25.04.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды
040008, Талдықорған қ., Біржан Сал көшесі, 130/132, анықтама телефондары: (7282) 24-35-78, факс: (7282) 24-33-36, электронды мекен-жайы: Аn.mukabaeva@minfin.gov.kz
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
C-О-5
|
83 282,08
| -
430,81
|
Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-бас қазынашысы С-О-5 санаты (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 14.01.2017ж.), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есепті жүргізу, есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу жүргізу, мемориалды ордерлерді құрастыру, жалақы бойынша есептер жүргізу, банкоматқа аудару есептерін жүргізу, орталықтандырылған бухгалтерия жұмыстарын жүргізу, қызметкерлердің несиелік қарыздарды уақытымен жабуына қатаң бақылау жүргізу, бухгалтерлік есеп және есептілік құрастыру мәселелері бойынша аудандық, қалалық қазынашылық басқармаларға нұсқаулық беру және нормативті-құқықтық материалдарды жеткізу, «Е-минфин» бағдарламасының жұмысын жүргізу, компьютерде жұмыс істей білу, мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білу.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, әлемдік экономика), мүмкіндігінше бюджеттік заңнамаларды білу және компьютерде жұмыс істей білу. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде 040008, Талдықорған қ., Біржан Сал көшесі, 130/132, анықтама телефондары: (7282) 24-35-78, факс: (7282) 24-33-36,: мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады. Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын электрондық Аn.mukabaeva@minfin.gov.kz мекен жайы бойынша ұсына алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
-
3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
-
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
-
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
-
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
-
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
-
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
-
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |