«аспазшы» КӘсібіне ӛндірістік оқыту



Pdf көрінісі
бет3/62
Дата20.01.2023
өлшемі2.7 Mb.
#468569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
1.«Аспазшы» мамандығына өндірістік оқыту 4 бөлімді, 1-бөлім. Оқу құралы

1 

5 4 
4 




1.2 сурет. Картоптазалағыш машина МОК-350 
№2 операция. Кӛкӛністерді тазалау. Көкөністерді картоп 
тазалағыш машина МОК-350 (1.2 сурет) көмегімен немесе «ОС» таңбалы 
пышақтарды қолдана отырып қолмен тазалайды. Жұмыс орны – белгілі бір 
операцияларды орындау үшін бейімделген өндірістік шеберхананың бөлігі. 
Ол қажетті жабдықтармен жəне құралдармен жабдықталған. Машинада 
жұмыс басталар алдында жүктеме шұңқырының болуын тексеріп, жүктеу 
камерасының есігін жабады. Құрылғыны қосып, су құбырындағы 
клапанды ашып, суды құрылғыға жібереді. Картоп не тамыржемістер
машина есептелген көлемде, камера ішіне шұңқыр арқылы жүктеледі, 
мысалы МОК-350, 20 – 22 кг. Үлкен жүктеу кезінде түйнектер 
қанағаттанарлықтай өңделмейді жəне электр қозғалтқышы шамадан тыс 
жүктеледі. Машинаның жұмысы кезінде технологиялық процесті бақылау 
керек. Шуыл пайда болғанда жəне айналмалы диск тоқтап қалған жағдайда 
машинаны сөндіру керек. Жұмыс циклі аяқталғаннан кейін жүктеу 
астауының астына ыдыс қойылып, сумен жабдықтау тоқтатылады жəне 
есік ашылады. 
Жұмысты аяқтағаннан кейін 
машина 
желіден 
ажыратылып, 
тазартылады. Жұмыстың ұзақтығы қабықтың күйіне байланысты 
анықталады: жас түйнектер – 2 мин., ескірген, солып қалған картоп 
– 
5 мин. өңделеді. Машинаны пайдалану барысында тазалау 
сапасын тексеру үшін түйнектерді алуға қатаң тыйым салынады. 



Пайдалы кеңес 
– 
Тазартылған көкөністерді дымқыл матамен жапса, қарайып кетпейді. 
 
№3 операция. Кӛкӛністерді кесу. Көкөністерді МРО-350 көкөніс 
кесу машинасының көмегімен немесе «ОС» таңбалы пышақпен 
механикалық түрде кеседі. Құрал-саймандар жұмысшының оң жағында, ал 
өңделетін өнім – сол жағында орналасады. МРО-350 көкөніс кесу 
машинасы көкөністерді 8 түрлі əдіспен кесуге арналған. Машинаны қоспас 
бұрын ауыстырылатын жұмыс элементтері мен қолмен итергіш 
құрылғылары орнатылады. Диск пышағы мен қол құрылғысының 
арасындағы саңылау реттеу сомыны арқылы орнатылады. Жүктеу 
тесіктерінің біреуіне өнімдерді жүктейді, «бастау» түймесін басады жəне 
жүктелген өнімді итергішпен айналмалы жұмыс элементіне итереді. 
Өнімді өңдегеннен кейін «тоқтату» түймесін басыңыз, жұмыс камерасын 
алынбалы пышақтармен бірге шығарып, машинаны тазалайды. 
Көкөністерді кесу əдемі көрініспен қамтамасыз етіп, дəмді 
жақсартатын, біркелкі термиялық өңдеу үшін қажет. 
Түйнекжемістер мен тамыржемістерді кесудің екі формасы бар: 
қарапайым жəне күрделі. Қарапайым 
– 
кең таралған түрлері (1.3 сурет): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет