Қасымова Алмагүл Жұбандыққызы ми-31 10 дәрістің тақырыбы: Тізім және тізімге қолданылатын операциялар



Дата04.05.2023
өлшемі20.22 Kb.
#473177
түріПрограмма
Лек-практика 10 апта


Қасымова Алмагүл Жұбандыққызы МИ-31


10 дәрістің тақырыбы: Тізім және тізімге қолданылатын операциялар
Python тіліндегі тізім жолдар сияқты реттелген тізбек болып табылады. Жолдан айырмашылығы тізім символдан емес, әртүрлі объектіден тұрады және тырнақшаға алынбайды [ ] квадрат жақшаға алынады. Объектілер бір бірінен үтір арқылы ажыратылады. Тізімдер сан, жол, басқа тізім сияқты әртүрлі объектіден тұрады.
Тізім басқа программалау тілінде массивтің аналогы ретінде қарауға болады. Тізімнің массивтен басты айырмашылығы – тізімнің элементі болып кез келген нысан табылады.
Python-дағы тізім (list) нысан болып табылады, сондықтан айнымалыға меншіктеледі. 
Тізім құру
Тізім құрудың түрлі әдістерін қарастырайық.
1.Ең қарапайым әдісі:
>>> a = [] 
>>> for i in range(1,15): 
a.append(i) 
>>> a 
[1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14] 
>>> 
Мұнда append әдісінің көмегімен тізім 1 ден 14аралығындағы сандармен циклді түрде толтырылады.
2. Тізімді диапазоннан толтыруға да болады: 
>>> a = list(range(1, 15)) 
>>> a 
[1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14] 
3.Python-да бар тізім негізінде жаңа тізім жасайтын map функциясы бар: 
>>> def f(x): 
return x + 5 
>>> list(map(f, [1, 3, 4])) 
[6, 8, 9] 
Нәтижеде map функциясы берілген тізім элементтерін беске арттырып шығарады.
4.Кездейсоқ бүтін сандардан тұратын тізім жасауды қарастырайық: 
from random import randint 
A = [randint(1, 5) for i in range(10)] 
print(A)
5. Тізімге мәндерді қолмен толтыруды қарастырайық. Тізім ұзындығын береміз де пернетақтадан оның барлық мәнін енгіземіз:
a = [] # бос тізімді хабарлаймыз
n = int(input(“Тізім узындыгы:”)) # тізімдегі элемент санын енгіземіз
for i in range(n): 
new_element = int(input()) # кезекті элементті енгіземіз
a.append(new_element) # оны тізімге қосамыз
# соңғы екі жолды бір жолмен алмастыруға болады: a.append(int(input())) 
print(a)
Тізім (list) программа құруда көп кездеседі. Python- да тізімді тез әрі оңай өңдеудің төменде берілген қондырылған функциялары анықталған: 
len(L) – L тізіміндегі элементтер санын қайтарады 
max(L) – L тізіміндегі ең үлкен мәнді қайтарады 
min(L) – L тізіміндегі ең кіші мәнді қайтарады 
sum(L) – L тізіміндегі мәндер қосындысын қайтарады 
sorted(L) – элементтері өсуі бойынша реттелген L тізімінің көшірмесін қайтарады. L тізімін өзгертпейді. 
del инструкциясы тізмнен индекс бойынша жоюды жүзеге асырады:
Мысал: Берілген тізімдегі элементтерді кері ретпен шығар
a=[2,5,6,4,1];
print('a=',a)
a.reverse()
print('a=',a)
Шешуі:
a= [2, 5, 6, 4, 1]
a= [1, 4, 6, 5, 2]

Дәріс бойынша бақылау сұрақтары:
1. Тізім ұғымын анықтаңдар. 
Жауап: Тізім (list) — бұл әрқайсысының өз нөмірі бар элементтердің реттелген жиынтығы немесе оған жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін индекс.


2. Тізім құру жолдарын сипаттаңдар. 
Жауап:
list () функциясын пайдаланып тізім құру оған біз кез-келген қайталанатын нысанды жібере аламыз
letters = list('abcdef')
numbers = list(range(10))
even_numbers = list(range(0, 10, 2))
print(letters)
print(numbers)
print(even_numbers)
>>> ['a', 'b', 'c', 'd', 'e', 'f'
>>> [0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9]
>>> [0, 2, 4, 6, 8]


3. Тізімге қандай қондырылған функциялар қолданылады? 
Жауап: Python- да тізімді тез әрі оңай өңдеудің төменде берілген қондырылған функциялары анықталған: 
len(L) – L тізіміндегі элементтер санын қайтарады 
max(L) – L тізіміндегі ең үлкен мәнді қайтарады 
min(L) – L тізіміндегі ең кіші мәнді қайтарады 
sum(L) – L тізіміндегі мәндер қосындысын қайтарады 
sorted(L) – элементтері өсуі бойынша реттелген L тізімінің көшірмесін қайтарады. L тізімін өзгертпейді. 


4. Тізімге қолданылатын әдістерді түсіндіріп, әрбіреуіне мысалдар құрастырыңдар. 
Жауап:
А) append әдісі:
a = [] 
for i in range(1,15): 
a.append(i) 

[1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14] 
В) Диапазоннан толтыру әдісі
а= list(range(1, 15)) 

[1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14] 
19-20 практикалық сабақтың тақырыбы:Тізімге қолданылатын операциялар мен әдістер
1. Тізімді 20 «#» символымен толтырыңыз.
Коды
a = ["#" for i in range(0,20)]
2. Тізімді [a;b] аралығындағы кездейсоқ бүтін сандармен толтырыңыз.
Коды
a=int(input())
b=int(input())
n=10
f =[randint (20,100) for i in range(a, b+1)]
print(f)
3. Тізімді 2 санының дәрежелерімен толтырыңыз (21-ден 2n-ге дейін).
Коды
n=int(input())
p=1
while p<=n:
​p=p*2
​print(p,end=' ')
4. Тізімді Фибоначчи сандарының алғашқы он мүшесімен толтырыңыз.
Коды
fib1 = 1
fib2 = 1
n = input()
n = int(n)
i = 0
while i < n - 2:
fib_sum = fib1 + fib2
fib1 = fib2
fib2 = fib_sum
i = i + 1
print(fib2)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет