Асыл жанды ардаќты ќарттарым – ай


Пайдалы кеңестер бөлімшесі



бет3/7
Дата26.12.2022
өлшемі287.5 Kb.
#467949
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Спорт біздің серігіміз

Пайдалы кеңестер бөлімшесі.
Слайд жасау (Тоқтар) Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

  1. Қоршаған орта ластығы.

  2. Дұрыс тамақтанбау.

  3. Тұқымқуалаушылық.

  4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдау.

  6. Тазалықты сақтамау.

  7. Отбасындағы кері жағдайлар.

  8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.



2 слайд. (Мадияр) Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

  1. Дұрыс тамақтану.

  2. Қоршаған орта тазалығы.

  3. Дене шынықтыру.

  4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдамау.

  6. Жеке бастың тазалығын сақтау.

  7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

  8. Эмоциялардың оң болуы.



Тест. «Менің өмір сүру қалпым» 5-15 балл қою.





Дене қозғалысының түрлері

Күнделікті

Аңда-санда

Мүлде жасамаймын

1

Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру










2

Таңертеңгі дене қозғалысы










3

Мектепке келу










4

Дене шынықтыру сабағына қатысу










5

Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар,күрес)










6

Денені шынықтыру










7

Үйдегі дене еңбегінің орындалуы










60 – жоғары 45 – орташа 25 – төмен
Қазақ спорт жұлдыздары туралы студенттер айтады.
(Қажымұқан, Балуан Шолақ, Жақсылық, Бекзат, Жансая, Ольга, Амантай)


Олжалы отызыншы Олимпиада (видео көк тудың желбірегені)
Авторлар: сөзі:Алмас Ахметбекұлы. әні: Ермұрат Зейілхан
Адам өмiрiнде спорттың алатын орны ерекше. Ал мемлекеттiк тұрғыдан қарайтын болсақ, ол – абырой! Елiмiздiң даңқын асқақтатып жүрген саңлақтарымыз баршылық. Арғысын айтпағанда, күнi кеше өткен Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшылар жетi рет көк туымызды көкте желбiреттi. Осынау байрақты бәсекеде әлемнiң 200-ден астам елiнiң арасынан 12-орынды иелендiк. Қалай мақтансақ та жарасады. Саңлақтарымыздың сол кездегi жеңiстерi талай өскелең ұрпақты спорт кешендерi мен алаңдарына жетелегенiне сенiмiмiз мол. Сонымен ел аузында «Тұманды Альбион» аталып кеткен ағылшын жұртының астанасы - Лондонда 27 шілде мен 12 тамыз аралағында өткен олимпиада ойындарына қысқаша шолу жасап шығайық. Лондон Олимпиадасының дүбірлі бәскесін қазақ елінің атынан барған спортшылар алғашқы күннен-ақ алтын алумен бастады. Велоспорттан 250 шақырымдық қашықтықтағы жарыс жолына шыққан Александр Винокуров топ жарып, саңлақ аталған күннің ертеңінде ауыр атлет Зүлфия Чиншанло әлем және олимпиада рекордын жаңартып, әнұранымызды әуелетті. Ал, жарыстың төртінші күнінде Қазақстан қоржынындағы 2 алтын тағы бір ауыр атлетіміз Майя Манезаның жеңісімен үшеуге жетіп, жанкүйер қауымды желпінтіп тастады. Мәскеулік зілтемірші қыздың қамқоршылары жолын кесе берген соң «Қазақстан қайдасың?» деп тартып кеткен Светлана Подобедова отандастырына өзінің қайсарлығын Лондон Олимпиадасында әйгілеп, Қазақстанның байрағын Ресейдің туынан жоғары көтерді. Алтын алқаның иесі табан тірейтін тұғырға шыққан Светлана көз жасын тия алмай қазақ әнұранын шырқады. Әнұранымыздың қайырмасындағы «Гүлің болып егілемін» деген жолдарды егіліп тұрып айтты. Лондон Олимпиадасының феномені алтын айдарлы ұлымыз - Ілия Ильин болды. 94 келіге дейінгі салмақ санатында жалпы саны 418 келіні бағындырған ол әлемдік және олимпиадалық рекорд орнатты. Ресейдің, Молдованың, Иранның азуын айға білеген алыптары Сыр бойында туып өскен Ілияның сирағынан да келмей қалды. Зілтеміршілер сайысында жұлқа көтеруден 175 келіні, серпе көтеруден 220 келіні бұйым көрмеген Алмас Өтешовтың де шоқтығы биік көрінді. Қысқасы, Олимпиада ойындарының қызған шағында Ілияның жеңісімен Қазақстан қоржынында 5-ші алтын медаль жатты. Шығыстан шыққан (ШҚО) арғымақ қыз Ольга Рыпакова үштеп секіруден 14,98 метрге секіріп, еліміздің қоржынына түскен алтыншы алтын медальдің иегері атанды. Олимпиада ойындарының жүлдесін алтынмен бастаған қазақ спортшыларының аптығы сәл саябырлап қоржынымызға қола медальдар құйылды. 84 келіге дейінгі салмақта белдескен палуанымыз Даниал Гаджиев Олимпиада ойындарының 10-шы күні қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, 8 тамыз күні боксшы қызымыз Марина Вольнова Лондон Олимпиадасындағы екінші қоланың қожайыны болды. Сондай-ақ, балуан қызымыз Гүзел Манюрова да қоладан алқа тағынып жеңіс тұғырынан көріне білді. 91 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі боксшысымыз Иван Дычко Ұлыбритания спортшысы Энтони Джошуаға 13:11 есебімен есе жіберіп, 4-ші қола медальді «місе тұтты». Ал, Лондон Олимпиадасының соңғы күні боз кілемге көтерілген еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаров қола медаль үшін белдесуде түрік палуаны Рамазан Сахинмен күресіп, тізе бүктірді. Сондай-ақ, 81 келіге дейінгі салмақта қарсыластарын шақ келтірмеген Әділбек Ниязымбетов финалда ресейлік спортшы Егор Мехонцевпен қолғап түйістіріп, тең түсті. Бірақ , төрешілер алтынды ресейлік боксшының қанжағасына байлап берді. Сөйтіп, біздің Әділбек Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанып, ел қоржынындағы бірінші күміс медальді еншіледі. 69 келіге дейінгі салмақ санатында ұлыбританиялық боксшы Фредди Эванспен жұдырықтасқан қазақстандық сайыпқыран Серік Сәпиев 7-ші алтын медальмен Олимпиада ойындарының соңғы күнін өз биігінде қорытындылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет