«20-30 жылдардағы идеологиялық күрес және Сәкен Сейфуллин» деп аталған үшінші бөлімде партиялық топшылдықтың, мәдениет пен әдебиеттегі ахуал мен тартыстың С. Сейфуллинге әсері, оның Жазушылар одағындағы қызметі, жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырауы баяндалған.
1923 жылы 28 қаңтарда Орынборда Ахмет Байтұрсыновтың 50 жасқа толған мерейтойы өтіп, оны С. Сейфуллин өзі ашып жүргізді. «Еңбекші қазақ» газетіне мақала жариялап ұлы ғалымның ағартушылық қызметін әділ бағалап, халыққа танытты. Осы әрекеті «байшылдықтың», «ұлтшылдықтың» көрінісі, коммунистік идеяға жат деп бағаланды. Кейіннен 1923 жылы наурызда РК (б) П қазақ облыстық ІІІ партия конференциясында С. Сейфуллинге «ұлтшыл» деген ат таңылып, қазақ коммунистерінің арасында ұлтшылдық элементтері бар делінді. С. Сейфуллин Н. Нұрмақов, А. Асылбеков, С. Меңдешев т.б. қазақ коммунистерімен бірге РК (б) П ОК-інің өкілі Е.Ярославскийге хат жолдап, жалған айыптауға тосқауыл қоюға, өршітпеуге тырысты. Қайраткердің ұлт мәселесіндегі ұстанымы алаш зиялыларының бағытынан алшақ кеткен жоқ. С. Сейфуллин қазақ халқы үшін ең қауіптісі отаршылдық пен өзімшілдік екендігін, орыс коммунистерінің арасында мұндай пиғылдың әлі де сақталып отырғанын атап көрсетті. Оның ойынша қазақ елін өркендетудің жолын ұлттың тұрмысын, шаруашылық ерекшеліктерін, дәстүрін білетін қазақтардан басқа ешкім таппақ емес. Сондықтан ең алдымен жергілікті ұлт өкілдеріне сеніммен қарау керектігін батыл айтып, өзара түсіністіктің, түсінуге тырысушылықтың болмауынан солақай басшылар мен қоздырушылар ойлап тапқан «ұлтшылдық» деген аңызды жоққа шығарды. Бұрынғы отаршылдық саясаттың пролетарлық отаршылдықпен алмастырылып отырғандығын әшкереледі.
ХХ ғасырдың 20-30 - жылдарында мәдениет пен әдебиеттің дамуына 1925 жылы 18 маусымда РК (б) П ОК-нің «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты туралы» және БК (б) П ОК-нің 1932 жылдың 23 сәуіріндегі «Әдебиет пен көркем өнер ұйымдарын қайта құру туралы» қаулылары ықпал етті. Осы кезден бастап мәдениет пен әдебиет коммунистік идеологияға бағынды. С. Сейфуллин 1925 жылы құрылған Қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясына басшылық жасап, жас қазақ қаламгерлерін ұйымға тарту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау жұмыстарын белсенді жүргізді. Әдебиеттің саясатқа телінуі қазақ қаламгерлері арасында әдеби сын-айтысты өршітті. Деректерден С. Сейфуллиннің жеке басының, шығармаларының орынды, орынсыз сындарға ұшырағаны анықталды. Егер 20-жылдардың басында ұлттық нақышқа, терең ойға құрылған шығармалары үшін «ұлтшыл», «түрікшіл» атанса, 20-жылдардың соңы мен 30-жылдарда оған партия-кеңес қызметкерлері Ә. Лекеров, Х. Жүсіпбеков, І. Қабылов, сыншы Ғ. Тоғжановтардың тарапынан «ескілікті көксейді», «пролетар жазушысы емес», «партия жолына қайшы «оңшыл бағытты» ұстанады» деген айып тағылды.
1930 жылдың 12 сәуірінде БК (б) П Қазөлкекомы партияның ұжымдастыру саясатын түсіндіріп, кемшіліктерді жою үшін өлкеком мүшелерін, басшы қызметкерлерді ауылдарға жіберу туралы қаулы қабылдады. Қарақұм көтерілісін тоқтатуға жіберілетін мемлекеттік комиссияның құрамына Жангелдин, Сейфуллин, Мүсірепов, Тыспаев, Жүсіповтер кірді. Комиссия мүшелері халықтың талап-тілектеріне түсіністікпен қарап, көтерілісті бейбіт жолмен тоқтатуға тырысты. Атап айтқанда: халыққа тұрмыстық жағынан азық-түлік, қажетті бұйымдар, дәрігерлік көмек көрсетілді, орынсыз тәркіленген мал-мүліктері қайтарылды. Комиссия жұмысының басты жемісі - көтерілістің себебі мемлекеттің күштеу саясатынан туып отырғандығы жайында батыл қорытынды жасалды. Алайда мұндай қорытынды Ф. Голощекинге ұнамады, комиссия мүшелерін ұлтшылдар деп айыптап, көтерілісшілер аяусыз жазаланды. Сөйтіп С. Сейфуллин ел басына түскен сын сағатта әділдікті жақтап, халық мүддесі жағында тұрды, кеңестік жүйенің сойылын соғушы емес, өзіндік пікірі бар тұлға екендігін дәлелдеді. Сол уақытта қазақ жазушылары ел басына түскен нәубетті көре тұра айтуға батылы бармады. Қасіретті жылдар тек С. Сейфуллиннің шығармаларында ғана көрініс тапты. Өзінің «Қызыл ат», «Біздің тұрмыс» шығармаларында ұжымдастыру науқанының еріктілік қағидасын бұзып жүргізілгенін, бұрмалаушылық әрекеттерді, голощекиндік саясаттың халыққа әкелген зорлық-зомбылығын, қызмет басындағылардың өрескел қылықтарын, төрелікті батыл сынады.
С. Сейфуллин 1929 - 1934 жылдарда КазПИ-дегі оқытушылық қызметі кезінде ғалымдық, зерттеушілік қырынан да танылды. Қазақтың көне әдеби мұраларын зерттеп жинақ етіп шығару, оқулықтар жазу арқылы халықтың рухани қазынасынан ажырап қалмауына үлес қосты. Идеологиялық қысымға қарамастан Ш. Құдайбердіұлының шығыс ақындарынан аударған «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын бастырып «Дастанды қазақшаға аударған белгілі ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы» - деп жазды. 1937 жылы қуғыннан оралған Мағжан Жұмабаевқа көмек беріп, бауырмалдық танытты.
1937 жылдың 24 қыркүйегінде С. Сейфуллин «халық жауы» деген айыппен тұтқындалды. 1937 жылы КСРО-да Сталиннің айтуымен қаптап кеткен халық жауларын түбіне дейін жою белгіленді. Сондықтан жалған ақпарлар жасалып, қазақ зиялыларын ойдан шығарылған «Кеңес өкіметіне қарсы Орталықтағы оппозициялық топтың» іс-әрекетімен байланыстырды. Бұл топтың жетекшілері Рысқұлов, Нұрмақов, Қожанов, Құлымбетовтер болған. 1928 жылдан Қожановтың ұсынысымен С. Сейфуллин аталған ұйымға кірген және оның құрамына жаңа адамдарды тартып, әдебиетте зиянкестік жұмыстар жүргізіп БК (б) П мен Кеңес өкіметінің басшыларын өлтіруді дайындауға қатысқан. 1922 жылдан бастап әдебиетте троцкистік бағытты ұстанып, троцкисшілермен байланыс жасаған делінді. 1938 жылы 25 ақпанда Алматы қаласындағы КСРО Жоғарғы Соты көшпелі әскери коллегиясының жабық мәжілісінде С. Сейфуллиннің қылмысты ісі қаралды. Сот Сейфуллиннің қылмысты ісін айғақтау әрекеті бітті деп санап, «атылсын» деген үкім шығарды. Сөйтіп, өзінің бар саналы ғұмырын Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен мәдениетінің дамуына арнаған азаматтың өмірі қиылды.
1957 жылы 30 наурызда КСРО Жоғарғы Соты коллегиясының шешімімен Сәкен Сейфуллин толық ақталды.
Қорытындыда диссертациялық жұмыстың әрбір бөлімі және оның бөлімшелеріне қатысты ғылыми тұжырымдар мен қорытындылар беріліп, қолданыс жағы көрсетілді.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласындағы саяси өзгерістердің С. Сейфуллиннің саяси көзқарасының айқындалуына ықпалы көрсетіліп, Ақмола депутаттар кеңесінің мүшесі, оқу комиссары болғандағы атқарған шаралары оның ұстанған мақсатының іске асуының бастамасы, қоғамдық қызметінің, қайраткер ретінде танылуының алғашқы баспалдағы ретінде тұжырымдалды. С. Сейфуллиннің 1920 жылдан кейін Қазақ ОАК-нің мүшесі, Ағарту халкомы орынбасары, Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы қызметіндегі еңбегі, қайраткерлігі қарастырылған кезеңдегі республиканың әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуімен, ағарту саласындағы, қазақ тілінің қанат жаюындағы өзгерістермен үйлестіріле тұжырымдалды. С. Сейфуллиннің кеңестік билік орындарымен және әр түрлі бағыт ұстанған топшылдармен қарым-қатынасы күрделі кездің өзінде-ақ мемлекет ісін қазақ халқының талап-тілегіне лайықтап жүргізгені, партия жолына көзсіз сенбегені, кеңестік биліктің Қазақстандағы жүргізген реформаларына, ұлт саясатын іске асырудағы ұстанымдарына қарсылығы дәлелденді. Қайшылықты өмірінде С.Сейфуллин өзінің шын азамат екенін, көздегені жеке басының қамы емес, қазақ елінің өркендеуі болғандығын танытты.
Сонымен, жұмыс нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады:
-
С. Сейфуллин 1920-1924 жылдары Қазақ Автономиясының өркендеп, нығаюы үшін зор үлес қосқан үкімет басшысы;
-
Ол – Қазақстандағы ағарту ісін ұйымдастырып, дамытуға ерекше күш салған қайраткер;
-
С. Сейфуллиннің қазақ елінің болашағын ана тілінің өрісінің кеңеюімен байланыста қарап, қазақ тілінің өмірге енгізілуі үшін жасаған еңбегі үлкен.
-
С. Сейфуллин – қазақ әдебиеттану ғылымына өзіндік үлес қосқан ғалым.
-
С. Сейфуллиннің қайраткерлігінің бір қыры – оның Қазақ Республикасының шекаралық, территориялық тұтастығының қалпына келтіру жолындағы міндетін абыроймен атқаруында;
-
С. Сейфуллиннің өз басының мақсатынан туған халқының мақсатын жоғары қойып халқына қылған өлшеусіз қызметі, ұстанымдары мен принциптері бүгінгі күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшы қызметкерлері үшін Тәуелсіз елімізді өркендету жолында үлгі алар өнеге, басшылыққа алатын қағида болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. - 296 б.
-
Мұқанов С. С.Сейфуллиннің 20 жылдық жазушылық еңбегіне арналған баяндамасы // Қазақ әдебиеті.-1936. - 21июль. №28.
-
Ысмайылов Е. Сәкен поэзиясы // Әдебиет майданы. - 1936.-№5. - 68 б.
-
Әуезов М. Шыншыл, тәкаппар ақын // Қазақ әдебиеті.-1936.-12 июль.
-
Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин (творчестволық жолы). - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962. - 442 б.
-
Ысмайылов Е. Ақын және революция. - Алматы: Қазакадембаспасы, 1964. - 344 6.
-
Елеуов Т. Қазақстанда Совет өкіметі қалай орнады. - Алматы: Қазмембас, 1957. - 209 б.; Елеуов Т. Қазақ аулында Совет өкіметінің орнауы және нығаюы (1917-1920 жж). - Алматы: Қазақстан, 1967. - 229 б.; Нұрпейісов К. Қазақстан советтерінің бірінші құрылтай съезі. - Алматы: Қазақстан, 1970. - 107 б.; Нұрпейісов К. Қазақстанның шаруалар советтері (1917-1919 жж). - Алматы: Ғылым, 1972. - 346 б.; Бейсембаев С. Ленин және Қазақстан (1897-1924 жж). - Алматы: Қазақстан, 1970. - 223 б.
-
Кәкішев Т. Қызыл сұңқар. - Алматы: Қазақстан, 1968. 287 б.; Кәкішев Т. Сәкен Сейфуллин (Өнегелі өмір). - Алматы, 1976. – 320 б.; Кәкішев Т. Дала дауылпазы. Ғұмырнама. - Алматы: Қазығұрт, 2005. - 408 б.; Кәкішев Т. Мағжан мен Сәкен. Ғылыми эссе. - Алматы: Қазақ университеті, 1999. - 449 б.; Кәкішев Т., Ахмет Садыққызы К. «Тар жол, тайғақ кешудің» тағдыры: Көмекші оқу құралы. - Алматы: Санат, 1997. - 224 б.; Кәкішев Т. Ескірмейді естелік. - Алматы: Жазушы, 1994. – 432 б.
-
Қамалиева К. Сәкен Сейфуллиннің ағартушылық қызметі. - Алматы: Мектеп, 1983. - 94 б.; Камалиева К. Сакен Сейфуллин - видный деятель народного образования и просвещения. - Алма-Ата: Мектеп, 1969. - 98 с.
-
Әдебиет - заман айнасы // Қазақ әдебиеті.-1992. - 9 қазан. - 10 б.
-
Қозыбаев М. Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар // Егемен Қазақстан.-1994. - 12 тамыз.
-
Қозыбаев М.Қ., Алдажұманов Қ.С., Әбілқожин Ж.Б. Қазақстандағы күшпен коллективтендіру: қорлық пен зорлық. - Алматы, 1992. - 36 б.
-
Абсеметов М. Сакен Сейфуллин - Председатель Совета Народных Комиссаров Казахстана (г.Оренбург, 1922-1924 гг.). - Астана: 2006. - 416 с.
-
РФ ОО ММ. 284 -қ. 1-т. 107-іс. 1 – 4-пп.
-
Сейфуллин С. Шығармалар жинағы. - Алматы: Қазығұрт, 2004. 1. Т. Тар жол, тайғақ кешу. Роман-эссе, 2004. - 456 б.
-
Сахара сұңқары (Мемлекет және қоғам қайраткері, жаңа заманғы әдебиет көшбасшысы С.Сейфуллинге арналады). – Алматы, 2004. – 406 б.
-
ҚР ОММ 30-қ. 1-т. 348-іс. 29- п.
Диссертация тақырыбы бойынша жарық көрген мақалалар тізімі
1 Сәкеннің ақындық, азаматтық сипаты жайында М.Әуезов көзқарасы // М. Әуезовтың туғанына 110 жыл толуына арналған ҮІ Әуезов оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы: М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты баспасы, 2007.-Б.178-188.
2 Жаңа әліпби және С. Сейфуллин. // 2008 жылғы 16-17 мамырдағы Бәсекеге қабілетті Қазақстан: «мәселелер мен шешімдер» атты Көкшетау университетінің 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Көкшетау университеті, 2008.-Б.358-362.
3 Қазақ тілінің қамқоршысы. // профессор Қ. Қожабаевтың 70 жасқа толуына арналған 2008 жылы 20-21 маусымда өткен «ХХ ғасыр: білім беру проблемалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2008.-Б.43-48.
4 Сәкен Сейфуллиннің үкімет басшысы ретінде ауыл шаруашылығын көтерудегі ролі. // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – Алматы.-2008. - №3 (50). - 183-187 бб.
5 Сәкен Сейфуллин және мәдениет саласындағы ахуал. // ҚарМУ хабаршысы. Тарих. Философия. Құқық сериясы. – Қарағанды.-2008. - №4 (54).-Б.33-39.
6 Сәкен Сейфуллин және Ақмола, Семей облыстарының Қазақ Кеңестік Автономиялық Республикасына қайтарылуы. // Отан тарихы.-2009. - №2 (46)-Б.89-100. (К.С. Алдажұмановпен бірге жазылды).
7 Сейфуллин және «сейфуллиншілдік». // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – Алматы.-2009. - №3-(54).-Б.208-213.
РЕЗЮМЕ
Касимова Сауле Суюндыковна
Общественно-политическая и государственная деятельность Сакена Сейфуллина (1894-1938 гг.)
Диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 – Отечественная история
(История Республики Казахстан)
Объектом исследования является общественно-политическая, государственная, культурно-просветительская деятельность поэта, писателя, выдающегося государственного и общественного деятеля С. Сейфуллина.
Предметом исследования является оценка места и роли С. Сейфуллина в отечественной истории и исследование его вклада в общественно-политическое, государственное, культурно-просветительское развитие Казахстана.
Актуальность темы исследования. До сих пор общественно-политическая и государственная деятельность С. Сейфуллина как сторонника Советской власти оценивалась в соответствии с требованиями советской идеологии. О его деятельности, направленной на защиту интересов казахского народа, не упоминалось, не был раскрыт образ патриота своей нации. После получения Казахстаном независимости исследование его деятельности стали приобретать все большую актуальность. Изучая общественно-политическую и государственную деятельность С. Сейфуллина, мы получаем возможность осмысления и оценки изменений в общественно-политическом и культурном развитии Казахстана в 20-30-е годы ХХ века.
Цели и задачи исследований: На основе широкого круга источников проанализировать общественно-политической и государственной деятельности С. Сейфуллина.
- Достижение обозначенной цели предусматривает решение следующих задач:
- выявить основы формирования политических взглядов С. Сейфуллина;
- рассмотреть деятельность С. Сейфуллина по объединению казахских земель в составе Казахской Автономии;
- осветить основные принципы и взгляды С. Сейфуллина в период его работы в правительстве Казахстана, а также оценить его вклад в развитие народного хозяйства республики;
- проанализировать вклад С. Сейфуллина в организации учебно-просветительской деятельности Казахстана;
- проанализировать работу С. Сейфуллина по подготовке национальных кадров и его вклад в развитие казахского языка в качестве государственного;
- на основе впервые вводимых в научный оборот архивных документов показать взаимоотношения С. Сейфуллина с партийной и советской номенклатурой;
- на основе анализа творчества и государственной деятельности С. Сейфуллина определить его позиции и взгляды в 20-30-е годы ХХ века;
Методологическую основу диссертационной работы составили как общенаучные (диалектические, логические, проблемные), так и специальные – историко-генетические, историко-сравнительные, проблемно-исторические научные методы. Использование данных методов исследования дает возможность раскрыть значение личности в определенный исторический период, при этом объективность исследования является главным критерием.
Научная новизна диссертации. Впервые дана объективная оценка общественно-политической и государственной деятельности С. Сейфуллина, как выдающегося государственного и общественного деятеля на основе архивных материалов, впервые вводимых в научный оборот. Показана роль и значение С. Сейфуллина в объединении и формировании целостности казахских земель в составе Казахской АССР, определении современных границ Республики Казахстан. Анализируются позиция и значение личности С. Сейфуллина на посту главы правительства. Показана значимость просветительской деятельности. Исследуется вклад С. Сейфуллина в становление и развитие просвещения в Казахстане, в повышение статуса казахского языка в качестве государственного. Определяются взгляды С. Сейфуллина на реформы и национальную политику советского государства в 20-30 годы ХХ века.
Хронологические рамки исследования охватывают 1894-1938 годы.
Положения, выносимые на защиту:
1. Уроки восстания 1916 года, слабость власти Временного правительства, социальное несправедливость в казахском обществе и в противовес провозглашенная Советской властью свобода всех угнетенных народов способствовали тому, что С. Сейфуллин перешел на сторону Советской власти. Благодаря доверию народа, Сейфуллин в 1920 году принял участие в I Всеказахском съезде Советов, был назначен на руководящую должность в государственном управлении.
2. С. Сейфуллин в качестве члена Чрезвычайной Комиссии обосновал необходимость включения в состав Казахской Автономии Акмолинской и Семипалатинской областей. В период национально-территориального размежевания Средней Азии в качестве главы правительства внес огромный вклад в объединение Сырдарьинской и Жетысуйской областей в составе Казахской Автономии.
3. Начиная с 1923 года С. Сейфуллин активно участвовал в становлении и развитии отраслей отечественной экономики, налоговой и кредитной системы, в организации финансовой поддержки сельского хозяйства, стабилизации ярмарочной торговли.
4. С. Сейфуллин – один из организаторов Казахского просвещения. В период его руководства увеличилось финансирование на нужды просвещения, выросло число школ, особенно казахских, проводилась работа по ликвидации неграмотности. Началось формирование системы профессиального образования, подготовка учительских кадров. Одним из важных направлений деятельности С. Сейфуллина было участие в издании школьных учебников.
5. С. Сейфуллин рассматривал расширение сферы применения казахского языка в качестве главного условия становления национальной независимости. Разработал конкретные пути реализации «Декрета о ведении делопроизводства на казахском языке» и внедрения делопроизводства на казахском языке. Новаторством С. Сейфуллина можно считать его деятельность по подъему статуса казахского языка как в формировании национальной идеи, так и в последующем развитии казахской государственности.
6. С усилением тоталитарной политики большевиков обострилась борьба с представителями национальной интеллигенции, для которых одной из главных была идея национальной независимости. С. Сейфуллин явился одним из таких представителей казахской национальной интеллигенции, который выступал в 30-е годы ХХ века против ужесточения тоталитарных методов руководства, политики сплошной коллективизации, что явилось основанием для обвинении его в «национализме» и «алашордизме».
7. В условиях жесткой идеологизации всех сфер жизни советского общества, в том числе литературы и культуры, С. Сейфуллин первым в казахской литературе писал о голоде 1930-х годов, об административно-командной системе и бюрократизме.
Научно-практическая значимость исследования заключается в том, что достигнутые научные результаты изучения общественно-политической и государственной деятельности С. Сейфуллина в 1920-1930-е гг. Могут быть использованы при составлении курса лекций по новейшей истории Казахстана, при проведении семинарских занятий и факультативов, а также в рамках патриотического воспитания казахстанской молодежи. Материалы диссертации могут быть использованы при составлении методических пособий и рекомендаций по соответствующим темам школьного курса истории Казахстана.
Структура диссертационной работы состоит из обозначений и сокращений, введения, трех разделов, заключения, списка использованной литературы и приложений.
SUMMARY
Kassimova Saule Suyundykovna
Social - political and state activity of Saken Seifullin
(1894-1938)
Dissertation on competition of scientific degree of Candidate
of Historical Sciences on specialty – 07.00.02 - Native History
(History of the Republic of Kazakhstan)
The object of the dissertation research is the social-political, state, cultural-elucidative activity of a poet, writer, prominent statesman and public figure S. Seifullin.
The subject of the research is appreciation of a place and role of S. Seifullin in Native History and investigation of his contribution to the social-political, state, cultural-elucidative development of Kazakhstan.
Actuality of the research. Life and activity of social-political statesman S. Seifullin as a supporter of Soviet government has been evaluated in accordance with the demands of the Soviet ideology so far. It has not even been mentioned about his activity for the interests of Kazakh nation; his image of the nation patriot has not been revealed. After Kazakhstan obtained its independence researches of S. Seifullin’s activity became more actual. Investigating social-political and public life of S. Seifullin we get an opportunity to comprehend and evaluate changes in the social-political and cultural development of Kazakhstan in the 20-30s of the 20th century.
Aim of the research is to analyze social-political and state activity of S. Seifullin based on numerous sources.
In order to achieve the pointed aim the following tasks have been placed:
- to classify the formation basis of S. Seifullin’s political views;
- to analyze S. Seifullin’s activity in unification of the Kazakh lands into Kazakh Autonomy;
- to highlight S. Seifullin’s main principles and views during his work in the Kazakhstan government, and to assess his contribution to national economy development;
- to analyze S. Seifullin’s input into the organization and educational-elucidative activity of Kazakhstan;
- to analyze his work and achieved results on preparation of the Kazakh specialists and on development of Kazakh language as a state language;
- to show S. Seifullin’s relations with Party and Soviet nomenclature based on archive materials which have been taken no notice of before;
- to define S. Seifullin’s position and views during 20-30s of the 20th century based on analysis of his creative and state activity.
Methodological basis of the research formed of both general scientific (dialectic, logical, problem) and special (historical-genetic, historical-comparative, problem-historical) scientific methods. Using these research methods gives us an opportunity to expose person’s importance during definite historical period; thus the objectivity of the research is the main criteria.
Scientific novelty of the dissertation research. For the first time it has been given an objective evaluation of S. Sefullin’s social-political and state activity as a prominent public figure and a statesman on the basis of the archive materials newly introduced into circulation. It is being described S. Seifullin’s special role in the unification and formation of Kazakh lands integrity constituting Kazakh ASSR, in the determination of the current borders of the Republic of Kazakhstan. It is being analyzed a position and a work in the realization of a state important business as a government head. It is being proved a huge work in the educational-elucidative sphere, in the state status rising and achievement of the official level of Kazakh language. It is being defined S. Seifullin’s views on the reforms and national policy of Soviet state in the 20-30s of the 20th century.
Chronological frameworks of the research include a period of 1894-1938.
Points submitting for thesis defense:
1. Rebellion in 1916, weakness of Contemporary government power, injustice in the Kazakh society and freedom for all oppressed peoples declared by Soviet government encouraged S. Seifullin to join Soviet government. Due to people’s trust in 1920 S. Seifullin was invited to the 1st All-Kazakh congress and got a higher state position.
2. S. Seifullin while being a member of Extraordinary Commission justified the necessity of joining Akmolinsk and Semipalatinsk regions to Kazakh Autonomy.
While being the head of the government during national-territorial delimitation in the Middle Asia he made a great contribution to unification of Syrdarya and Zhetysu regions to Kazakh Autonomy.
3. Since 1923 S. Seifullin took active participation in formation and development of national economy, tax and credit systems, in organization of financial support to agriculture and trade-fair stabilization.
4. S. Seifullin was an organizer of a nation-elucidative activity in Kazakhstan. Under his guide as a result of constant increase of the government outlay on elucidative activity it has increased a number of schools including Kazakh schools. The work on population illiteracy removal started moving up. It has been formed a system of professional education; it has been founded educational establishments on teachers’ staff preparation. One of the main trends of S. Seifullin’s activity was participation in school books publishing.
5. S. Seifullin considered enlargement of Kazakh language usage as the main condition of national independence. He proposed the effective ways for implementation of “Decree for conducting record management in Kazakh” and implementation of record management in Kazakh. S. Seifullin’s innovation is his activity on increase of Kazakh language status in national idea formation as well as in further Kazakh nationality development.
6. Struggle against the national intellectuals who considered national independence as one of the main ideas has intensified with increase of Bolsheviks totalitarian policy. S. Seifullin was one those Kazakh intellectuals who appeared against government totalitarian methods and policy of collectivization in the 30s of the 20th century and that was the reason to accuse him in “nationalism” and “alashordizm”.
7. S. Seifullin was the first among Kazakh writers who wrote about hunger in the 30s of the 20th century and administrative command system under strong ideology of all aspects of soviet people lives.
Scientific-practical significance of the research is stipulated for that the achieved results of the social-political and state activity of S. Seifullin in the 20-30s of the 20th century can be used while drawing up lecture courses on Kazakhstan modern history, at the seminars and optional subjects as well as for patriotic upbringing on Kazakhstani youth. Dissertation materials can be used for drawing up study guides and recommendations on relevant topics of Kazakhstan history course for schools.
Structure of the dissertation work consists of a list of definitions and abbreviations, introduction, three chapters, conclusion, bibliography and appendixes.
Басуға 25.02.2010 ж. қол қойылды. Пішімі 6084 1/16. Офсеттік қағазы.
Көлемі 1,5 ес.-б.т. Таралымы 100 дана. Тапсырыс № 334.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ баспасының баспаханасында басылып шықты
100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
Достарыңызбен бөлісу: |