Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы желтоқсандағы



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі433.42 Kb.
#7804
  1   2   3   4


Астана қаласы әкімдігінің

2010 жылғы ___ желтоқсандағы

______ қаулысымен



бекітілген


Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының

2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Астана, 2010 жыл
МАЗМҰНЫ
1. Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының миссиясы мен айымы..............................................................................................................................3
2. Ағымдағы жай-күйді талдау және экономика саласын дамыту тенденциясы...........................................................................................................................3
3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері .......................................................................6
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері

1-стратегиялық бағы............................................................................................................6


3.2. Басқарманың стратегиялық бағыттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі .................................................................................................10
4. Басқарманың функционалдық мүмкіндіктерін дамыту ............................................11
5. Ведомствоаралық қарым - қатынас .............................................................................12
6. Тәуекелдерді басқару ...................................................................................................13
7. Бюджеттік бағдарламалар ............................................................................................15
7.1. Бюджеттік бағдарламалар .........................................................................................15
7.2. Бюджеттік шығыстарды жинақтау ..........................................................................17

1-бөлім. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының миссиясы мен пайымы.
Миссиясы. Әлеуметтік-экономикалық саясатты, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру және қаланың бәсекеге қабілеттілігінің сапалы деңгейі мен тұрақты экономикалық өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін бюджет қаражатын тиімді қолдануды қамтамасыз ету.

Пайымы. Қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлаудың және болжаудың тиімді жүйесі.
2-бөлім. Қала экономикасы дамуының ағымдағы жай-күйін талдау және тенденциялары.

1-стратегиялық бағыт. Елорданың экономикалық өсуін арттыру.
1.2 Негізгі даму параметрлері.

2007-2009 жылдар кезеңінде қала экономикасының даму серпінінің талдамасы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің шамалы өсуін көрсетеді. Солай, 2009 жылы жалпы өңірлік өнімнің өсімі 2007 жылмен салыстырғанда 21,1% және 2008 жылмен салыстырғанда 6,3% құрды. Қаланың ЖӨӨ үлесті салмағы жалпы республикалық көлемде 8,9%-дан 8,1%-ға дейін төмендеді.

Қала экономикасының негізін бұрынғыша сауда, көлік, құрылыс, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар құрайды.

ЖӨӨ құрылымы кейбір өзгерістерге шалдықты. Солай, егер 2007 жылы қаланың ЖӨӨ салмақты үлесін – 22,3 % құрылыс саласы иеленсе, 2009 жылдың қорытындылары бойынша ЖӨӨ құрылымында ең жоғары үлесті салмаққа жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар ие (23,2%).

Құрылыс саласы Астана қаласының ЖӨӨ бесінші бөлігін құрайтындықтан және қала дамуына әлеуетті мультиплициялық әсер тигізгендіктен бұл саладағы көрсеткіштердің төмендеуі экономиканың басқа секторларында төмендеуге әкелді және оның салдарынан халықтың өмір сүру деңгейіне ықпалын тигізді.

Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі Үкімет бағдарламасымен көзделген қаланың жылжымайтын нарығында жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдаған мемлекеттің белсенді позициясына байланысты тұрғын үй нарығындағы жағдай уақтылы үйлестірілді.

Бұл тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру қарқынының баяндауына жол бермеді. 2009 жылы 1,3 млн. ш.м. алаң енгізілді, бұл 2008 жылдың деңгейіне 3,9% өсімді құрды.

Астана өнеркәсібінің құрылыс саласына бағдарлануы да (құрылыс материалдарын шығару) көрсеткіштерінің күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Осыған байланысты, 2009 жылғы қорытындылар бойынша өнеркәсіп секторында кәсіпорындар 98,8 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, табиғи көлем индексі 95,2% құрайды.

Есепті 2009 жылы негізгі капиталға 368,2 млрд. теңге инвестиция құйылды, бұл 2008 жылдың деңгейінен 23,6% төмен. Негізгі көздері болып бюджет қаражаты – 203,8 млрд. теңге (55%) және қарыз қаражаты – 83,2 млрд. теңге (23%) табылды, жеке қаражат пен шетел инвестициялардың үлесіне сәйкес 77,9 млрд. теңгені (21%) және 3,3 млрд. теңгені (1%) құрды.

Тұрақты кәсіпкерлік сектор – ол қала экономикасының негізі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезінде қала экономикасында шағын және орта бизнестің дамуының оңтайлы тенденциясы байқалады, бұны бюджетке төленетін салықтық түсімдер дәлелдейді. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2007-2009 жылдар кезеңінде 8 262 бірлікке ұлғайды және 2009 жылдың қорытындысы бойынша 74 718 бірлікті құрды, шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім мөлшері 1,15 есеге артты.

Жыл қорытындылары бойынша инфляция жоспарлы аралықта сақталып, 6,5% (2008 ж. - 10,7%) құрды, сонымен қатар, азық-түлік тауарларына арналған баға 2008 жылмен салыстырғанда барлығы 1,1% (2008 ж. – 13,2%) қымбаттады. Сонымен қатар, азық-түлік емес тауарларға арналған бағалар мен ақылы төлемдер 10,2 (5,8) және 11,1 (11,8) пайызға ұлғайды.

Астана қаласының 2009 жылғы бюджетінің кірісі 282 200,6 млн. теңгені немесе 91,4 % құрады, жылдық болжам 308 916,7 млн. теңге, оның ішінде жеке кірістер 65 305,6 млн. теңгені немесе 92,5 % құрады, жылдық болжам 70 620,8 млн. теңге. Жеке кірістердің жалпы сомасы үш санат бойынша түсімдерден құралды:



млн. теңге

Санат атауы

2009 жылға түзетілген бюджет

2009 жылғы нақты-лық

% орындалу

Ескерту

Жеке кірістер, барлығы:

70 620,8

65 305,6

92,5




Салықтық түсімдер

55 899,1

60 130,6

107,6




Салықтық емес түсімдер

1 725,6

2 082,8

120,7




Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

12 966,1

3 092,2

23,8

Қаржылық дағда-рысқа және екінші деңгейлі банктердің жылжымайтын мүлік сатып алуға несиелік лимиттердің қысқа-руына байланысты жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдердің тез төмендеуі байқалады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет