Астана қаласы 26 маусым 2014 жыл Журналистер арасындағы республикалық «Нұр Сұңқар»



Дата04.03.2016
өлшемі34.71 Kb.
#41383


Астана қаласы 26 маусым 2014 жыл
Журналистер арасындағы республикалық «Нұр Сұңқар» конкурсының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 2014 жылдың 26 маусымында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Astana Music Hall мейрамханасында жыл сайынғы «Нұр Сұңқар» республикалық байқауын қорытындылаудың салтанатты рәсімі өтті. Биылғы жылы «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі байқаудың ұйымдастырушылары болды.
Ашылу салтанаты рәсімінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, биылғы жылғы «Нұр Сұңқар» сыйлығына деген ықыластың зор болғанын айтты.

«Бүгінгі күні бірде-бір тарихи шешім мен бірде-бір реформаның БАҚ –та насихатталып және талқылануынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында «жауапты азаматтық қоғам» мемлекеттің демократиялық дамуының факторы ретінде белгіленген. Біз азаматтық бастамалардың дамуы, қоғамдық бірлестіктердің кең мағынадағы диалогы, қоғамдық бақылауды нығайту үшін жағдай жасауымыз қажет», - деп атап өтті Б.Байбек.

Өз кезегінде сөз алған ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев «Соңғы он жылдың ішінде Қазақстан медианарығында бірнеше оң өзгерістер болып жатыр: біз сандық эфирлік теледидарды іске қосудамыз, отандық телеарналарымызда өз өнімдеріміздің бағдарламалары көбеюде. Әр жаңа кезең сайын бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясы тартымды болып барады. Сондықтан да қазақстандық медиа әрі қарай да бәсекеге қабілеттілігін дамытып, контентінің сапасын арттыра түсуі керек» екенін тілге тиек етті.

Биылғы жылы еліміздің барлық аймағынан «Нұр Сұңқар» байқауына қатысуға ниет білдірген 221 өтініш келіп түсті. Байқауға Елбасы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған міндеттердің жүзеге асырылуын, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдықтарын, «Нұр Отан» партиясы Доктринасының қағидаларын, сондай-ақ партиялық бастамаларды жан-жақты көрсеткен еңбектер қабылданды. Конкурс комиссиясының бірінші кезеңінің нәтижесінде 114 жұмыс іріктеліп алынды.


Жеңімпаздарға 7 аталым бойынша сыйлық табыс етілді:

  1. «Сөз шебері» аталымы – ең үздік газет журналисі - Сүлеймен Мәмет, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы;

  2. «Ерекше пікір» аталымы - ең үздік телевизиялық журналист - Майя Бекбаева, «Жетінші канал» телеарнасы «Другими словами» сараптамалық қорытынды бағдарламасының жүргізушісі;

  3. «Медиа-профи» - аталымы – ең үздік ақпараттық агенттік журналисі - Анара Базмухаметова, «Bnews.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы;

  4. «Аймақ айнасы» аталымы – ең үздік өңірлік корреспондент - Гүлзина Бектас, «Айқын» газеті руханият, әлеумет бөлімінің редакторы;

  5. «Көзқарас» аталымы бойынша – ең үздік блогер болып - Өркен Кенжебек пен Яков Федоров танылды;

  6. «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін» аталымы - Нұржан Мұхамеджанова, Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрайымы;

  7. «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін» аталымы - Ольга Цой, «Хабар» телеарнасының шеф-редакторы және «Жеті күн» бағдарламасының жүргізушісі».

Әр аталым бойынша 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.


Сондай-ақ салтанатты рәсім үстінде ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің «Ақпарат саласының үздігі» төлбелгілері табыс етілді. Құрметті белгінің иегерлері болғандар:

  1. Иса Қазыбек - «Қазақ үні» газетінің бас редакторы;

  2. Лейла Қазиақпарова – жүргізуші, «Астана» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі;

  3. Зарина Бахтиева - «Казконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;

  4. Наталья Абсалямова - «Экспресс К» газетінің арнайы тілшісі;

  5. Юрий Тё – «Хабар» агенттігі АҚ техникалық дирекциясы Бейнемонтаж бөлімінің бастығы;

  6. Максим Попов – Астана қаласындағы «Tengrinews.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі;

  7. Мейіржан Жиенали – «РТРК «Қазақстан» АҚ ақпараттық бағдарламалар дирекциясы «Апта KZ» бағдарламасының жүргізуші-редакторы;

  8. Вячеслав Пащенко - «Interfax.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы;

  9. Александр Аксютиц - «24KZ» телеарнасының директоры;

  10. Қошан Зарлы - «Қазақ радиосының» әдеби жүргізушісі.

Өткен шараға республикалық және аймақтық БАҚ бас редакторлары мен журналистері, баспасөз хатшылары, мемлекеттік ұйымдар өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен ҚР Парламентінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясының мүшелері қатысты.



www.nurotan.kz; www.twitter.com/Nur_Otan; www.facebook.com/nurotan.kz;

http://instagram.com/nur_otan; http://www.flickr.com/people/99240259@N06/;



e-mail: press@nurotan.kz тел: +7 7172 55-55-63, +7 7172 55-55-96




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет