БҰҰ Әйелдер гильдиясының қолдауымен қайырымдылық базары өтті
2014 жылғы 28 қарашада Вена қаласындағы Аустрия орталығында БҰҰ-ның Әйелдер гильдиясының қолдауымен өткізілген қайырымдылық базарының ашылу салтанаты болып өтіп, іс-шараға Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдіктер, Аустрияның мемлекеттік органдарының өкілдері, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шарты ұйымының Атқару хатшысы Л. Зерба және БҰҰ Әйелдер гильдиясының президенті В. Прочазка қатысты.
БҰҰ қайырымдылық базарына Қазақстанмен қатар БҰҰ-ға мүше мемлекеттер қатысты. Қазақстан базар қонақтары - аустриялық азаматтар мен БҰҰ-ның веналық бөлімінің персоналына - кәдесыйлар, қолөнер бұйымдары және базарға келушілердің сұранысында болған ұлттық тағамдар ұсынды. Көпшілік ҚР туралы ақпараттарға қызығушылық танытып, қазақстандық астананың көріністері бейнеленген суреттер мен ұлттық музыка компакт-дискілерін сатып алды. Қатысушылардың назарын сондай-ақ «Астана ЭКСПО - 2017» баннерлері тартты. Қазақстан Тұрақты өкілдігі кәдесыйлар, қолөнер бұйымдары және ұлттық тағамдарды сатудан түскен қаражатты БҰҰ Әйелдер гильдиясы қорына тапсырды.
29 қарашада БҰҰ қайырымдылық базары өз жұмысын аяқтады.
БҰҰ Әйелдер гильдиясы 1967 жылы құрылған. Қазіргі таңда гильдияның жүз мемлекеттен бес жүзден астам мүшесі бар. Гильдия жыл сайын «Ең жақсысы барлық балалар үшін» айдарымен БҰҰ қайырымдылық базарын ұйымдастырады. Қайырымдылық базары барысында түскен барлық қаражаттар мүше мемлекеттердегі балалар мен аналардың жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаларды қолдауға жұмсалады. БҰҰ қайырымдылық базары маңызды имидждік іс-шара болып табылады, Қазақстанның қатысуы басқа мемлекеттердің өкілдеріне қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрі туралы көбірек мәлімет алуға мүмкіндік береді.
В Вене состоялось открытие благотворительного базара ООН под эгидой Женской гильдии ООН
28 ноября 2014 года в Австрийском центре г.Вена состоялось открытие благотворительного базара ООН под эгидой Женской гильдии ООН, в котором приняли участие постоянные представители при международных организациях в Вене, представители государственных органов Австрии, Исполнительный секретарь Организации Договора о всеобъемлющем запрещении ядерных испытаний Л.Зерба и президент Женской гильдии ООН В.Прочазка.
В благотворительном базаре ООН участвовали государства-члены ООН, включая Казахстан. Гостям базара – австрийским гражданам и персоналу Венского отделения ООН – Казахстан представил сувенирную продукцию, изделия прикладного творчества и национальную кухню, пользовавшиеся спросом у посетителей базара. Многие интересовались информацией об РК и приобретали открытки с видами казахстанской столицы и компакт-диски с национальной музыкой. Внимание посетителей привлекали баннеры «Астана ЭКСПО – 2017». Все средства, вырученные от продажи сувениров, изделий прикладного искусства и кулинарных блюд, были переданы Постпредством Казахстана фонду Женской гильдии ООН.
29 ноября благотворительный базар ООН завершил свою работу.
Женская гильдия ООН была основана в 1967 году. В настоящее время гильдия насчитывает более пятисот членов из ста стран. Гильдия ежегодно организует благотворительные базары ООН под девизом «Лучшее будущее для всех детей». Все средства, получаемые в ходе благотворительных базаров, направляются на поддержку проектов по улучшению положения детей и матерей в государствах-членах. Благотворительный базар ООН является важным имиджевым мероприятием, участие Казахстана дает возможность представителям других стран больше узнать о богатой культуре и традициях казахского народа.
Достарыңызбен бөлісу: |