«аспазшы» КӘсібіне ӛндірістік оқыту



Pdf көрінісі
бет6/62
Дата20.01.2023
өлшемі2.7 Mb.
#468569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
1.«Аспазшы» мамандығына өндірістік оқыту 4 бөлімді, 1-бөлім. Оқу құралы

 
Өндірістік тапсырма 
 
10 порция «Украин» борщін дайындау үшін картопты өңдеңіз 
жəне таяқшалап кесіңіз. Маусымды ескере отырып, борщ жасау үшін 
пайдаланылатын көкөністердің қалдықтарын есептеңіз. 
ҚЫРЫҚҚАБАТ ЖӘНЕ ПИЯЗ КӨКӨНІСТЕРІН 
МЕХАНИКАЛЫҚ АСПАЗДЫҚ ӨҢДЕУ 
 

№2 НҰСҚАУ КАРТАСЫ 
 
Материалды-техникалық жабдықтау
Жабдық: MРO-350 көкөніс кесу машинасы, өндірістік үстелдер. 
Қҧрал-саймандар: аспаптар, ыдыс-аяқтар: кастрүлдер, аспаздық 
пышақтар мен «ОС» белгісі бар кесетін тақтайшалар, қасықтар. 
Технологиялық операциялардың реттілігі
№1-операция. Жҧмыс орындарын ҧйымдастыру, кӛкӛністерді 
сҧрыптау, жуу және тазалау. Қырыққабат жəне пияз көкөністерін 
алғашқы өңдеу көкөніс цехында өндіріледі. Көкөністер алғаннан 
кейін жұмыс орнын ұйымдастыру керек: аспаптар, құрал-саймандар 
оң жағынан, ал өңделген өнім сол жақта орналасқан. Өңдеу 
жүргізіледі. 
Ақшыл, қызыл және савой қырыққабатынбірдей өңдейді: өзегін 
кесіп тастайды, ластанған жəне бұзылған жапырақтарды алып 
тастайды. Жуады. Гүлді қырыққабаттың бастарын кесіп тастайды
жасыл жапырақтарды алып тастайды, бастың қарайған жəне 
бұзылған бөліктерін кесіп тастайды. Ластанған беті үккішпен 
тазартылады 
немесе 
пышақпен 
қырылады. 
Жуылады. 
Жұлдызқұрттарды алып тастау үшін қырыққабатты суық тұзды суға 
(1 литр суға 40-50 г тұз) 20-30 минутқа салып қояды. Содан кейін 
қырыққабат қайтадан жуылады. 
Басты пияздың түбі мен мойнын кесіп, құрғақ жапырақтарын 
алып тастайды, көздің шырышты қабығын тітіркендірмеу үшін 
пиязды суық суға салады. Қолданар алдында пияз жуылады. 
Порей пиязының түбі, сарғайған жапырақтары мен сабақтың
жоғарғы жасыл бөлігі алынып тасталады, қалған бөлігі өн бойына 
кесіліп, жуылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет