. Үлкендердің ұлағаты. 6. Жастардың инабаты.
7. Азаматтардың ар-ұяты.
Жегідей жеген жеті кесел:
1. Коррупция. 2. Мафия. 3. Парақорлық. 4. Бюрократтық. 5. Рэкетерлік.
6. Маскүнемдік. 7. Жезөкшелік.
Жеті ата:
1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала.
Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.
Пейіш сегіз түрлі нәрседен тұрады:
1. Дәрісләм – қызыл жақұттан. 2. Дәріл қарар – ккүмістен. 3. Жәннатіл нағим – замруттан. 4. Жәннатіл ғадин – лағылдан. 5.Жәннатіл мәғуй – гауһардан. 6. Дәрін нақар – нұрдан. 7. Жәннатіл фердәуіс – зұбаржаттан. 8.Жәннатіл ағла – алтыннан.
Сегіз адамға жұмақ лайық:
1. Ораза ұстағандарға. 2. Жаман сөзден сақтанғандарға. 3. Құран оқығандарға. 4. Аш адамға тамақ бергендерге. 5. Жас уақытында намаз оқығандарға. 6. Сиқырдан аулақ болғандарға. 7. Өзіне жақсылық болсын дегендерге.
8. Өзгегеде жақсылық болсын дегендерге.
Жәннаттың сегіз есігіне кіретіндер:
1. «Лә илаһа илла Аллаһ Мұхаммадур Расуллаһ» климасы жазылған есіктен Пайғамбарлар, шейіт болғандар, жомарттар кіреді. 2. Намазды, дәреті толық орындағандар есігі. 3. Малдарынан зекет бергендердің есігі. 4. Алланың үкімін орындағандар есігі. 5. Нәпсісін тыйғандар кіреді. 6. Хаж амалын орындағандар кіреді. 7. Аллаһ жолында соғысқа шығушылар. 8. Арам нәрселерге көздерін жұмып, жақсы істерді орындағандар.
Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер:
1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы.
2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі.
3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырызаманға дейін сұлыны алып жүретін періште.
5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен бұлақ сулардың періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі.
Тоғыз-құмалақ — қазақ ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Он түрлі жаман:
Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейін сандарды жазып, үш биге жіберіпті, «Сізден рұхсат болса, жауап береміз» - деп қағазды Қазыбек биге жіберіпті.
Сода Қазыбек би бірден мына төмендегідей жауап беріпті.
1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідірден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8.Серкесіз бастаған қой жаман. 9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-тан қыздай қосылған бәйбішеден айырылған тіпті жаман.
Он екі нәрсе адамға пақырлық келтіреді:
1. Өтірік сөйлесе. 2. Өтірік ант ішсе. 3. Арам күйінде тамақ жесе. 4. Кез-келген шөппен тісін шұқыса. 5. Нан үгіндісін жерге тастаса. 6. Қолын жумай тамақ жесе. 7. Ата-анасын атымен атаса. 8. Дәрет алған жерге намаз оқыса.
9. Шалбарын түрегеп тұрып кисе. 10. Шамды үрлеп өшірсе. 11. Етегімен бетін сүртсе. 12. Ғылымды қорласа – осылардың бәрі де адам басына пақырлық келтіреді.
18 мың ғаламның падишасы Ұлы Аллаһ Тағаланың есеп-қисабында шек жоқ. Жалпы Космология құрылымы керемет жасалынған. « Алла Тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз - өлшеулі» деп Абай атамыз айтпақшы, кейбір дүниеден тыс нәрселерге ой-санамыз жетпейді. Бірақ өзіміз өмір сүріп жатқан жаратылыс хақында пікір жасау арқылы ала аламыз. Кез-келген дүниенің өзара орайласып, шым-шытырық байланысып, халықтың қажетіне жарауы біздер үшін ойланарлық ғибрат. Мәселенки, Ғұлма ғалым әл-Фарабидің маржани сөзінде:
Сан берген, сана берген, санат берген,
Инсан деп саналығы ол ат берген,
Жартып барша әлемді жалғыз нұрдан
Жауһари нұр сәулесін тарат деген.
– деп айтылатын асыл шумақтың мағынасы зор.
Қорытынды
Қазіргі жастардың қасиетті сандар туралы білетіндіктеріне көз жеткізу үшін мынандай жұмыстар жүргіздім.
-
жұмыс. Наурыз мерекесіне арналған сынып сағатында сыныптастарымды өз жобаммен таныстырдым. Білетін қасиетті сандарысанаулы ғана екен. Өз жобамдағы сыныптастарым білмейтін қасиетті сандармен таныстырдым, түсінік бердім. Қасиетті сандар туралы деректер жинауға құлшыныс білдірді.
-
жұмыс. Өзім оқитын сыныптан «Қасиетті сандар» тақырыбында сауалнама алған едім. Енді осы сауалнама қортындысын көрсетпекпін. Қатысқан 7 «А» сыныбы, барлығы 20 оқушы.
Сауалнама:
1.Қасиетті сандар туралы білесін бе?
а) иә ә) жоқ
2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а)ата-анадан ә) мұғалімнен б) аға-әпкелерден
3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?
а) иә ә) жоқ
4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?
а) иә ә) жоқ
5. Қандай қасиетті сандар білесің?
Сауалнама қортындысы:
1. иә - 20 оқушы ( 100% )
2. ата-анадан – 5 оқушы ( 25% )
мұғаліммен – 15 оқушы ( 75% )
3. Иә - 10 оқушы ( 50% )
Жоқ – 10 оқушы ( 50% )
4. «7 саны» - 20 оқушы ( 50% )
«3 саны» - 20 оқушы ( 50% )
«4 саны» - 20 оқушы ( 50% )
Сауалнама: Қасиетті сандар туралы барлық оқушылардың бар екен, ал бірақ, ата-аналар қасиетті сандар туралы көп айта қоймайтын болып шықты.
Ал балардың білетін қасиетті сандары 7,4,3 сандары екен. Ал басқа қасиетті сандарды білмейтін болып шықты. Барлық оқушы қасиетті сандар туралы жинауға қарсы еместіктерін қуана білдірді
Қолданылған әдебиеттер
-
Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.
2. Ахметжанова Ф. Р., Дүсiпбаева Қ. С. «Қасиеттi сандар қатысқан қазақ
ескiлiктерi» Ғылыми басылым.- ШҚТУ, Өскемен, 2001.
3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.
4. Бақытбек М . «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж.
Мазмұны
Кірспе................................................................................................................................. 1
Негізгі бөлім...................................................................................................................... 2
Қорытынды ...................................................................................................................... 9
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................................11
Пікір
Ю.А. Гагарин атындағы мектеп лицейі
математика пәнінің мұғалімі
Торжанова Толбасы
Дәрібжан Мирас «Қасиетті сандар» атты тақырыпта біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде. Қарастырылған жобада, киелі және олардың түрлеріне, еркшеліктеріне толық тоқталған. Халық қазынасының тереңіне бойлап, оның аса мазмұнды да, құнды шығармасын ақын үйреніп, көпшілік қажетіне жаратпақшы болған бұл оқушының қадамы құптарлық іс.
Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинаған. Жобада қолданылған әдебиеттер санын көбейтіп, ізденіс жалғастыруда. Әлі де болса дерек жағынан молырақ қамтып, архив қолжазбаларын молырақ қолдану керек.
Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде үлкен маңызы бар.
Осы жоба ішінде оқушыларға таныс емес қасиетті сандар енгізілген. Мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен таныса отырып, оны меңгеру өте қажет.
«Қасиетті сандар» тақырыбын одан әрі жүргізетініне, оның қолдау табатынына сенім білдіремін.
Пікірші: Торжанова Т.
Достарыңызбен бөлісу: |