Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет105/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   200
Asyl-analar

 
 
көршілері, сонымен қатар басқа да мәдиналық әйелдер келеді. 
Барлығы Харис ибн Нуғманның үйінің айналасында жиналып
Сафияның бір көрінуін күтеді. Олардың арасында Айша да 
(Аллаһ оған разы болсын) бар еді. 
Бір кезде Аллаһ елшісі (с.а.с.) Айшаның Харистің үйіне кіріп 
бара жатқандығын байқап қалып, оны қарсы алып, көйлегінен 
өзіне қарай тартып: 
– Сен кімді көрдің? – деп сұрайды. 
– Ол яһуди ғой, – деп жауап береді Айша анамыз. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
– Олай деме, ол Исламды қабылдады, – дейді
1

Айша Пайғамбарымыздың (с.а.с.) басқа әйелдеріне жаңа 
түскен әйел жайлы айтып келеді. 
Сафия Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйінде салмақты, сабырлы 
қалпын сақтай білген. Ол ақиқатты танып, жүрегіндегі яһудилік 
ұлттық сезімді иманға жеңдіре біледі. Сафия яһудилердің 
мұсылмандарға қарсы айла-шарғы жасап, қулық-сұмдық 
істейтіндерін білетін. 
Сафияның иманы күннен-күнге күшейе түседі. Әйтсе де 
адамдардың оның сыртынан яһудилігін сөз етуі доғарылмады. 
Оған қоса Айша мен Хафса оны мысқылдайтын. Осының 
себебімен Аллаһ тағала ардақты елшісіне (с.а.с.): 
«Ей, иман келтіргендер! Сендерден бір қауым (басқа) бір 
(мүмін) қауымды (сыртынан күліп) мысқылдамасын. Өйткені 
олар (мысқылдаушылардан) қайырлы шығар. Және әйелдер де 
(басқа) әйелдерді (кемсітпесін). Бәлкім, (кемсітілген әйелдер) 
өздерінен жақсы шығар. Өздеріңді (яғни бір-біріңді) 
кекетпеңдер де, бір-біріңді (жаман) лақап аттармен 
атамаңдар. Иманнан кейін пасықтық есімі қандай жаман. 
1
Ибн Сағд, Табақат: 8/126. 


133
 
 
Кім тәубе қылмаса, әне солар – пасықтар»
1
, – деген уахи 
жібереді. 
Осыдан кейін Сафия өзіне ауыр тие-тұғын гу-гу әңгімеге 
құлақ түруді қойып, көңілі жай табады. 
Бірде Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның үйде жалғыз жылап 
отырғанының үстінен түсіп, не болғандығын сұрайды. Сафия 
Айша мен Хафсаның оның яһудилігін мысқылдайтындығын 
жеткізеді. 
Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет