$$$UMKD_NAME$Кәсіби қазақ тілі
$$$UMKD_AVTORS$ Қасымова Ә.Ә.,Оспанов Е.А. оқытушылар
$$$UMKD_YEAR$2013
@@@
###000-001#
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Кәсіби қазақ тілі»
атауы
«5В070400» – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы үшін
шифр атауы
Құрастырғандар:
Қасымова Ә.Ә.-“Қазақ филологиясы” кафедрасының оқытушысы
Т.А.Ж., қызметі
Оспанов Е.А.-“Автоматика және электротехника” кафедрасының оқытушысы
Т.А.Ж., қызметі
Семей 2014
&&&
###000-002#Мазмұны
-
Жұмыс бағдарламасы
-
Дәрістер конспектісі
-
Практикалық және семинарлық сабақтар
-
Зертханалық практикум
-
Курстық жұмысқа (жобаға) арналған материалдар
-
Білім бақылау бөлімі
&&&
###000-003#ЭПОӘК- авторлары туралы мәліметтер
ПЭОӘК авторлары туралы мәліметтер
|
Оспанов Ербол Амангазович
|
Академиялық дәрежесі:
|
Өңдеу өндірістерінің технологиясы магистрі
|
Қызметі:
|
Автоматика және электротехника кафедрасының аға оқытушы
|
Мамандандыруы:
|
Автоматтандыру инженері
|
Байланыс мәліметтері:
|
Жұмыс телефоны:
|
+7 (7222)35-84-38
|
Электрондық пошта:
|
78oea@mail.ru
|
Skype:
|
жоқ
|
Жалпы мәліметтер:
|
«Автоматтандыру және басқару» және «Есептеу техникасы және программалық қамсыздану» мамандығына арналған пәндерден сабақтар жүргізеді. Өз пәндерінен зертханалық және практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулардың авторы.2011жылы Қазақстан-Ресей университетінің 72 сағат көлеміндегі «Қашықтықтан оқыту технологиялалары» біліктілікті жоғарылату курстарын тамамдады.
|
|
Қасымова Әсем Әленқызы
|
Академиялық дәрежесі:
|
-
|
Қызметі:
|
“Қазақ филологиясы” кафедрасының оқытушысы
|
Мамандандыруы:
|
|
Байланыс мәліметтері:
|
Жұмыс телефоны:
|
+7 (7222)42-29-30
|
Электрондық пошта:
|
asemzn@mail.ru
|
Skype:
|
asemzn
|
Жалпы мәліметтер:
|
"Қазақ тілі”, “Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу”, “Кәсіби қазақ тілі”, пәндері бойынша сабақтар жүргізеді.
|
&&&
###002-000#2 Жұмыс бағдарламасы
Қолдану саласы
2. Нормативті сілтемелер
3. Жалпы ережелер
4. Әдебиет және қорлар
5. Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі
6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны
7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
8. Курс форматы
9. Курс саясаты
10. Баға қою саясаты
11. Студенттер білімін бақылау
12. Оқу үдерісінің және қашықтық кеңестердің графигі
&&&
###002-001#2.1 Қолдану саласы
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені қашықтықтан оқыту технологиялалары (ҚОТ) бойынша оқитын «5В070400» – «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттеріне арналған. ПЭОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.
Пәнді ҚОТ бойынша оқу кезінде ПЭОӘК негізгі құрал болып табылады.
&&&
###002-002#2.2 Нормативтік сілтемелер
Осы «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:
- Инженерлік-технологиялық факультетінің 2 курс орыс топтарының ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- Инженерлік-технологиялық факультетінің 1 курс орыс топтарының типтік оқу бағдарламасы;
- СТУ 042-СГУ-5-2014 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;
- ДП 042-1.07-2004 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.
&&&
###002-003#2.3 Жалпы ережелер
-
Оқытушының тегі, аты, жөні – Қасымова Ә.Ә. оқытушы, Оспанов Е.А., оқытушы
-
Кафедра – "Қазақ филологиясы", “Автоматика және электротехника”;
-
Хабарласу ақпараты –тел: 42-29-30, Оқу ғимараты № 1, кабинет № 913 e-m ail:
тел: 53-02-29, Оқу ғимараты № 8, кабинет № 316; e-m ail:
-
Контактілі сабақтардың өткізілу орны – аудитория № 910,912, 310, 311;
-
Пән атауы – «Кәсіби қазақ тілі»;
-
Кредит саны –2;
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
1 кесте
Курс
|
Семестр
|
Кредиттер
|
Аудиториялық жұмыс
|
СӨЖ
(сағ)
|
Барлығы
(сағ)
|
Қорытынды бақылау түрі
|
АС (сағ)
|
ҚК (сағ)
|
1
|
2
|
2
|
8
|
Кесте бойынша
|
123
|
135
|
емтихан
|
2.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны.
2.3.2 Курстың мақсаты:
-
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, кеңселік қатынас құралы ретінде ғана біліп қоймай, халықпен қарым-қатынас жасау барысында ұтқыр ойды шешен тілмен жеткізе білуге, жергілікті халықтың ұлттық мәдениетін тануға, ұлттық таным ерекшеліктерін ажыратуға дағдыландыру;
-
Күнделікті қарым-қатынас кезінде, болашақта кәсіби терминдерді қызмет барысында еркін қолдану дағдыландыру;
-
ақпараттық технологияларды құрудың теориялық негіздерін қазақ тілінде меңгерту.
-
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері :
-
Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, қазақ тілінде айтылған ой-пікірді түсініп, дұрыс жауап бере алу; қазақ тілінің грамматика жүйесін еркін біліп, қазақ еліне қатысты тарихи мәдени материалдарды өз бетімен игере алу; өз мамандығына сәйкес терминдер жүйесін пайдалана отырып мемлекеттік тілде жатық сөйлеу дағдысын қалыптастыру керек.
-
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:
-
Берілген кестеге сәйкес тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу;
-
Алған білімдерін практикада қолдана білу;
-
Тілдік талдаудың негізгі әдістерін меңгеру керек;
-
Теорияны практикамен ұштастыра алу;
-
Берілген өздік жұмыстарын уақытында өткізу;
-
Оқытушының және басқа да студенттердің пікірімен санасып, оларға құрметпен қарау.
2.3.5 Курс пререквизиттері:
-
Информатика
-
Ақпараттық жүйе негіздері
-
Қазақ тілі І
-
Қазақ тілі ІІ
-
Курс постреквизиттері:
-
Арнайы пәндердің барлығы
-
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу
&&&
###002-004#2.4 Әдебиеттер және қорлар
2.4.1 Негізгі әдебиеттер және қорлар
2.4.1.1 З.Күзекова, Г. Қарақұсова Жоғарғы оқу орындарының эканомика факультеттеріне арналған. А.1997,1999.
2.4.1.2 Ш.Б Сейтова. Ана тілің –асыл қазынаң. Семей 2001.
2.4.1.3 Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық
2.4.1.4 Т.Т.Аяпова Қазақ тілі. Үй кітабы
2.4.1.5 Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.
2.4.1.6 Қазақ тілі сөздігі. А. 1999 ҰТА
2.4.1.7 Ә. Болғамбаев. Қазақ тілінің синонимдік сөздігі. А.1976.
2.4.1.8 Б.Шалабай, В.Салагаев. Іс қағаздары. А. 2001.
2.4.1.9 Базарғалиева Б., Иманбаева М., Ибрагимов Қ. Қазақ тілі. Алматы, 2005.
2.4.1.10 Г.Қ Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш А-2000
2.4.1.11 З.Күзекова . Практикалық курс. Қазақ тілі –Алматы: 2002
2.4.1.12 Ш.Бектұров. Серғалиев М. Қазақ тілі А-1994
2.4.1.13 Жас техниктің энциклопедиялық сөздігі. Москва.1980.
2.4.1.14 Р. Сыздық Қазақ тілінің анықтағышы Астана, Елорда 2000.
2.4.2 Қосымша әдебиеттер және қорлар
2.4.2.1 Жас толқын электронды оқулығы
2.4.2.2 Руханият электронды оқулығы
2.4.2.3 Зерде электронды оқулығы
2.4.2.4 Елтаным электронды оқулығы
2.4.2.5 Мәнерлеп оқу электронды оқулығы
2.4.2.6 Ахмет Байтұрсынов электронды оқулығы
2.4.2.7 Ыбырай Алтынсарин электронды оқулығы
2.4.2.8 Қазақ тілі электронды оқулығы
&&&
###002-005#2.5 Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі
Модульдар бойынша пән мазмұны
2 кесте
Модуль атауы
|
Тақырып атауы
|
Мазмұны
|
Әдебиет
|
1
|
2
|
3
|
8
|
Модуль 1
|
Л:Қазақстан жаһандану дәуірінде
Г:Үндестік заңы
|
Жаһандану дегеніміз не? Жаһандану – халықаралық қатынастарды біркелкілендіру.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың арасындағы үндесу (синграмонизм) және дауыссыз дыбыстардың арасындағы үндесу (ассимиляция)
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
Л:Білім де бәсекеге түседі
Г: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
|
XXI ғасырдағы білім мен ғылымды бағыттау мақсаты. Қазір халыққа білім беру реформасы.
Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі құбылыс. Осымен байланысты сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады.
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
Л: Ақпарат
Г: Диалект және кәсіби сөздер
|
Ақпарат – адамдардың, жануарлардың, электронды машиналардың бір-бірімен алмасатын әртүрлі мәліметтер.
Кибернетика – ақпарат, басқару, байланыс туралы ғылым.
Сирек қолданылатын сөздер - диалект сөздер, кәсіби сөздер мен терминдер
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
Л: Ақпараттық жүйе
Г: Жалпылама қолданылатын терминдер мен сөздер
|
Ақпараттық жүйе құрылымы. Ақпараттық жүйені топтастыру. Жаңа сөдермен танысу.
Жалпылама сөздердің қолданылуы. Жалпылама лексиканың анықтамасы. Терминдердің қолданыс аясы.
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
Модуль 2
|
Л: Компьютердің тарихы
Г: Кірме сөздер
|
Компьютер тарихы көлемді есептеулерді жеңілдету жолдарын іздестірумен тығыз байланысты. Тіпті көп санды қарапайым арифметикалық операциялардың өзі адам миы үшін қиындық туғызады.
Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер дейміз. Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, аралас-құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, моңғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер енген.
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
Л: Компьютер деген не?
Г:Фразеологизмдер
|
«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді.
Фразеологизмдер – тұрақты тіркескен, құрамындағы сөздердің орындарын ауыстыруға болмайтын, лексикалық толық мағына беретін сөз тіркестерінің бір түрі.
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
Л:Компьютерлік бағдарламалар:
Г:Көнерген сөздер мен неологизмдер
|
Бағдарламаның үш түрі бар: қолданбалы – пайдаланушылардың жұмыс істеуі үшін, жүйелілік – қолданбалы бағдарламаның жұмыс істеуі үшін, аспаптық – жаңа бағдарлама жасау үшін.
Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді: тарихи сөздер, архаизмдер.
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
Л:Компьютер қалай жұмыс істейді?
Г:Мақал-мәтелдер
|
Компьютер жүйелік бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар және бағдарламалау жүйелерінен құралатын бағдарламалық жасақтама көмегімен жұмыс істейді.
Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.
Мәтел – ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы.
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
Модуль 3
|
Л: Компьютердің қолданылдатын салалары
Г: Стиль туралы түсінік. Стиль турлері
|
Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Түрлі мамандық иелері қазіргі таңда компьютерді жұмыс істеу үшін аса қажет аспап ретінде қарастырып отыр.
Стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. Стилистика – стиль туралы ілім.
|
|
Л:Компьютерге күтім жасау ережелері және қауіпсіздік техникасы
Г:Ресми іс-қағаздар стилі
|
Компьютердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге оған күтім жасау ережелері.
Ресми ісқағаздар стиліне ісқағаздары, заң құжаттарының тілі жатады. Олардың атқаратын міндеті іс-тәжірибеде маңызды мәліметтерді хабарлау, нақты жөн көрсету.
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
Л: Ақпараттың өлшем бірліктері
Г: Сөзжасам
|
Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады.
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам – атау (номинация) жасау қызметін жүзеге асырады.
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
Л: Компьютердің құрамына кіретін құрылғылар
Г: Сөзжасамның тәсілдері
|
Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы.
Түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, синтетикалық тәсіл біздің тілімізде туынды сөз жасауда үлкен қызмет атқарады.
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
Модуль 4
|
Л:Аналық тақша. Оперативті жады. Процессор
Г: Туынды сөздер
|
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді (1.4-сурет). Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша.
Туынды сөздердің жасалу тәсілдері, туынды сөдердің жасалу жұрнақтары.
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
Л:Компьютер дискілері
Г: Жалғаулардың түрлері
|
Оперативті жады ішкі жады болып саналады да, сыртқы жадыға мысал бола алатын тұрғылықты диск немесе ықшам дискіден ерекшеленеді.
Жалғаулардың түрлері (тәуелдік, көптік, жіктік, септік).
Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады.
Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді.
Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді.
Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді.
|
2.4.1.1-2.4.1.6
2.4.2.1-2.4.2.7
|
|
Л:Дыбыстық тақша
Г:Шылау. Септеулік шылау. Демеулік шылау. Жалғаулық шылау. Көмекші есімдер.
|
|
|
02-006#2.6 СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны
СӨЖ тақырыптары мен мазмұны
3 кесте
№ р/б
|
СӨЖ тақырыбы
|
СӨЖ мазмұны
|
Өткізу мерзімі
(апта)
|
Қойылатын баллдар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Дыбыстық тақша
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Компьютерді бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті ететін қандай құрылғылар бар? Дыбыстық тақшаның қызметі қандай ? Желілік тақшалардың қандай түрлері бар ?
|
14 апта
|
|
2
|
Порттар
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Басқару пернелерінің қызметі қандай ? қандай мақсатта қолданылады? ... пернелердің қызметі қандай? Бос орын пернесі қайда орналасқан ?
|
14 апта
|
|
3
|
Тінтуір
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Тінтуірдің сол жақ және оң жақ пернелерінің атқаратын қызметтерін сипаттаңыз.
Тінтуір орнына кейде орнына не қолдануға болады ?
|
14 апта
|
|
4
|
Компьютерді дұрыс қолдану ережесі
|
Мәтін бойынша компьютерді қосу-өшіру ретін көрсетіңіз.
|
14 апта
|
|
5
|
Қандай компьютер сатып алу қажет?
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Компьютерді сатып алу кезінде қандай сипаттамаларды білу қажет?
|
14 апта
|
|
6
|
Информатикаға үлес қосқан ғалымдар өмірбаяны
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
С.А.Лебедев қайда оқыған? С.А.Лебедев қандай тақырыпта диссертация қорғады? С.А.Лебедев қандай машина құрастырып шығарады ?
|
14 апта
|
|
7
|
Блез Паскаль
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Паскаль теоремасы деп аталатын тәжірибені қанша жасында жазып шығарады?
Қандай машина ойлап шығарады?
Блез Паскальдің ең негізгі еңбегі қалай аталады ?
Блез Паскальдің қолжазбасы қайда сақталған ?
|
14 апта
|
|
8
|
Уильям Гейтс
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Уильям Гейтс компьютер саласында қандай еңбек сіңірді?
Оның қандай еңбегі бар?
|
14 апта
|
|
9
|
Интернет тарихы
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Интернет тарихындағы елеулі өзгерістер жағалықтарға анықтама беріңіз.
|
14 апта
|
|
10
|
Интернет - адам санасының жетістігі
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Интернеттің бүгінгі таңдағы қызметіне сипаттама беріңіз.
|
14 апта
|
|
&&&
###002-007#2.7 Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар
-
{пәнді оқуға қажетті уақытты жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша кеңестер;
-
студент әрекеттерінің ретін сипаттау;
-
ПЭОӘК материалдарын пайдалану бойынша ұсыныстар;
-
әдебиетпен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар;
-
емтиханға дайындық бойынша кеңестер және т.б.}
&&&
###002-008#2.8 Курс форматы
Пән бойынша офф-лайн және он-лайн сабақтар жүреді. Офф-лайн сабақта студенттер материалды дербес оқып игереді, практикалық сабақтарды, модульдар бойынша бақылау тапсырмаларын орындайды, межелік тестілеу өтеді. Топтық он-лайн семинарларда ең маңызды тақырыптар талқыланады. Әрбір он-лайн семинардың күні мен уақыты, тақырыбы мен тапсырмалары алдын ала хабарланады. Осы семинарларға белсенді қатысу керек. Сонымен қоса, пән бойынша он-лайн кеңестер жүргізіледі, олардың кестесі курс ішінде жазылады. Офф-лайн кеңес алу үшін оқытушыға хат жазып, жауап алуыңызға болады.
&&&
###002-009#2.9 Курс саясаты
Пәнді студент дербес жүйелі түрде оқуы тиіс, қажет болғанда оқытушыдан кеңес алуға болады. Порталға үнемі кіріп, оқыңыздыр, оқытушының жұмыс бағдарламасында немесе практикалық сабақтарда берген әдістемелік нұсқауларын мұқият оқыңыздар. Тек дәрістер материалымен шектелмей, курс ішінде көрсетілген электрондық қорларды, әдебиетті оқыңыздар. Алдымен бір модульды оқып, игеріп, тапсырмасын орындаңыздар, сонан соң ғана келесі модульға көшу керек. Бақылау тапсырмаларын уақытында орындап, тексеруге жіберу қажет, межелік тестілерді де мерзімінде өту керек. Бақылау мерзімдері: 1-8 апталардағы тапсырмалар мен тестілер үшін – 8-аптаның соңы, қалғандары үшін 15-аптаның соңы.
&&&
###002-010#2.10 Баға қою саясаты
Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинауы тиіс. Баллдардың максималды саны:
1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда – 300 балл,
2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда – 300 балл.
Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 600.
Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады:
1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 және 3 модуль бойынша максимум 150 балл, 2-модуль бойынша – максимум 120 балл)
2. Он-лайн семинарға қатысқаны және белсенділігі үшін (қатысу үшін – 20 балл, белсенділігі үшін максимум 100 балл)
3. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан)
Курстық жұмыс жеке бағаланады.
Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.
Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.
&&&
###002-011#2.11 Студент білімін бақылау
Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:
-
ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)
-
межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда)
-
қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан және курстық жұмысты (жобаны) қорғау, мамандықтың МЖМБС-на сәйкес).
Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.
Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (4 кесте).
Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы
4 кесте
Әріптік жүйедегі баға
|
Баллдың цифрлық эквиваленті
|
Пайыздық мөлшері
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
А
|
4,0
|
95 – 100
|
Өте жақсы
|
А–
|
3,67
|
90 – 94
|
В+
|
3,33
|
85 – 89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80 – 84
|
В–
|
2,67
|
75 – 79
|
С+
|
2,33
|
70 – 74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65 – 69
|
С–
|
1,67
|
60 – 64
|
D+
|
1.33
|
55 – 59
|
D
|
1,0
|
50 – 54
|
F
|
0
|
0 – 49
|
Қанағаттанарсыз
|
I
|
NA
|
-
|
Аяқталмаған
|
P
|
-
|
өтті
|
Пәнді өтті
|
&&&
###002-012#2.12 Қашықтықтан кеңестер беру және оқу үдерісінің күнтізбелік графигі
5 кесте
№ р/б
|
Апталар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Жиыны
1-рейтинг
|
1
|
Бақылау түрі
|
|
|
|
ТМ1
|
|
|
ТМ2
|
МБ1
|
300
балл
|
2
|
Баллдар
|
|
|
|
150
|
|
|
120
|
30
|
3
|
Кеңестер
|
OF
|
OL
|
OL
|
OF
|
OF
|
OL
|
OF
|
OF
|
№ р/б
|
Апталар
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Жиыны
2-рейтинг
|
|
1
|
Бақылау түрі
|
|
|
ОС
|
|
|
ТМ3
|
МБ2
|
300
балл
|
2
|
Баллдар
|
|
|
120
|
|
|
150
|
30
|
3
|
Кеңестер
|
OL
|
OL
|
OF
|
OF
|
OL
|
OF
|
OF
|
Белгілеулер: ТМ-модуль бойынша тапсырма; ОС-он-лайн семинар; МБ-межелік бақылау;
OL – он-лайн кеңес; OF- офф-лайн кеңес
&&&
$$$003-000-000$3.3 Практикалық сабақтар
&&&
$$$003-001-000$3.3.1 Практикалық сабақ №1
Қазақстан жаһандану дәуірінде. Үндестік заңы.
&&&
$$$003-001-001$3.3.1.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1
Сабақ мақсаты:
Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
-
Жаһандану дәуірінде Қазақстан мемлекетінің қазіргі жай күйіне сипаттама беру;
-
Қазақ тіліндегі ең үлкен заңымыз үндестік заңынан өткенді еске тусіру, кәсіби тәжірибеде жүзеге асыру.
Әдістемелік нұсқау
Қазақстан жаһандану дәуірінде
Жаһандану дегеніміз не? Орыс ғалымы В.М.Межуев «Жаһандану әлемдік қауымдастықтағы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне өзара тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, интеграциялануы» деп атап көрсетеді. Оған ЮНЕСКО, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіл әлемдік қуатты корпорациялар. Халықаралық сауда ұйымы, Халықаралық туристік ұйым сияқты, әлемдік қаржы институттары т.б. кіреді.
Жаһандануды былай сипаттауға болатын сияқты. Бір ел мен екінші елдің арасындағы кедергілер азаяды, кең көлемде қауымдастық мәні мен мағынасы артады, ақпараттар беру ісі жеңілдейді, қаржылық, ақпараттық, салаларда біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады.
Жаһанданумен бірге өркениетке өріс ашар жаңалықтар келіп жетті. Технология дамыды, модернизация құлаш жайды, ақпараттық кеңістік кеңейді. Өмір сүру салтымыз бен мінез-құлқымыз да өзгеріс нышандары байқалды. Дүниенің төрт қырымен байланыс күшейіп, орныға түсті.
Қазір әлемдік қауымдастықта жаһандану үрдісі туралы оны жақтайтын және оны тіптен қабылдай алмайтын екі топ бар. Жақтаушылар, жаһандану нарық жүйесінде баға біркелкілігін жүзеге асырады, сондықтан, түбінде бағаның реттелуін, бірыңғай әрі салыстырмалы түрде төмен болуы мүмкіндігін алға тартады. Олардың пікірінше, жаһанданудың басты мақсаты – дамудың біркелкілігіне жету. Мысалы, бір елде жаңғыртылған іс екінші елде артта қалып қоюы жан-жақты тиімсіз. Егер бірнеше ел компьютер жүйесінің бір бағдарламасын ұстанып, екінші бір елдер екінші бағдарламасын ұстанса, олар бір-біріне қиюласпаса, байланыстың қай түрі болмасын қиындайтыны сөзсіз.
Жаһандану – халықаралық қатынастарды біркелкілендіру. Халықаралық конвенциялар жүйесі қалыптасып, оған түрлі елдер мүше болып кіретін, соған сәйкес өздеріне түрлі міндеттемелер алып, құқықтарға ие болу – жаһанданудың нәтижесі.
Қазақстан мемлекетінде өзге ұлттардың да мәдениетінің өркендеуіне баса көңіл бөлінгені жөн. Жаһандастыру да жергілікті мәдениетті сөзсіз бағындырып алуды немесе жойып жіберуді мақсат етпейді, бірге дамуды ұсынады. Компьютер бағдарламаларының ұлт тілінде сөйлеуі, интернет жүйесінде ұлт тіліндегі сайттардың пайда болуы осыған дәлел.
1-тапсырма. Мәтіннен ғылыми-көпшілік терминдерді табыңыз.
2-тапсырма. Мәтінде келтірілген мәселеге байланысты өз ойыңызды ортаға салыңыз.
3-тапсырма. Мәтін бойынша түсінігіңізді баяндаңыз.
4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
1.... дегеніміз не ?
2. Орыс ғалымы В.М. Межеуов ... - деп атап көрсетеді.
3. Жаһандану – біркелкілендіру.
4. Қазақстан мемлекетінде .... баса көңіл бөлгені жөн.
5. Компьютер бағдарламаларыны..... осыған дәлел.
Үндестік заңы (буын, ерін)
Қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстар бір-бірімен үйлесіп құралады. Бұл үйлесім жеке сөздердің ішінде де, түбір мен қосымшалардың аралығында да, тіпті сөйлем ішіндегі сөздердің арасында да болады. Мұны ғылым тілінде үндестік заңы (уподобление звуков) дейді.
Бұл қазақ тілінде дауысты дыбыстардың арасындағы үндесу (синграмонизм) және дауыссыз дыбыстардың арасындағы үндесу (ассимиляция) (үндесу заңы) деп аталады.
Сингармонизм заңы – сөз ішінде, сөздер аралығында және түбір мен қосымшалардың арасында дауысты дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы.
А) Қазақ сөздері жуан дауысты дыбыстан не буыннан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жуан болуы керек. Мысалы,
бағдарлама+шы+лар+ға
ұя-шық+тан
Ә) Қазақ сөздері жіңішке дауыстылардан, не буындардан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жіңішке болуы керек. Мысалы,
тақта-ның
түйме-ше+лер+дің
Бұлардан басқа есте мықты ұстап, сөзді қатесіз, өз үйлесімімен айту үшін қолданылатын сингармонизм заңы бар. Мәселен, сөздің басында еріннің қатысуымен айтылатын о,ө, ұ, ү ерін дауыстылары келсе, олардан кейін келетін езулік дауыстыларға жақындап айтылады, бірақ ол жазуда сақталмайды. Мысалы, орын-айтуда: орұн; өзен – айтуда: өзөн; күрек-айтуда: күрөк. Сөйтіп, о дыбысынан кейін келген ы дыбысы айтуда ұ-ға жақындап айтылады; ал е ө-ге, і ү-ге жуықтап айтылады. Жазуда бұлар алғашқы қалпында жазып, айтқанда соңғы жазылғандай етіп айту керек.
Ықпал (ассимиляция) – дауыссыздарда болатын үндестік заңы. Бұл заңдылық бір сөз ішінде, түбір мен қосымшалардың аралығында, тіпті бүтіндей сөйлем ішінде сақталуға тиісті заң. Қазақ тілінде мұның екі түрі бар: ілгерінді (ғылым тілінде прогрессивті) ықпал және кейінді (регрессивті) ықпал.
Ілгерінді ықпал
(Прогрессивная ассимиляция)
а) Егер түбірдің соңғы дыбысы ұяң (звонкие) ж, з болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да ұяң болып келеді. Мысалы, қыз+дар, қаз+дар т.б.
ә) түбірдің соңғы дыбысы қатаң (глухие) және орыс тілінен енген сөздердегі б, в, г, д дыбыстарына аяқталып тұрса, оған жалғанатын қосымшалар да қатаң дыбыстардан басталады: университет+ке, студент+пін т.б.
б) Түбірдің соңғы дыбысы дауысты (гласные) не үнді (сонорные) болып келсе, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы көбінесе ұяң (звонкие) не үнді болып келеді: оқытушы+ға, инженер-ге, бағдарламашы+мын т.б.
Кейінді ықпал
(Регрессивная ассимиляция)
Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п дыбыстарының біріне аяқталып, жалғанатын қосымша дауысты дыбыстардың бірінен басталса, оған қ ғ-ға, к –г-ге, п б-ге айналып кетеді.
Мысалы, ұяшық + ы – ұяшығы
қорап +ы – қорабы
жүрек +і - жүрегі
Бұл құбылыс сөз тіркестерін айтқанда да, біріккен сөздердің аралығында да байқалады. Айтуда болмаса, жазуда бұл ескерілмейді. Мысалы, керек екен (айтылуы: керегекен), ақ ешкі (ағешкі) т.б.
5-тапсырма. Төменгі сөз және сөз тіркестерінен буын үндестігін табыңыздар.
Жаһандану, әлемдік қауымдастық, ұлттық мемлекеттер, аймақтар, тәуелділік, жалпыға ортақ, саяси, мәдениет, ережелері, бір жүйе, бағдарламалар, ғарышты игеру, бүкіләлемдік сауда ұйымы, туристік ұйым, әлемдік ұйым, әлемдік қаржы, кедергі, ақпараттар, қаржылық, біртұтас, кеңістік жүйесі, жаһандану үрдісі, нарықтық жүйе, халықаралық қатынастар, біркелкілендіру.
6-тапсырма. Төменгі сөздердің жуан, жіңішкелігін анықтап, қосымша жалғаңыз.
Университет, факультет, республика, президент, турист, агент, заңгер, компьютер, техника.
$$$003-001-002$3.3.1.2 №1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Жаһандану дегеніміз не ?
2. Жаһандану біздің елде қалай жүріп жатыр ?
3. Жаһандану кезінде қоғам дамуы қандай жағдайда болады ?
&&&
$$$003-002-000$3.3.2 Практикалық сабақ №2
Білім де бәсекеге түседі. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
&&&
$$$003-002-001$3.3.2.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Сабақ мақсаты:
Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
-
Бүгінгі таңдағы білім мен ғылымды бағыттау және халыққа білім беру реформаларынан мағұлмат алу;
-
Сөздің тура ауыспалы мағынасы тақырыбынан өткенді қайталау және кәсіби тәжірибеде қолдану.
Әдістемелік нұсқау
Білім де бәсекеге түседі
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізіне сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.
Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.
Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.
Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек. (Егемен Қазақстан газеті, 2008 ж).
1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз.
Ғылымды бағыттау, басты нышан, халықтың болашағы, білім беру, басты талап, білім беру реформасы, ғылым мен мәдениет, алтын қор, білімді болу, қабілет, ғұламалар, дарын, зейін, ақыл-ой, жауапкершілік.
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі құбылыс. Осымен байланысты сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады.
Сөздің айтушы мен тыңдаушыға ортақ мәндегі бір ұғымды білдіруі оның тура мағынасы деп аталады. Ол кейде сөздің негізгі мағынасы түрінде де атала береді. Мысалы, адам, қол, шөп, кел т.б. осы сияқты сөздерді жеке алғанда да, сөйлем ішінде үнемі білдіретін ортақ мағынасын келтіруге болады.
Сөздің ауыспалы мағынасы деп оның тура мағынасынан дамып, өрбіп кейін қосылған мағыналары аталады. Мысалы, Сен менің оң қолымсың (ты моя правая рука), қолы жеңіл (легкая рука), үйдің қабырғасы (стена дома) т.б.
2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құраңдар. Орыс тіліне аударып, сөздің мағыналарына назар аударыңдар.
Қалың (киім, дәптер, бет), суық (су, сөз, қару, хабар), қара (қарындаш, ниет, жүрек), адал (қызметкер, ас, жүрек, дос).
3-тапсырма. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.
-
Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы студент, жақсы өмір.
-
Терең сай, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім.
-
Долы, дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңіз.
4-тапсырма. Мақалдарды оқып, ауыспалы мағынадағы сөзі бар мақалдарды теріп жазыңдар.
Ғаламның шырағы – күн, адамның шырағы – білім. Сөз де кілт, көңіл құлпын ашады. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы. Адал достық алтыннан қымбат.
* * *
Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген сөз.
Әл-Фараби
Шын білім – әрдайым ақиқат, анық болатын білім.
Әл-Фараби
Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді.
Ә.Жами
Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді.
М.Горький
&&&
$$$003-002-002$3.3.2.2 №2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Білім қалай бәсекеге түседі ?
2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек ?
3. Білімді болу деген не ?
4. Жас мамандар қандай болуы қажет ?
$$$003-003-000$3.3.3 Практикалық сабақ №3
Ақпарат. Диалект және кәсіби сөздер.
&&&
$$$003-003-001$3.3.3.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
Сабақ мақсаты:
Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
-
ақпарат тақырыбында жаңа білімдерді игеру;
-
Диалект сөздер мен кәсіби сөздерден өткенді қайталау.
Әдістемелік нұсқау
Ақпарат
Ақпарат термині арабтың хабар сөзінің (ахбар) көпше түрі, яғни қазақша баламасы “хабар беру, түсініктеме, баяндама”. Ал орыс тіліндегі «информация» термині латын тілінен (“information”) енген.
Ақпарат дегеніміз – адамдардың, жануарлардың, электронды машиналардың бір-бірімен алмасатын әртүрлі мәліметтер.
Кибернетика – ақпарат, басқару, байланыс туралы ғылым. Кибернетика ғылымы XX ғасырдың ортасында пайда болған. Оның заңдарын алғаш рет американдық ғалым Норберт Винер (1894-1964) жазды.
Ақпаратты кодтау – әртүрлі кодтарды пайдалана отырып, кез-келген ақпаратты жазып алып, есте сақтап, жібере алады.
Кодтар – қандай да бір белгілерді қалай пайлану керектігі туралы ереже. Белгілердің түрлері көп: әліппенің әріптері, сандар, бағдаршамның түстері, нүкте және сызықшалар т.б. Әлемдегі қоршаған туралы ақпарат біздің санамызға еніп, жүйке импульстары ретінде кодталған.
Ақпаратты сақтаушы құралдар – дискілер, компакт-дискілер, флешкалар.
Компакт-диск - оның беткі қабаты миллиондаған майда бөліктерден тұрады. Компьютер құралдарының бірі лазерлі сәуле осы бөліктерден өтеді. Кейбір бөліктер лазерлі сәулені көрсетеді, кейбір бөліктері көрсетпейді. Осылайша сигналдар пайда болады. Бұл сигналдар компьютердің жүйесіне түсіп, оның жұмысын басқарады. Сосын дискіде жазылған музыка қосылады.
Сигналдардың осы екі түрі дискіге кез-келген дыбыстарды, бейнелерді, кинофильмдерді жаза алады.
Ақпараттар санының көп не аз екенін өлшеуге болады. Өлшеудің бірлігін бит деп атайды.
Бит – ақпараттың ең аз саны. Ақпараттың 8 биті байт деп аталады. Бұл битке қарағанда ең ірі бірлік. Бір байтпен кез-келген әліппедегі әріптерді, сандарды кодтауға болады. 1024 байтты – килобайт, 1024 килобайтты –мегабайт, 1024 мегабайтты – гигабайт деп атайды. 1 гигабайтты компакт-дискіге көптеген кітаптарды, мәтіндерді суреттерімен енгізуге болады.
Жаңа сөздерді жаттаңыз.
мәлімет - сведения
ақпарат туралы ғылым - наука об информации
басқару - управления
байланыс - связь
ақпаратты сақтаушы құралдар – носители информации
жүйе -система
|
лазерлі сәуле – лазерный луч
жүйке импульстары – нервный импульс
майда бөліктер - крохотные участки
бейнелер - изображения
компьютер құралдары – устроиства компьютера
оның беткі қабаты – его поверхность
|
1-тапсырма. Берілген мәтіннің негізінде диолог құрастырыңыз?
Диалект және кәсіби сөздер
(Слова диалекты и профессиональные слова)
Тілде сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне қарай: жиі қолданылатын сөздер (актив лексика), сирек қолданылатын сөздер (пассив лексика) деп бөледі. Алғашқы топқа жалпыхалықтық лексикадағы, барлығымызға түсінікті сөздер кірсе (мектеп, қала, көше, кітап, қол), сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсіби сөздер мен терминдер кіреді.
Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді диалект сөздер дейміз. Диалект сөздердің басым көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, шалбар – сым (оңтүстікте), денелі – жоян (шығыста), орындық – тақ (солтүстік облыстарда). Диалект сөздердің фонетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері болады.
Бәдірен-әгүршік – қияр (огурец);
Бақыр –шелек (ведро);
Шыны, пиала – кесе (чаша для чая);
Шақпақ, күкірт, шырпы – сіріңке (спичка) т.б.
Белгілі бір кәсіп, шаруашылық саласы адамдарына ғана түсінікті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады.
Балық аулау кәсібіне байланысты сөздер (слова связанные с рыболовным ромыслом): табан (лещь), шортан (щука), бекіре (осетр) т.б.
Ауыл шаруашылығына байланысты сөздер (слова связанные с сельским хозяйством): шабу (косить), шалғы (коса), орақ (серп), мал жаю (пасти скот), қой қырқу (стрижка овец) т.б.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
Ақпарат термині арабтың ..... сөзінің (ахбар) көпше түрі Кибернетика – ақпарат, басқару, байланыс туралы ......Өлшеудің бірлігін ..... деп атайды. Ақпараттың 8 биті ...... деп аталады. Әлемдегі қоршаған туралы ақпарат біздің санамызға еніп, ........ретінде кодталған. Компакт-диск - оның беткі қабаты миллиондаған ..........тұрады. 1 гигабайтты компакт-дискіге көптеген ..........суреттерімен енгізуге болады.
3-тапсырма. Достарыммен әңгімелесіп, олардың істейтін кәсібіне байланысты термин сөздерді жинастырып жазыңыздар.
4-тапсырма. Компьютерді меңгерудің өз келешектерің үшін қандай пайдасы бар?
* * *
Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға қулау жолдасы келіп:
- Қожеке, мына бір затты қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, ешкім білмейтін бір түске бояп беріңізші, - дейді.
Қожанасыр бұл қалжыңды түсіне қояды да:
- Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет, - дейді.
- Қашан келейін, - дейді жолдасы қулығын асырдым деп мәз болып.
- Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, - дейді сонда Қожанасыр.
&&&
$$$003-003-002$3.3.3.2 №3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Ақпарат термині қай тілден енген ?
-
Ақпарат дегеніміз не?
-
Кибернетика қандай ғылым ?
-
Ақпаратты сақтаушы құралдарды атаңыз ?
-
Ақпараттар саны немен өлшенеді ?
&&&
$$$003-004-000$3.3.4 Практикалық сабақ №4
Ақпараттық жүйе. Жалпылама қолданылатын терминдер мен сөздер.
&&&
$$$003-004-001$3.3.4.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
Сабақ мақсаты:
Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
-
Ақпараттық жүйе құрылымын топтастыру, жаңа сөздермен танысу;
-
Жалпылама сөздердің қолдану аясын анықтау, терминдерді қолданыс аясына талдау жасау.
Әдістемелік нұсқау
Ақпараттық жүйе
Ақпарат жүйесі дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік сала.
Ақпарат жүйесін келесі ішкі кластарға бөлуге болады:
-
ақпараттық-анықтамалық жүйелер;
-
ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;
-
ақпараттық-қадағалаушы жүйелер.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.
Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.
Ақпаратты-қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз байланысты. Автоматтанған ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу үрдісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басты рөлді компьютер алады.
Жаңа сөздерді жаттаңыз.
жаңарту – обновление
өңдеу - правка
ақпараттық-анықтамалық жүйелер – информационно-справочная система
ақпараттық-қадағалаушы жүйелер - информационно-контрольная система
|
тығыз байланысты – тесно связано
ақпаратты өңдеу үрдісінде – в процессе обработки информации
автоматты түрде – атоматический
техникалық құралдар – технические средства
|
Достарыңызбен бөлісу: |